билет Өнеркəсіптік су дайындау. Оларды тазалау әдістері


-билет 1) Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық



бет5/21
Дата27.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#130403
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1-билет (1) (копия)

3-билет
1) Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық
Химиялық өндірістің және оның процестерінің пайдалылығы мен тиімділігін анықтау үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Көрсеткіштер сипаттайтын сала бойынша олар техникалық, экономикалық және эксплуатациялық болып бөлінеді.
Технологиялық: Өндірістің өнімділігі, жұмсалу коэффициенті, өнім шығымы, айналу дәрежесі, талғампаздық және интенсивтілік.
Экономикалық: Өзіндік құн, өнім сапасы, меншікті капиталдық шығын және еңбек өнімділігі.
Эксплуатациялық: Беріктілік, жұмыс істеу қауіпсіздігі, автоматтандыру және механикаландыру.

  1. Өндірістің өнімділігі (производительность) – бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері: Ө = В / t мұндағы, Ө – өнімділік, В – өнім массасы, кг,т, м3, t – уақыт, сағ, тәул, жыл.

  2. Жұмсалу коэффициенті (расходный коэффициент) – бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың, энергияның, қосымша материалдар шығындарының мөлшерін көрсетеді: β = Q / В мұндағы Q – жұмсалған шикізат, су және т.б. мөлшері (кВт·ч, кг, м3); В – өнім массасы (кг, т, м3).

  3. Өнім шығымы (выход продукта) – мақсатты өнім мөлшерінің оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе нақты өндірілген өнімнің теорияға сәйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы. η = (Gп / Gт) × 100 мұндағы, η – мақсатты өнім шығымы; NR – үдеріс соңындағы R затының өнім мөлшері; NRmax – R затының максималды өндірілуге мүмкін тиіс мөлшері.

  4. Айналу дəрежесі (степень превращения) – бұл химиялық реакцияға қатысқан бастапқы реагенттің үлесін көрсетеді. Х = (NAo - NA) / NAo

NAo - А затының алғашқы мөлшері, NA – А затының нақты осы кезеңдегі мөлшері. Айналу дәрежесі үлес түрінде немесе % – бен өрнектеледі, %-пен өрнектелгенде теңдеуді 100% көбейтеміз.
5)Талғампаздық (селективность) – мақсатты өнім мөлшерінің жалпы алынған өнім мөлшеріне қатынасы: S = NR / ∑NR
Мұндағы, NR – мақсатты өнім мөлшері, ∑NR – жалпы өнім мөлшері.
6) Интенсивтілік. Бірдей үдерістер жүретін құрылысы және өлшемі әртүрлі аппараттардың немесе қондырғылардың жұмысын салыстыру үшін интенсивтілік ұғымы қолданылады. I= Ө/V


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет