2) Сөзжасамдық тәсілдерді атап, мысал келтір. 1) Синтетикалық тәсіл Мысалы: жаңалық, жүлдегер, ақылды, ардагер, айыпкер, сәулетші. 2) Аналитикалық тәсіл Мысалы: үшбұрыш, тікұшақ, көмір қышқылы, ақсақал, те- мірқазық 3) Лексика-семантикалық тәсіл Мысалы: бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, жасау №16 билет 1) Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері туралы өз ойыңызды айтыңыз. Ғылыми шығармадағы заттардың, ұғымдардың, түсініктердің атау- лары неғұрлым объективті түрде және сол зат, ұғым, түсінік туралы санадағы пайымдаулар негізінде беріледі. Мысалы, әлеуметтік-тұр- мыстық қарым-қатынаста аспандағы ай, жарық ай, жаңа туған ай деп айтамыз. Ал егер де ғылыми стильде анықтама беретін болсақ Ай – Жердің серігі, планетаның серігі деп айтамыз. Ғылыми әдебиеттің тілдік құралдары мен стильдік амалдары: а) тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері, кітаби лексика, ғылыми терминдердің қолданылуы; ә) жан-жақты зерттелген мәселені тұжырымдау; б) ойды, нәтижені баяндауда тәжірибе, сараптама қорытындыларының болуы; в) ғылыми дәлелдерге, дәйектер мен нақты түсініктерге негізделуі. 2) Шешен көпшілік алдында сөйлеуде нелерді ескеру қажет? Шешеннің көпшілік алдында өзін-өзі ұстау әдебі мен сыртқы келбеті . Көпшілік алдына шығатын адамның киім киісі, тазалығы, жинақылығы, өзін ұстауы, бет-жүз, дене қимылдарының сөз мазмұнымен үйлесімді болуы да шешен сөзінің мәнін арттырады.
№17 билет 1) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы айтыңыз. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған өзге сөз таптарынан болғанда; Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы затесімнен болғанда; Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз затесімнен не керісінше болғанда Бастауыш пен баяндауыш бір сөздің қайталануынан жасалғанда; Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не сан есімнен жасалғанда; Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш зат есім, есімше, есімдіктен жасалғанда; Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі,алдыңғысы, соңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етіс-тіктен болғанда; Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа мүшесімен шатасып кететін болса; Бастауыш зат есімнен не заттанған сөз таптарынан, баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдерден болса; Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген сияқты сөздер тұрса; Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма сияқты қыстырма сөз тіркестерінің араларына сызықша қойылады