Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата25.09.2024
өлшемі415,67 Kb.
#145617
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1 Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Кіріспе 
 
Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруда оқушының оқуға деген 
ішкі құмарлығын, оған оқуды өз-өзіне, өз тәжірибесіне және өз өміріне қолдана 
алатындай етіп үйрету. Оқу – бұл тек оқу жұмысының техникасы ғана емес, ең 
бастысы мектептен тыс дара, қайталанбас тәжірибесіне сәйкес өзінің 
міндеттерін шеше алатын нақты тұлғаны тәрбиелеу. 
Білім беруді басқару білім алушылардың осы іс-әрекетін арттыру болып 
табылады. Оқуды бастамастан бұрын білім алушы оқу міндетін (түсіну, өзі үшін 
қабылдау, өз бетінше анықтау) меңгеруі тиіс. Толық құнды оқу белсенді оқу 
әрекетінсіз – оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз (мысалы, оқытылатын 
пәнінің әртүрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлу, 
оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін емес. 
Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар білім алушының өзін-өзі тексеру, 
бағалау ептілігін, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін 
орындауды талап етеді. 
Сонымен, тұтас оқу іс-әрекетіне міндетті түрде осы барлық компоненттер 
– оқу мотивациясы, оқу міндеті, оқу әрекеті, өзін-өзі бақылау және бағалау 
әрекеті кіреді. Педагогикалық әдебиеттерде оқу іс-әрекетінің осы әрбір 
компонентінің ерекшеліктері талдап сипатталған. Сөйтіп, білім алушының оқу 
міндеттерін қабылдауы білім алушылардың бірқатар практикалық жағдайларға 
тап келген кезде, мұғалімнің өзінің әңгімесімен немесе сұрақтары арқылы 
сабақта балаларға тапсырманы не үшін, неліктен орындау керектігін ашып 
айтқан жағдайда іске асады. Білім алушы бұл уақытта (сапалы немесе сапасыз 
түрде) бұл тапсырмаларды өзі үшін оқу мағынасымен, өзінің мүмкіндіктерімен 
салыстырады, яғни мұғалім міндетін өзі үшін алдын ала анықтайды немесе қайта 
анықтайды. Осы кезең білім алушының оқу іс-әрекетіне мотивациясы мен 
дайындығын тудырады, бұл оқудың ары қарай жүру барысында оқу процесін 
ұйымдастыруға қарай өсуі немесе бәсеңдеуі мүмкін. 
Оқу жұмысының тәсілдері мен амалдарының қалыптасқандығы оқу іс-
әрекетінің кемелденгендігінің басты көрсеткіші болып табылады. Оқу іс-әрекеті 
— бұл ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды тәсілдерін игеруді 
қамтитын, бағытталған іс-әрекет. Әсіресе жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеру 
оқушының бойында өзгеріс туғызады, ақыл-ой дамуында жаңа ерекшеліктерінің 
пайда болуына әкеледі, оның тұлғасының жаңа сапаларын толықтырады. 
Білім алушылардың оқу мотивациясын, өзін-өзі бақылауын және өзін-өзі 
бағалауын жүзеге асыру оқу әрекетін арттыруға мүмкіндік береді. 
Мақсаты:
Білім алушылардың оқу мотивациясын арттырып, белсенді 
оқуды жүзеге асырумен қатар баланың өзін – өзі тексеру, бағалау қабілетін 
дамыту. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет