2) Судың табиғатта таралуы. Өнеркәсіпте суды пайдалану.
Су табиғатта таза күйінде болмайды, онда əртүрлі тұздар еріген түрде болады. Судың жалпы көлемі 1386 млн. км3, ал осы көлемнің ішуге жарамды тұщы суы тек қана 35 млн. км3 немесе 25% құрайды. Жер шарының 70% қабатын мұхит жəне теңіз қоршаған. Тұщы судың 70%-ы мұзда, ал 30%-ы жерасты суында болады.
Табиғи сулар атмосфералық, жер үсті жəне жер астындағы болып жіктеледі.
Атмосфералық сулар – жаңбыр жəне қар сулары құрамындағы қоспалар: оттек, көміртек диоксиді (СО2), күкірт оксидтері, күкіртті су- тек, кейбір органикалық заттар жəне шаң-тозаң. Еріген минерал тұздар болмайды.
Жер бетіндегі сулар – өзен, көлдер, теңіз, мұхит сулары. Су құрамында тұз, газ, негіз, кышқыл жəне т.б. қоспалар бар. Теңіз суында еріген тұз мөлшері 10 г/кг, кейде одан да көп болады.
Жерасты сулары – минералды тұздардың біраз, органикалық заттардың аздаған мөлшері бар артезианды бұрғылау, құдық, бұлақ сулары.
Химия өнеркәсібі суды өте көп тұтынушылардың қатарына жатады. Су химия өндірісінде мынадай бағыттарда пайдаланады: технологиялық мақсаттарға, жылу тасығыш және суытқыш ретінде және шикізат пен әр түрлі химиялық өнім алуда регент ретінде. Су технологиялық мақсаттарда қатты сұйық жэне газ түріндегі заттарды еріткіш ретінде, физикалық және механикалық процестерді жүргізуші орта есебінде (флотация, қатты материалды борпылдақ күйде тасымалдау жэне т.б.), газдарды жуушы сүйық ретінде және әр түрлі заттарға экстрагент жэне абсорбент есебінде қолданыс табады. Су жылу тасымалдағыш ретінде ыстық және бу күйінде және аппараттарды суытқыш агент есебінде де қолданыс табады. Су сутегі, ацетилен, күкірт жэне азот қышқылдары жэне т.б. өндірістерде шикізат жэне реагент қатарында болады.
4-билет
1) Реакция тәртібі және молекулярлығы. Мысалмен
Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына
байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, би- және
үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді. Мысалға қарастыратын болсақ:
мономолекулалы: термиялық ыдырау, яғни бутаннан изобутан алу реакциясы;
изомеризация реакциялары жатады; бимолекулалы реакциялар ең кең
таралған реакция типі болып табылады, оған: сутек пен бромнан бромсутек
алу реакциясы мысал бола алады; тримолекулалы өте сирек кездесетін
реакциялар, мысалы: NO+NO+O2=2NO2 типті реакциялар жатады.
Кинетикалық теңдеудің түрі (химиялық реакция жылдамдығының реагенттер
концентрациясына тәуелділігі) реакцияның реті бойынша жіктеуге мүмкіндік
береді. Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі реагенттердің
концентрацияларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы. Осыған сәйкес
бірінші, екінші, үшінші, бөлшекті ретті реакциялар болады.
2) Каталитикалық риформинг процесі - жоғары температура мен қысымда, арнайы катализаторлардың қолданылуымен сутектік ортада өтеді. Процестің негізгі мақсаты төмен октандық бензиндік фракциялардан автомобильдік, авиациялық бензиннің жоғары октандық компоненттеріналу.Сонымен қатар аса тар бензиндік фракциялар риформингі нәтижесінде органикалық синтез үшін маңызды ароматты көмірсутектерді (бензол, толуол және ксилолдар) алу болып саналады.
Шикізат. Каталитикалық риформинг қондырғысының шикізаты ретінде
ЭЛОУ-АТ қондырғысынан бөлінген
мұнайдың 62-1950С фракциясы
қолданылады. Бұл шикізат 140-1800С
фракциясының бір бөлігін керосинді
гидротазалау қондырғысына беру
арқылы жеңіл фракциялармен
байытылады.
• Дайын өнімдер. Каталитикалық
риформинг процесінің негізгі өнімі
октан саны 96 болатын
бутансыздандырылған катализат. Оны
автокөлік бензиндерінің жоғары
октанды компоненті ретінде
қолданады. Сондай-ақ негізгі өнімдер
қатарына каталитикалық риформинг
нәтижесінде алынатын ароматты
көмірсутектерді де жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |