Білім алу – Әрбір мұсылманға парыз



бет3/6
Дата22.10.2022
өлшемі33,58 Kb.
#44852
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
26.08.2022ж. Жұма уағызы. Білім алу әрбір мұсылманға парыз

Екінші: Кітап оқу
Алла Тағала қасиетті Құранның «Қалам» сүресі, 1-аятында:
وَالْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ
«Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт», – деп қаламмен ант етеді. Алла Тағала қандай да бір затпен ант етуі арқылы сол заттың маңыздылығын көрсететіні белгілі. Ендеше, пайдалы дүниелерді жазу мен оны оқудың адам баласының екі дүниесіне тигізетін пайдасы өте мол. Кітап оқу адамның ақылы мен ой-өрісін дамытып, білімін арттырып, рухани кемелденуіне ықпал етеді. Қарауылда жатып, кітап оқу арқылы әлемге танымал болған Абай хәкім өлең жолдарында:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым – кітапта,
Ерінбей оқып көруге, – деп насихат еткен.
Әрине, мұсылман адамның ең көп оқитын кітабы – Алла Тағаланың кәләмі болған қасиетті Құран. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
اقْرَؤوا الْقُرْآنَ فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَافِعًا لأَصْحَابِهِ
«Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді», – деген (имам Мүслим).
Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Егер білімді қаласаңдар, онда Құран оқыңдар. Күмәнсіз, оның ішінде бұрынғылар мен кейінгілердің білімі бар», – деп айтқан.
Сонымен қатар мұсылман адам таным-парасатын арттырып, дүние-ақыретіне пайдалы болған, өзге де діни және дүнияуи әдебиеттерді оқып тұруы қажет. Кітап оқудың артықшылығы жайлы ғалымдардан жеткен сөздер өте көп. Мысалы, Имам Бұхариден (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Адамның жаттау қабілетін арттыратын не нәрсе?» – деп сұрағанда, ол: «Кітапқа көп үңілу» деп жауап берген екен. Хасан Лулуи (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Мен қырық жыл бойы кеудеме кітап қойып жатып ұйықтап, кеудеме кітап қойған күйде ояндым», – деп айтқан. Омар ибн Абдуләзиз (Алла оны мейіріміне бөлесін: «Мен қабірден артық адамға ескертуші, кітаптан артық адамға ләззат сыйлайтын затты білмеймін», – деген.
Ендеше, ұлы мақсаттарға қол жеткізуді қалап, пайдалы білім алып, өзгелерге де пайда тигізуді көздеген адам күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды əдетке айналдырғаны дұрыс. Айталық, жол жүргенде, аялдамада немесе қоғамдық көлікте отырғанда, жұмыста, үйде қалт еткен бос уақытты ұтымды пайдаланып, кітап оқуға тырысқан жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет