Билік ұғымының мәні тұжырымдамалары
Билік- саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады.Билік-адамзат қауымдастығының адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. "Билік" сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:
Ата-аналар билігі.
Мемлекеттік билік.
Экономикалық билік.
Саяси билік.
Әлеуметтік билік.
Құқықтық билік.
Әскери билік.
Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік
1 Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі.
3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.
5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді. Биліктің қызметтері, жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:
1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.
2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.
3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды