5-билет
1 )
2 ) Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар.
Шикізат – өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар және жартылай өнімдер.
Шикізатты жіктеу бірнеше белгілер бойынша жүзеге асырылады:
Шығу тегі бойынша:
* Минералды
Жануарлар
Өсімдіктер
Қоры бойынша:
* Сарқылатын
* Сарқылмайтын
Заттың құрамы бойынша:
* органикалық
* бейорганикалық.
Агрегаттық күйі бойынша:
* қатты
* сұйық
* газ тәріздес
Қолданылу аясына қарай:
* тағамдық
* техникалық
Химиялық шикізаттарға мынадай талаптар қойылады:
- өндірістік процестің аз сатылы болуы;
- процестің ыңғайлы жағдайларда жүруін туғызатын, энергияның аз шығынына жеткізетін агрегаттық жағдайының болуы;
- келген энергияның аз жоғалуы;
- мүмкіндігінше процестің төменгі температурада жүруі;
- реакциялық қоспада көзделген өнімнің ең жоғарғы құрамда болуы.
6-билет
1) Химиялық технология туралы түсінік.
Д.И. Менделеев «технология» ұғымына мынадай анықтама берген болатын: Технология - табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары.
«Технология» (грекше «technos» – өнер, кәсіп және «logos» – ғылым, білім) сөзінің шығу тегі де, оның мазмұнына сай келеді: бастапқы затты пайдалы өнімге айналдырып өңдей білу туралы ғылым.
Технология – жүру процестеріне байланысты механикалық және химиялық болып бөлінеді. Механикалық технологияда – материалдың пішіні немесе сыртқы түрі және физикалық қасиеттері өзгеретін процестер қарастырылады. Ал химиялық технология – зат құрамының, қасиеттерінің және ішкі құрылымының түбегейлі өзгеруімен өтетін процестерді қамтиды. Әрине, бұлай бөлу шартты, өйткені материалдың түрі өзгергенде, оның құрамы мен химиялық қасиеттері де жиі өзгереді. Химиялық технология – химиялық және физика-химиялық құбылыстарды пайдалана отырып, заттың құрамын, қасиеттерін, құрылысын түбегейлі өзгертетін өңдеу үрдістері.
Химиялық технологияның ғылыми негізін қалауға үлес қосқан ғалымдар: И.Г.Двигубский, Г.И.Гесс, П.А.Ильенков, кейінірек Д.И.Менделеев, Н.Н.Зинин, Н.Д.Зеленский, И.Н.Каблуков және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |