Білім алу – Әрбір мұсылманға парыз


Үшінші: Білгендерден үйрену



бет4/6
Дата22.10.2022
өлшемі33,58 Kb.
#44852
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
26.08.2022ж. Жұма уағызы. Білім алу әрбір мұсылманға парыз

Үшінші: Білгендерден үйрену
Білім алуды көздеген адам білмегенін ешуақыт білім иесінен үйренуге, сұрауға арланбауы қажет. Алла Тағала Құранның «Нахыл» сүресі, 43-аятында:
فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِن كُنْتُم لاَ تَعْلَمُونَ
«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», – деп айтқан.
Адам баласы том-том кітаптардан іздеп таппаған құнды мағлұматтардың жауабын білетін адамнан сұрап, үйрену арқылы әп-сәтте-ақ біліп алуы мүмкін. Төле би бабамыз:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді, – дейді.
Халқымызда «Ұстаз көрген» дейтін аталы сөз бар. Бұл сөз білімді адамның қасында болып, тәлімін үйренген адамға қолданады. Өйткені ұстаздың қасында болып, тікелей қарым-қатынас жасап, оны үлгі тұтып, үйренген білімнің шарапаты мол. Жәбірейіл періштенің Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адам кейіпінде келіп, «Ислам», «Иман» және «Ихсан» жайында сұрайтын баршамызға белгілі хадисте, Жәбірейіл періштеге қатысты:
فَأَسْنَدَ رُكْبَتَيْهِ إِلَى رُكْبَتَيْهِ وَوَضَعَ كَفَّيْهِ عَلَى فَخِذَيْهِ
«Ол (Пайғамбарымыздың) тізелеріне тізелерін тигізіп, (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойды», – деп айтылған.
Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) сұрақ қоярдың алдында бұлай отыруының өзіндік мән бар. Ғалымдарымыз хадистің бұл тұсында ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынас әдебі көрсетілгенін айтқан. Яғни шәкірт ұстазымен қаншалықты жақын болса, соншалықты оның бойына білімнің, тәлім-тәрбиенің сіңуіне ықпал етеді.
Сондықтан да білімді сүйген адам білім иесін де жақсы көріп, оны құрмет етіп, тәлімін үйренуге тырысады. Абай хәкімнің:
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болу қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деп айтқан сөздерінде біз үшін үлкен өнеге бар.
Кезінде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар Бәни исраил қауымына өте әсерлі бір уағыз айтқан екен. Сонда адамдардың ішінен біреуі: «Адамдардың ішіндегі ең білімдісі кім?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде Мұса: «Адамдардың ең білгірі – менмін», – деп жауап қатады. Алайда, Алла Тағала оған: «Екі теңіздің қосылған жерінде сенен де білімдірек құлым бар», – деп уахи етеді. Сол кезде Мұса (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар қасиетті Құранда айтылғанындай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет