Білім алу – Әрбір мұсылманға парыз


لَآ أَبْرَحُ حَتَّىٰٓ أَبْلُغَ مَجْمَعَ ٱلْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِىَ حُقُبًا



бет5/6
Дата22.10.2022
өлшемі33,58 Kb.
#44852
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
26.08.2022ж. Жұма уағызы. Білім алу әрбір мұсылманға парыз

لَآ أَبْرَحُ حَتَّىٰٓ أَبْلُغَ مَجْمَعَ ٱلْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِىَ حُقُبًا
«Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін», – дейді. Бұл аят бізге білім алуға деген құштарлықтың, үйренуге деген талап-талпыныстың қаншалықты деңгейді жоғары болу керектігін үйретеді.


Төртінші: Алған білімді өзгелерге үйрету
Адамның оқығанын өзгелермен бөлісу, адамдарға үйретуінің де маңызы үлкен. Себебі, үйрету арқылы адам білгенін өз бойына одан әрі сіңіріп, білімінің бекуіне ықпал етуімен қатар өзгелердің де білмегенін білуіне себепші болады. Ардақты Пайғарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ القُرْآنَ وَعَلَّمَهُ
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – деген хадисінің бір мағынасы осы (имам Термизи).
Ислам діні әр нәрсенің зекеті бар екенін ескерту арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық істерге атсалысу керектігін ұқтырады. Дәулеттілер түрлі қайырымдылық шараларға ұйытқы болу арқылы халықтың әл ауқатының артуына жағдай жасауға міндеттелсе, білімділердің зекеті – білгенін басқаларға үйрету.
Шал ақын: «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей», – десе, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса», – деп, білгенін өзгелерге үйретуге шақырған. Сондай-ақ геолог-ғалым Қаныш Сатпаев: «Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады», – деген.
Имам Әбу Ханифа (Алла оны мейіріміне бөлесін) шәкірті Әбу Юсуфқа: «Он жылдап кәсіпсіз, азықсыз ғұмыр кешсең де, білімнен сырт айналып кетпе! Білімнен сырт айналсаң, өміріңнің, тұрмысыңның ауыртпалығы арта түседі. Білімге деген қызығушылықты арттыру үшін әрбір шәкіртті балаңдай көріп, білім беруге күш сал! Алған біліміңнің дүниеде және ақыретте қызығын көремін десең, жақсылықтан қол үзбе! Талабың таудай болсын! Себебі, талабы кішірейген адамның мәртебесі де төмендей береді», – деп өсиет айтқан.
Дінімізде адамның өзгелерге үйретіп кеткен пайдалы білімі ешуақытта тоқтамайтын сауап деп танылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет