9
Күнделікті оқу барысында сабақтың басынан соңына дейін
оқушылардан жауаптар алу мақсатында қолдануыңызға болады.
Таяқша арқылы жауап берген оқушылардың есімі жазылған
таяқшаларды бөлек шығарып отырасыз. Міне, осылай жұмыс соңында
бүгінгі сабақта кімдерді және қанша оқушыңызды қамтығаныңызды
біліп, келесі сабағыңызға жоспар жасайсыз.
Кейде осы әдіс арқылы да қулық жасауыңызға болады.
Сіздің
тарапыңыздан берілген сұрақтың жауабын мысалы:сабаққа көп
қатыспай отырған Айжанды тұрғызып сұрағыңыз келді, бірақ
сыныптағы басқа оқушыларыңыз қол көтеріп отыр.
Осы кезде
оқушылардың есімдері жазылған балмұздақ таяқшаларын таңдау
арқылы сұрайтыныңызды ескертесіз де біреуін таңдайсыз. Таңдаған
таяқшаңызға
Мараттың есімі шықты делік, бірақ сіз көрсетпей
Айжанның есімін айтып жұмысыңызды әрі қарай жалғастыра бересіз.
Топтық жұмыстарда да бұл әдістің көмегі өте көп. Әр топ өз
есімдері жазылған таяқшаларын ортадағы құтыға салып қояды.
Белгілі бір
тапсырманы орындап болған соң, ортадағы таяқшаны
таңдау арқылы сабақ сұрайтыныңызды айтасыз. Осы кезде
оқушылардың арасында «сен айт, мен айтам» деген талас болмайды.
Барлығы дайындалып бірлесе жұмыс жасайды.
Келесі топтың
жұмысына кері байланыс беру үшін де осы бағытпен жұмысты
жалғастыра бересіз.
Достарыңызбен бөлісу: