билет «Доктрина»



бет2/12
Дата23.06.2023
өлшемі19,74 Kb.
#103277
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2-Билет
1)«Ирридента», «диаспора» терминдеріне анықтама беріңіз.
Ирредента - этностың өз тарихи отанында тұрып, алайда ол аумақ түрлі себептерден өзге елқұрамына енген соң, қалған өкіл этностық азшылықты сезеді. Мысалыға ирреденткеҚазақстанменшекаралас Ресей аудандарында , Баян-Өлгей аймағында және Моңғолиядағы,Қытайдың Қазақ автономиялық уездерінде, Өзбекстандағы тұратын қазақтар жатады.Диаспора - халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі/тобы.Қазақстан аумағынан тыс 5 млн.астам қазақтар бұрынғы КСРО-ның 14 мемлекетінде жәнеәлемнің 25 елінде тұрады. Олардың 700 мыңнан астамы типтік диаспораны білдіреді.

2)Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз.
Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саясижағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы,Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізіндетоптасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі,материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығыболған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да,кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесінегізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оғанқазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені,кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ.көптеген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақхалқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасупроцесінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудыңтерриториясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалықторабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты.Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы менОңтүстік – Шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысыарқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады

3)«Заманауи қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің бұлжымас ережелерінен толықтайбас тарту, идеологиясыздандыру, өмір құбылыстарынатарихи тәсілді тереңдету,алдыңғы қатарға ұлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақжазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде». Сіз бұл тұжырымменкелісесіз бе? Өз жауабыңызға бірнеше дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Ия, мен бұл көзқараспен келісемін.1990-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басындағыҚазақстан әдебиетін постмодернистік батыстық эксперименттерді әдебиетте ұғыну және олардықазақ әдебиетінде пайдалану әрекеттері деп сипаттауға болады. Сондай-ақ белгілі және аз танымалқазақстандық авторлардың көптеген шығармалары жаңаша түсініле бастады. Мектепбағдарламасына қазіргі қазақ жазушылары мен ақындарының, атап айтқанда ТыныштықбекӘбдікәкімовтің шығармалары енгізілді. Қазіргі кезде Қазақстан әдебиеті өзінің мүмкіндіктері менмүдделерін ескере отырып, жаңа мәдени үрдістерді бойына сіңіріп, дамыта отырып, жалпыәлемдік өркениет контекстінде дамуын жалғастыруда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет