2) Техникалық су және оның сапасына қойылатын талаптар. Фармацевтикалық өндірістегі су. Техникалық су-өндірістік мақсатта қолданылатын су.Бұл су орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі арқылы беріледі, ауызсуға, тамақ дайындауға және халықтың басқа да тұрмыстық қажеттіліктеріне арналмаған және тамақ өнімдерін өндіруге пайдаланылмайды.
Қойылатын талаптар:
•рН мәні 6,0-ден 9,0 (қоса алғанда).
•Жалпы минералдану (құрғақ қалдық) 4,5г/дм3 артық емес
•Жалпы қаттылық-7,0 мЭкв/дм3 артық емес
•Нормативтерге сәйкес металдардың,хлоридтің,сульфаттың мөлшерлері •Мөлдірлілік(прозрачность)
•Иістің болмауы
Су фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын негізгі шикізаттардың бірі болып табылады,ол көмекші зат ретінде болуы мүмкін немесе қолдануға арналған препараттарды дайындау үшін, синтездеу процесінде, дайын өнімдерді өндіру кезінде немесе ыдыстарды тазалау (жуу) үшін тазартқыш ретінде қолданылады. Әртүрлі фармацевтикалық қолданбаларға байланысты судың әртүрлі санаттары қажет.Фармацевтикалық мақсаттағы су ҚР Фармакопеясында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің фармакопеяларында көзделген талаптарға сәйкес болуы керек. ҚР Фармакопеясында келесі санаттардағы суға қойылатын талаптар бар:
а) тазартылған су;
б) жоғары тазартылған су;
в) инъекцияға арналған су.
Тазартылған су микроорганизмдердің қайта ластануынан, көбеюінен және таралуынан қорғалуы керек. Қолдану аймақтары сумен жабдықтау жүйесі туралы ақпарат негізінде тәуекелді бағалау негізінде анықталады.Ион алмасу, кері осмос, ультрафильтрация және (немесе) электродеионизация әдістерімен, сондай-ақ ауыз судың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін суды айдау арқылы өндірілген
Жоғары тазартылған су инъекцияға арналған су сапасының талаптарына сай болуы керек (соның ішінде бактериялық эндотоксиндердің шекті деңгейлері), бірақ жоғары тазартылған суды дайындау үшін қолданылатын процесс әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары тазартылған су микроорганизмдердің қайта ластануынан, көбеюінен және таралуынан қорғалуы керек.Жоғары тазартылған суды өндірудің заманауи әдістеріне басқа қолайлы әдістермен бірге екі сатылы кері осмос жатады (мысалы, ультрафильтрация және деионизация).
Инъекцияға арналған су ішкі қолдануға арналған препараттарды өндіруде еріткіш ретінде қолданылады. Бұл су фармацевтикалық қолдану үшін ең жоғары сапалы болып табылады.Сумен жанасатын бөліктері бейтарап шыныдан, кварц шынысынан немесе қолайлы металдан жасалған жабдықты пайдаланып айдау арқылы тазартылады. Сондай-ақ екі сатылы кері осмос әдісін қолдануға болады.