2 Энергетиканың геоэкологиялық аспектісі. Энергетика адамның қарқынды əрекетінің жемісі. Энергияны қолдану арқылы табиғиресурстарды өңдеу, шығару, транспорт, ауыл шаруашылығы, жылу беру, білім, медицинаның дамуы қарқынды жүруде. Қазіргі кезде қоғам мен цивилизацияның дамуы энергетиканың дамуымен байланысты.
Энергия халықаралық экономикада маңызды тауар. Энергетиканың ғаламдық, стртегиялық мəселелері дүние жүзілік экологиялық проблемалармен байланысты. Кедейлік, азық-түліктің жетіспеушілігі, ауыз судың тапшылығы, денсаулық жəне тазалықтың жағдайы, қалаларда ауаның сапасы, климттың өзгеруі, экосистеманың дағдарысы, ядролық қақтығыстың болуы жəне т.б.
8 билет 1 Геоэкология туралы түсінік. Геоэкология – жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Қазіргі кезде Геоэкологияның алдына қойған міндеттері: 1) ландшафтты сауықтыру, яғни табиғи ландшафтта әр түрлі аурулардың таралуы нәтижесінде болатын адамның науқастану қаупін жоюға бағытталған шараларды белгілеу; аурулардың табиғи ошақтарын зерттеу; ауру қоздырушы және таратушы түрлердің (микроорганизмдер, вирустар, т.б.) экологиясын зерттеу және оны қорғау; 2) бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру, яғни адамның іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарынан, ландшафттың бүлінген бөліктерін халық шаруашылығына пайдалануға қайтару, т.б. Бұл үшін бүлінген және шаруашылық айналымнан шығарып тасталған жер алқаптарын – шымтезек (торф) өндірілген шұңқырларды, террикондарды (шахталардың жанындағы бос жыныс үйінділер) және кен байлықтарын ашық әдіспен алу кезінде пайда болған үйінділерді, шұңқырларды рекультивациялауды; мал жаю нәтижесінде пайдалануға жарамай қалған жайылымдарды, эрозияға ұшыраған топырақ жамылғысын, тозған топырақтардың құнарлылығын, антропогендік факторлар әсерінен бүлінген суқоймаларын қалпына келтіруді; бүлінген (ағаштары жаппай кесілген, өртенген, т.б.) орман алқаптарына жаңадан ағаштар отырғызу.