18
«Аквариум»
Мақсат: оқушыларға проблеманы талқылауға еркін кіруге
және шығуға мүмкіндік береді.
Өткізу кезеңдері:
Оқушылар мұғаліммен бірге екі шеңбер құрады:
сыртқы
(бақылаушылар) және ішкі (белсенді
қатысушылар).
Ішкі шеңбердің мүшелері мұғаліммен
ұсынылған
сұрақты талқылауға белсенді
қатысады. Басқа оқушылар бақылайды
және
олардың қайсысының нұсқасы
қызықтырғанда ғана сөз сөйлейді. Олар
толықтырады, сұрақтар қояды, нақтылайды.
Сонымен қатар оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы»
белсенді қатысушының қасына тұруға тиіс.
Бір проблеманы (сұрақты)
талқылағаннан кейін, оқушылар
орындарын ауыстырады (шеңберден
алыс тұрғандар шеңберге
отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар шеңберде болуы
керек.
«Ой бұлты» әдісі
Пайдаланатын мақсаты: жазба
жұмысын орындау кезінде
пайдаланады. Бұл әдіс тақырыпқа қатысты ойды жоғалтып алмауға,
жоспар құрып жазуға үйретеді.
Қажетті жабдықтар:қалам, қарындаш, қағаз.
Орындау барысы: Өтілген тақырыпқа
қатысты
эссе жұмысын орындаған кезде,
тақырыпқа қатысты ойға келген сөздер
мен сөз орамдарын тізіп жазады.
Кейін
олар сынып болып талданып,
тақтаға не
дәптерге жүйеге келтіріліп жазылады.