билет Өнеркəсіптік су дайындау. Оларды тазалау әдістері


) Шикізат базасы жəне химия өнеркəсібінің бастапқы заттары



бет8/21
Дата27.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#130403
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
2) Шикізат базасы жəне химия өнеркəсібінің бастапқы заттары.
Химиялық өнеркәсіпте шикізат ретінде 80-нен астам элементтер қоспасы пайдаланылады. Жалпы шикізат дегеніміз- өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланылатын бастапқы табиғи заттар және жартылай өнімдер.
Шикізат- технологиялық процестің ең басты элементі болып табылады.
Химиялық шикізаттарға мынадай талаптар қойылады : - өндірістік процестің аз сатылы болуы ; - процестің ыңғайлы жағдайларда жүруін туғызатын, энергияның аздығынына жеткізетін агрегаттық жағдайының болуы ; келген энергияның аз жоғалуы ; мүмкіндігінше процестің төменгі температурада жүруі ; - реакциялық қоспада көзделген өнімнің ең жоғарғы құрамда болуы.


7-билет
1) Химиялық-технологиялық үдерістегі химиялық реакциялардың жіктелуі.

Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.


Реакцияны жүргізу жағдайы бойынша изотермиялық (Т=const) жəне изотермиялық емес (Т≠const ); тұрақты немесе ауыспалы қысымда; адиабаттық (қоршаған ортамен жылу алмаспау) жəне адиабаттық емес (қоршаған ортамен жылу алмасу) реакциялар болып бөлінеді.


Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гетерофазалы реакцялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Реагенттердің фазалық күйі бойынша гомогенді жəне гетерогенді реакциялар болып бөлінеді.
Реакцияның механизмі бойынша қарапайым, параллельді жəне кезектесіп жүретін реакциялар болып бөлінеді. Бұл реакциялардың барлығы қайтымды жəне қайтымсыз келеді. Қарапайым реакция жүру үшін бір энергетикалық тосқауылдан өту керек. Параллельді реакция кезінде бір бастапқы заттан бірнеше əртүрлі өзгерістер арқылы əртүрлі өнімдер алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет