Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата25.09.2024
өлшемі415,67 Kb.
#145617
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
1 Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

 
 


15 
3.
 
Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру бойынша әдістемелік 
ұсынымдар
 
Кез келген елдің басты капиталы ол – үздік технология және қазіргі 
заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта 
алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар. 
Осыған орай, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 
қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында 
халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы 
және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы 
айта келе «Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше назар 
аудару керек. Заманауи болмыс балалар үшін өте қауіпті болуы мүмкін, 
сондықтанда олардың энергиясы мен қызығушылығын дұрыс бағытқа бағыттау 
қажет. Өйткені, балалар – мемлекетіміздің болашағы» - деген болатын. Жиырма 
бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі – өмір сүру сапасын жоғарылату, 
оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту 
болып табылады. 
Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі 
проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме 
үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-
құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не 
итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген 
сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы 
түрде түрткі -бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай 
да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы. 
Оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу 
мотивациясы – (латын тілінен «moveo» – қозғалтамын) – білім алушылардың 
білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын 
процесс. Білім игеру процесі – белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана 
жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзінділік дәрежесі 
неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. 
[Жұманбаева А.О] 
Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен 
жазу (көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, 
шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген 
ойлану, талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, 
пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді 
жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер 
тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді. 
Мотивация теорияларынан кез-келген іс-әрекет оған деген қажеттіліктен 
бастау алатынын анық байқауға болады. Білім алушылардың оқуға 
мотивациясын арттыру үшін оқуға қажеттілікті қалыптастыру керек. Бұл 
жөнінде Т.А. Ильина былай деп өз пікірін білдіреді: «Оқу үрдісін 
ұйымдастырудағы оқытушының күші мен жігерінің елеулі бөлігі білім 


16 
алушылардың оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын оятуға, олардың танымдық 
белсенділігін туғызуға бағытталуы тиіс» [11]. 
Бұл кезеңде жаңа мотивтер (қажеттілік, қызығушылық, тілек) пайда 
болады, баланың иерархиалық мотивациялық жүйесінде өзгерістер жүреді. 
Бұрынғыша негізгі мотивтерге «тікелей әрекетті мотивтер» жатады, ал 
болашаққа бағытталған мотивация баланың сол кездегі қызығушылықтарының 
жетегінде кетеді. Білім алушыларда парыз және жауапкершілікпен, міндетті 
түрде білім алу керектігімен байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар мен 
мотивтер пайда болады. 
Оқу мотивациясы – білім алушыларды жемісті танымдық әрекетке, білім 
мазмұнын белсенді меңгеруге итермелейтін әдістер, құралдар, үрдістерінің 
жалпы атауы. Жеке тұлғаның жағдайларын және қатынастарын өзгерту үрдісі 
ретінде мотивация тұлғаны іс-әрекетке итермелейтін себептер, нақты күштер 
түрінде түсінілетін мотивтерге негізделеді. Мотивтерді баланың іс-әрекет пәніне 
қатынасы, осы іс-әрекетке бағытталуы ретінде де түсінуге болады. Мотивтер 
қажеттіліктер мен қызығушылықтар, ұмтылыстар мен эмоциялар, ұстанымдар 
мен идеалдардың өзара байланысы ретінде көрінеді. Сондықтан мотивтер – 
шешімдер қабылдау мен таңдау, альтернативаларды талдау мен бағалау жүзеге 
асырылатын динамикалық жүйе түріндегі өте күрделі құрылым. Мотивтер 
әрқашанда кешен түрінде көрінеді және педагогикалық үрдісте біз тек бір ғана 
мотив түрімен жұмыс істемейміз. Мотивтерді мұғалімдер мен балалар 
әрқашанда саналы сезе бермейді. 
Мотивация және мотивті зерттеуде оның түрлеріне де назар аударамыз. 
Себебі бала қандай мотивтермен оқып жүргенін анықтауымыз қажет. Мұны 
анықтай отырып біз нақты қандай мотив әсер ететінін дәл анықтай аламыз. 
И.П. Подласый мотивтерді жалпы екі танымдық және әлеуметтік тобына 
бөліп қарастыруды жөн көреді. Егер бала оқу үрдісінде оқылатын пәннің 
мазмұнына бағытталған болса, онда танымдық мотив туралы айтуға болады. 
Себебі ол бала сол оқу пәнін меңгергісі келеді. Егер балада оқу барысында басқа 
адамға бағытталғандығы басым болса, онда әлеуметтік мотивтер туралы 
айтылады. Оның айтуы бойынша танымдық мотивке мыналар қатысты: 
- Мазмұнымен қызықтыру. 
- Үрдіспен қызықтыру. 
- Қызығушылық. 
Әлеуметтік мотивке: 
- Кең көлемді әлеуметтік түрткі себептер. 
- Мәртебелік қызығушылық. 
- Тар әлеуметтік түрткі мотивтер (мұғалімдер мен ата – аналар түрткісі). 
Танымдық мотивтер де, әлеуметтік мотивтер де әртүрлі деңгейде болуы 
мүмкін. И.П. Подласый бойынша мотивтер әлеуметтік және танымдық мотивтер 
деңгейлерге бөлінеді. Әлеуметтік мотивтер бірнеше топтарға бөлінеді: 
- кең әлеуметтік мотивтер (жауапкершілік, оқудың әлеуметтік маңызын 
түсіну); бұл жеке тұлғаның оқу арқылы қоғамда өз орнын табуға, өзінің 
әлеуметтік статусын нығайтуға ұмтылысы; 


17 
- тар әлеуметтік (немесе позициялық) мотивтер (болашақта қоршаған орта 
адамдарының мақұлдауына ие болу, өз еңбегі үшін сйлық т.б. алу); 
- әлеуметтік бірлесу мотивтері (қоршаған орта адамдарымен өзара әрекетке 
түсуге бағытталу, сыныпта өз ролін және позициясын бекіту); 
- Танымдық мотивтерді төмендегіше топтастырады: 
- кең танымдық мотивтер эрудицияға бағытталудан көрінеді, оқу үрдіс 
және нәтижелерінен қанағат алу түрінде жүзеге асады Адамның танымдық іс-
әрекеті оның өмірлік іс-әрекетінің негізгі болады; 
- оқу-танымдық мотивтер (нақты оқу пәндерін меңгеру, білімді алу 
тәсілдеріне бағытталу); 
- өз бетімен білім алу мотивтері (қосымша білім алуға бағытталу). 
Бағыттылығы және мазмұны бойынша мотивтер топтарға біріктіріледі: 
әлеуметтік (әлеуметтік-құндылық), танымдық, кәсіби-құндылық, эстетикалық, 
коммуникациялық, статустық-позициялық, дәcтүрлі-тарихи, утилитарлы-
практикалық (меркантильді) [12]. 
И.Ю. Кулагинаның айтуы бойынша оқу іс-әрекетінің әлеуметтік мотивтері 
үлгерімі әртүрлі балалардың бойында әртүрлі көрінеді. Үлгермеуші балалардың 
мотивтері ерекше. Олардың жақсы баға алуға деген ұмтылыстары жоғары 
болғанымен, әлеуметтік мотивтері өте тар. Кейбір әлеуметтік мотивтер тек 
үшінші сыныпта пайда болады . 
Өзара қарым-қатынасынсыз оқу іс-әрекеті толыққанды жүзеге 
аспайтындығы белгілі. Қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыруға баланың 
ұялшақтық сияқты тұлғалық сапасы кері әсерін тигізеді. В.Н.Куницынаның 
мәліметтері бойынша балалар арасындағы ұялшақтық 25%-дан 35%-ға дейінгі 
аралықты қамтиды
.
Дидактикалық үрдістің жүруіне және нәтижелеріне мотивтер түрліше 
ықпалын тигізеді. Танымдық мотивтер өз бетінділікке ынталандыратын оқу-
танымдық мотивтермен салыстырғанда әлсіз болады. Нақты ортада утилитарлы-
практикалық мотивтер маңыздырақ. Осы бағытта білім алушылардың 
мотивтерін түрлі мақсатқа бағытталған әрекеттердің негізі түрінде итермелеуші, 
және қоғамдық маңызды құндылықтарды “мен үшін” тұлғалық деңгейіне 
«ауыстыратын» мағына құрастырушы деп бөлуге болады. 
Айтылғандарды саралай отырып мотивтерді кейде сыртқы және ішкі деп 
бөлуге болады. Біріншісі педагогтар, ата-аналар, тұтас қоғамнан бастау алады 
және талап, нұсқау формасында болады. Олар, әрине, әрекет етеді, дегенмен 
олардың әрекеті жеке тұлғаның ішкі қарсылығын тудыруы мүмкін, сондықтан, 
олар гуманды болып саналуы мүмкін емес. Оқушылардың өзінің оны істеуге 
тілегі болуы керек. Мотивацияның шынайы көзі адамның өзінің ішінде. 
Сондықтан да сыртқы қысым – оқу мотивтеріне емес, ішкі итермелеуші күш – 
оқу мотивтеріне үлкен мән беріледі. 
Сыртқы, мазмұны оқу мотивтерімен ешқандай байланысы жоқ гетерогенді 
мотивтер престижді және «мәжбүрлеуші» (жазалау арқылы үрейлендіру) болып 
бөлінеді. С.А. Мусатовтың мәліметтері бойынша соңғыларының егер ықпалы 
күшті болса стресстік жағдайларды туындатады, оқушылардың ойлауына кері 
әсерін тигізеді . 


18 
Саналы сезілген және сезілмеген мотивтер болады. Біріншісі балалардың 
оны әрекетке қандай себептер итермелейтіні туралы әңгімелерінен, түрткілерді 
маңыздылық деңгейлері бойынша орналасуынан көрінеді. Саналы сезілмеген 
мотивтер өте күшті емес, бақыланбайтын саналы ұмтылыстардан байқалады. 
Білім алушылардың оқуға теріс қатынасы олардың мотивтерінің тарлығы 
және кедейлігі, жетістікке жетуге қызығушылықтың төмендігі, бағаға бағытталу, 
мақсат қоя алмау, қиындықты жеңуге, оқуға ұмтылысының болмауы, 
мұғалімдерге, мектепке теріс қатынасынан көрінеді. 
Селсоқ қатынасқа да осы сипаттамалар тән, бірақ, оң нәтижелерге жетуге 
бағытталуға өзгерістер енгізсе, оған қабілеттерінің және мүмкіндіктерінің 
болуын байқатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет