Мотивация құрылымы.
Зертеушілердің мотивациялық аясы құрылымы-
қатып қалған, статикалық емес, керісінше білім берудің өмірлік іс-әрекеті
процесінде дамитын, өзгермелі деген ережелері де маңызды.
Мотивация құрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И. Додонов бөлген
оның төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей
нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың
«мотивациялық» күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық
компонент шартты түрде мотивацияның «гедоникалық» құраушысы деп аталған,
қалған үшеуі-оның мақсаттық құраушылары. Сонымен бірге, бірінші мен екінші
іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып, оған бағыттылықты, бағдарды (оның
үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы
факторларын (іс-әрекетке қатысты теріс және оң) белгілеп отырады [5]. Тағы бір
маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж.
Аткинсон бойынша табысқа жету мотивациясының құраушылары болып
табылады [6]. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі,
оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру төменде көрсетілгендей оқу
мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация мен оның құрылымдық
ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де
жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж. Аткинсон, А. Маслоу және т.б.).
Мотивацияның мағыналы теорияларына А. Маслоудың иерархиялық
қажеттіліктер теориясы, К. Альдерфердің Еrg теориясы, Д. Макклеландтың ие
табылған қажеттіліктер теориясы, Ф. Герцбергтің екі факторлар теориясы және
т.б. жатады.
9
Осы теориялардың мазмұнын толық қарастыру үшін ынталандыру мәнін
ашу керек. оны мынадан көруге болады:
1. Әрбір адам организмінде тұрақты және табанды іс-әрекетке
ынталандыратын тілектер болады.
2. Адамның бүкіл саналы іс-әрекетін адамның жүріс-тұрысын сипаттайтын
терминдермен түсіндіруге болады.
3. Әрбір адамда интенсивтілік және табандылық бойынша түрлендіретін
адамгершілік қажеттіліктер комплексі болады.
4. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру ынталандырылған жүріс-тұрыстың
мақсаты болып табылады.
5. Саналы түрде меңгерілген мақсат тілекке ауысады.
6. Индивидуум мақсатқа жетіп, қанағаттанады, ол үшін белгілі ынта
білдіреді.
7. Іс-әрекеттің мақсатқа ұмтылуы мадақтау немесе ынтаны қолдану
нәтижесі болып табылады.
8. Мақсатқа бағытталған іс-әрекет нәтижесінде мақсат жүзеге асырылады.
Индивидуумның қажеттіліктері өзіне ішінен тән, ал ынталар сыртқы болып
келеді де, оларды мұғалім анықтап өз қызметінде қолданады
А. Маслоу бойынша қажеттілік иерархия теориясы бойынша қажеттіліктің
бес тобын ажыратуға болады.
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктерге адамның тіршілігіне
керек-тамақ, су, ауа, баспана, жылу, демалыс т.б. жатады. Осы қажеттіліктерді
қанағаттандыру себебімен оқушылар тек бағаға көңіл бөледі де, сабақ
мазмұнына көп назар аудармайды. Оларға сабақты тереңдетіп беру маңызды
емес, тақырыпты түсіну тым ауыр тимесе болды.
Қауіпсіздік және қорғау қажеттіліктері адамның қатерсіз жағдайда болу,
үрейден қорғану, аурудан және де басқа қайғы-қасіреттен аман болу ұмтылысы
және тілегімен байланысты. Сондықтан ол мектепте өз жұмыс орнын
қаншалықты жұмыспен қамту кепілдігін, денсаулық қызмет көрсету жағынан
бағалайды.
Әлеуметтік қажеттіліктер адамның көпшілікпен бірге жұмыс істеуге бір
ұйымдардың мүшесі болуға, қоғамдық іс-әрекеттерге қатысуға ұмтылуынан
туады. Әлеуметтік қажеттілігі күшті оқушыға жұмыс белгілі ұжымға
қатыстылығын, әріптестерімен достық қатынасын құруға мүмкіншілік береді.
Мұндай оқушыларға қарым-қатынас құруға жағдайды жақсарту, достық
серіктестікті таратуды, сабақты топтық жолмен ұйымдастыру, сабақтан тыс
топтық шаралар және т.б. арқылы болады.
Сыйлау қажеттілігі оқушының өз қызметінде жетік екенін, мықты және
өзіне сенімді адам болып көрінгісі келетінінен туады. Мұндай оқушыларды
басқару үшін олардың жетістіктерін әртүрлі қолдау керек. мысалы мадақтама
қағаз беру, газет, журналға шығару, награда тапсыру т.б. Өзін көрсету қажеттілік
оқушының шығармашылық жігерін көрсететін, өзінің білімін, қабілеттілігін,
іскерлігін және шеберлігін толық қолдануға ұмтылуынан туады. Мұндай
оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, шешім құралдар таңдауда үлкен
бостандық беру қажет.
10
А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын құру теориясы адамның
мотивациясына түрлі қажеттіліктердің қалай әсер ететініне жауап бергенімен,
оның айтарлықтай кемшіліктері бар:
- қажеттіліктер көптеген жайтқа байланысты әр түрлі көрінеді;
- A. Маслоу бойынша адам қажеттіліктері иерархиялық түрде орналасқан,
біреуі басқасы қанағаттанғанша маңыздылығын жоғалтпайды, содан соң келесісі
маңыздылыққа ие болады. Алайда мұндай қатаң реттілік міндетті түрде бола
бермейді;
- жоғарғы топ қажеттілігін қанағаттандыру міндетті түрде оның
ынталандыру әсерін бәсеңдетпейді. Маслоу бұл ережеден «өзін көрсетуді»
шығарып тастаған, тәжірибе көрсетуіне қарағанда сыйлау қажеттілігі «өзін
көрсету» қажеттілігін қанағаттандыру барысында өз ықпалын күшейте түседі
екен [7].
Алдерфердің ERC иерархиялық моделі қажеттіліктерді келесі үш топқа
бөледі: өмір сүру қажеттілігі, байланыс қажеттілігі, өсу қажеттілігі. Бұл
қажеттіліктердің үш тобы Маслоу көрсеткендей иерархиялық түрде орналасқан,
Маслоу пирамидасының қажеттіліктер топтарымен сәйкестігі байқалады.
Сонымен бірге маңызды өзгешеліктер де бар: Маслоу бойынша қажеттіліктер
төменнен тек жоғары жылжыса, Альдерфер бойынша олар егер төменгі
дәрежедегі қажеттілік қанағаттанса жоғары жылжиды, егер жоғарғы деңгейдегі
қажеттіліктер қанағаттанбаса төмен. Ал мұндай қажеттіліктерді қанағаттану
қозғалысы екі бағытта болуы адамды мотивациялаудың қосымша
мүмкіншіліктерін ашады және сол адамның мотивациялау потенциалын
жоғарылатады.
Д. Макклелландтың ие табылған қажеттіліктер теориясы адамның іс-
әрекетіне ықпал ететін келесідей қажеттіліктерін көрсетеді: жетістік қажеттілігі,
бір іске бірге қатысу (араласу) қажеттілігі және билік жүргізу қажеттілігі. Бұл
қажеттіліктер өмірлік жағдайлар, тәжірибе және білім ықпалынан пайда болады.
Жетістік: қажеттілігі адамның алдына қойылған мақсаттарға бұрынғыдан
гөрі тиімді жетуге ұмтылуынан туындайды. Жетістік қажеттілігі бар адамдарға
шешім қабылдап, оған жауапты болу ұнайды, олар шын көңілмен өзіне
жауапкершілікті артады. Сонымен бірге олар әрқашанда нәтиже алуға
тырысады. Мак-Клелланд өзінің зерттеу нәтижесінде, мұндай қажеттіліктер тек
жеке адамдарға ғана емес, сонымен қатар кейбір қоғамдарға да тән екендігін
ашты.
Жетістіктерге ұмтылу адамдардың алдына қойған мақсаттарды ойдағыдай
шешуге мүмкіндік береді. Мұндай жоғары қажеттіліктері бар адамдар басқару
иерархиясында үлкен дәрежеге жетпейтіндіктен, оларға жеке индивидуалды
кәсіпкерлікпен шұғылдану ұсынылады, өйткені мұндай адамдарды бірігіп
жеткен жетістіктер емес жеке өзі жеткен жетістіктер қанағаттандырады.
Араласу қажеттілігі қоршаған ортамен достық қарым-қатынастарға
ұмтылуынан білінеді. Олар ұйым ішінде басқа адамдармен жақсы қатынастарға
ықпал ететін позицияларды ұстап, жұмыс істегенді қалайды. Билік жүргізу
қажеттілігі адамның өзінің төңірегіндегі ресурстар және процестерді
қадағалауды, басқа адамдарға ықпал етіп, олардың іс-әрекеті үшін
11
жауапкершілік алудан тұрады. Мұндай қажеттіліктерге ие болған адамдарды
біріне-бірі қарсы екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, бүкіл назарын ұйым мүддесі үшін емес, өзінің мүддесі үшін,
яғни тек билікке ұмтылғандар жатады.
Екінші топқа ұйымның мүддесі мен мәселелерін шешу үшін билікке
ұмтылғандар жатады.
Макклелланд теориясы бойынша аталған қажеттіліктер бір-бірін
жоймайды және иерархиялық түрде орналаспаған. Бұл қажеттіліктердің адамға
ықпал етуі олардың өзара бір-біріне әсер етуінен күшті [9].
Оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру қаншалықты маңызды
болса мұғалімдердің мотивациясы соншалықты маңызды. Ф. Герцберг өзінің
әріптестерімен зерттеу барысында адамның іс-әрекетіне ынталандыратын және
ынталандыртпайтын факторларды анықтаған. Мотивациялайтын факторларға
Герцберг мынандай қажеттіліктерді жатқызады: жетістіктерге жету, ардақтау,
жұмыс процесі, жауапкершілік және қызмет орнын жоғарылату. Егер осы
қажеттіліктер қанағаттанса, онда адамның өзі қанағаттанады, яғни бұл
қажеттіліктер мотивациялық роль атқарады. Негізінен жұмысты қоршаған
ортамен байланысты факторларды Герцберг гигиеналық немесе денсаулық
факторлары деп атайды, бұл факторлардың болмауы адамның қанағаттанбау
сезімін тудырады, ал бар болған жағдайда міндетті түрде қанағаттану сезімін
тудырмайды. Бұл факторға Герцберг бойынша саясат, басқару, техникалық
басқару, еңбекақы, басқармамен қарым-қатынас, жұмыс жағдайлары жатады.
Герцберг екі факторлар жағдайында негізінде, қанағаттанбау жоқтығы
жағдайында, денсаулық факторы арқылы мотивациялау пайдасыз деп
тұжырымдады. Мотивациялау факторларын адамның қанағатгану жағдайына
жету механизмі арқылы іске жарай алады дейді [10].
Достарыңызбен бөлісу: |