Біліктілігін арттыру институты


үшіншіден...»,   «Мен көп нәрсені білдім. Мысалы, біріншіден



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата10.06.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36675
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
Б.Жалмуханова

үшіншіден...»,
 
«Мен көп нәрсені білдім. Мысалы, біріншіден... 
екіншіден...»,
 
«Сабақ қызық өтті, өйткені, біріншіден... екіншіден... 
үшіншіден...»,
 
«Мен сабақта құнды деректер алдым, мәселен, 
біріншіден... екіншіден... үшіншіден...»,
 
«Мен бүгін өзімді мынау үшін мақтар едім (немесе 
«Менің жұмыс жасауымның жақсы жақтары мынау...): біріншіден... 
екіншіден... үшіншіден...», 
 
«Осы сабақтан кейін мен өз білімімді мына тұрғыда 
жақсартуым керек: біріншіден... екіншіден... үшіншіден...»,
 
«Осындай сабақтар көп болса екен, өйткені, біріншіден... 
екіншіден...». 
Осылайша білім алушылыр себепсіз пікір мен тілек айтпай, 
дәлелдерге негізделген талдау жасауға, өз ой-пікірлерін дәйектеуге, 
тұжырымдауға 
үйренеді,әр 
айтқан 
сөзіне 
жауапты 
болуға 
дағдыланады. Өйткені, әр сабақта әр оқушының рефлексиясын тудыру 
– мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. 
 


24 
ІІІ. КЕРІ БАЙЛАНЫС - ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫ АЛҒА 
БАСТЫРУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРАЛЫ 
 
Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған 
оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. 
«Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді 
реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде 
кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп 
есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз 
біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып 
табылады. 
Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл 
жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін 
мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз
содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы 
ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет