Білге қаған жазбаларының копиясы


Эссе жазуға қалай дайындалу керек?



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі119,7 Kb.
#43760
1   2   3
Эссе жазуға қалай дайындалу керек?
Эссе жазуға үшін мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты:
— «Мен неге және не үшін жазып отырмын?»,
— «Менің жұмысымды кім оқиды?»,
— «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?»,
— «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?»,
— «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?»
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?
— Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
— Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
Оқырмандарды ақпараттандыру;
— Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
— Іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып,өзіңізге де эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді,ал кейбіреулері дәлел және фактілерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін.
Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттарды қажет. Сұрақ және эксперимент те болуы мүмкін.
Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: фактілерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтас-тықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет