Жауаптарыңызды салыстырыңыз. Әріптестеріңіз қай мәселені ерекше талқылады?
Бақылау жұмысының түрлері
№1 Бақылау жұмысы
|
Аты-жөні:
|
күні
|
Жылы
|
Тақырыбы: Өмір сүру қалпы
|
Мәтін: Олег Устинов «Болашаққа хат» 2013 жыл
|
Ең жақсы пайғамбар-ол өткен жолың.
(Джордж Байрон)
Болашаққа хат. Егер менің өткенге хатым болса, онда болашаққа да хат жазуыма болады. Бұл өз-өзіме, өзімнің ізбасарларыма арналған жолдау. Интернетте өз-өзіңе хат жіберуге болатын сайттар бар. Қай уақытта? Иә, ерекше тосын сыйды кез келген уақытта алуды оны өзің шешесің. 2035 жыл деп алу мерзімін қоямын. Ал сонымен қоса, мекенжайға тапсыру мерзімін қойсаңыз «жаңа пошта» апарып береді. Таңданатын ештеңесі жоқ, мен сәл үлкендеу боламын, ол кезде мен 75 жасқа толамын. Бұл қызық емес пе?!. Өзімді туған күнімде қуантайын. Бұл маған үміт пен сенімділік сыйлайды және мен қалайтын жетістікке жетуге ынталандырады. Мұның бәрі ерекше қызығушылығымды тудырады. Егер бүгін күн қалай өтті, ертең қалай өтеді деп жазсам ол қызықты болмас еді. Әңгімемде күнделікті өмірімді сипаттап жазамын оны оқуға болады. Менің туғандарыма, достарыма арналған фотосуреттерімді, достарым туралы фильмді , құжаттарды көруге болады. Мені қаншама уақыт өткеннен кейін өмір қалай болатыны, әлем қалай өзгеретіні өзіне тартады. Жұмбағы көп болашақ өмір мені қызықтырады, болжап болмайтындығымен мені өзіне қарай тартады. Уақыттың үстінен өзімнің өткен жолыма және армандарыма қарағым келеді. Бұл әрбір адамды еліктіреді, ойлануға, түсінуге, армандауға, елестетіп көруге жетелейді. Көзімді жұмамын да болашағыма қарай зымырап ұшамын.
Сәлем бердік, «Болашақ». Бұл - мен бүгінгіденмін! Сенің өткеніңнен сәлем. Бұл хат сен үшін тосын сый болар. Таңданба, болашаққа хат жазамын деп шешкен кездегі 2013 жылды есіңе түсір. Бұл сенің өткендегіңнен алғашқы хатың. Жылдармен біз өзгереміз, уақыт өзен тәрізді жылдам ағады. Сен туған күніңе хат алдың. Құттықтаймын. Сенің қасыңда сен жақсы көретін адамдар бар. Бүгін саған тағы да сенің сүйікті гүлің қалампыр гүлін сыйлады. Бұл сенің 75 гүл шоғың. Қалампыр гүлі – ең сүйікті күздің гүлі. Есіңе түсір, оның хош иісі де ерекше. Елдің бәріне белгілі оның хош иісі даланың иісі, күздің иісі. Алғашқы суықтың иісі, суық және ащылау иіс. Ерекше, еш қайталанбайтын иіс. Сен оны білесің. Әзірге есі барда адамдар өмір сүреді. 2012 жылы өлең шығарылды:
Шаянға қалампыр гүлін сыйлаңдар,
Бұл ащы және суық иіс.
Бұл шоқ гүл әрине, богемадан,
Ал сонымен бірге есіңді алатын жапырақтардың түскен кезі.
Бұл сен 52 жасқа келген күні болатын. Бала. Ал сөздері жақсы. Бұл өлеңді немерелерің біле ме? Одан бері қаншама уақыт өтті. Тым драмаландырғым немесе қызылды-жысылды қылғым келмейді. Бұл уақытқа дейін менің шөберелерім бар. Қанша? Елестете алмаймын. Немерелерімнен көп болар - керемет емес пе?!. Бақытты шақтар екі еселенеді. Үстел басында қонақтар көп пе? Немене сыйлап жатырсыңдар? Бұрынғы өткеннен қандай тәтті дәм бар? Таня бәрін дайындаған шығар. Сен оны аяла, ол бәрінен де ең жақының.
Кеше керемет күн, көңіл-күй болды. Мен «Вероника-жеңіс әкелуші» шағын фильмін жасадым. Бұл жерде оған небәрі үш ай, ол керемет сүйкімді. Болашақтағы Вероника 23 жасқа келді! Олар қазір қандай екен: Женя, Денис, Кристина, Вероника. Бәрін түсіремін: айрықша күндер, демалыс, ойын, жәй күндер, бұл балалар үшін ерекше ескерткіш болады. Менің шығармашылығымды көруге мүмкіндігіңіз бар ма? Фильм сақталған ба? Болашақта суреттегі барлық штрихтар құны жоқ бағалы болуы мүмкін.
«Машина времени» мен «Жексенбі» таңдамалы шығармашылығын тыңдап отырмын. Компьютерде Динамик, Альфа, Beatles, Bee Gees, Deep Purple, Pink Floyd, Smokie және т.б. сақтадым. Сен бұл топтарды ұмытып қалған жоқсың ба? Мен сенің мұндайды ұмытпайтыныңа сенімдімін. Бұл әрқашан айтылатын біздің жастық шағымыздың музыкасы. Қонақтар үшін ескілеу бір музыканы қой. Мен кейде түсімде болашаққа ұшып жүремін, түрлі-түсті түстеріммен пікір алмаспаймын, айтарым, ол-ертегі, ол-ән.
Хатты жазып отырып көп ойланамын. 2035 жылға дейін сұрақтар үйіліп қалды. Туған күніңде сені жүктегім келмейді, бірақ бәрібір сұраймын. Елімізде жағдай қызықты ма, өмір сүру деңгейі ше? Жақсы жолдар салынды ма? Ақымақтар әлі де көп пе? Жұмыссыздықты, жемқорлықты, бюрократиялықты жеңдік пе? Өзің армандаған киноңды түсірдің бе? Сен Танямен тағы да ит асырауға батылың жетті ме? Немерелердің, шөберелердің табыстары туралы білгім келеді. Себебі, кез келген өлетін адамға бәрі қызық, оған ештеңе істей алмайсың. Мұның бәріне жауап беруге уақыт керек екенін білемін. Әрине, бұл кезең аралығында көп нәрсе өзереді, жақсылыққа қарай болғай.
Олег
14.10.2013 ж.
(3242 сөз)
Дереккөзі: Устинов Олег. Болашаққа хат. 2013
httr://www.proza.ru/2013/10/14/1914
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша қысқаша резюме құрастыр - (25%)
2. Олегті сипаттаңыз ол өзінің болашағын қалай көреді? Мәтіннен мысалдар келтіріп, өз қорытындыларыңызды негіздеңіз. -(35%)
3.
3.1. Сіз Интернеттен болашаққа хат жіберуге болатын осы сайтты тауып алдыңыз делік. 2034 жылға өзіңізге өзіңіз хат жазыңыз. Бүгінгі арманыңызды жазып, болашақ өміріңізді елестетіп көріңіз. - (40%)
НЕМЕСЕ
3.2. 20 жылдан кейін өмір қандай болады? Адамзатты жарқын өмір ме, әлде келеңсіз өмір күтіп тұр ма? Өз болжамыңызды дәлелдеп жазыңыз. - (40%)
Достарыңызбен бөлісу: |