7
2.
Оқу мотивация тұлғаның даму факторы ретінде
Мектепте оқушылардың білімдерінің үлгеріміне көптеген факторлар әсер
етеді:
әл-ауқаты, денсаулық жағдайы, жасы, отбасылық жағдайы, оқу орнына
дейінгі дайындық деңгейі,
өзін-өзі ұйымдастыру дағдысы, өз қызметін
ұйымдастыру және қадағалауы, оқу орнын таңдау, білім алу формасы, оқу
орынның білім
алу процесінің ұйымдастырылуы, оқу орынның материалдық
базасы, қызмет көрсетушілер мен педагогтердің біліктілік деңгейі, мектептің
абыройы және де оқушылардың жеке психологиялық ерекшелігі. Осы
факторлардың ішінен оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу
мотивациясы. Оқу мотивациясы – (латын тілінен «moveo» – қозғалтамын) – білім
алушылардың білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді
оятатын процесс. Осы оқу әдістемелік ұсынымда мұғалімдер оқу мотивациясы
жөнінде жалпы түсінік ала отырып, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру
арқылы оқуға деген уәжін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл ұсынбадағы
материалдар мұғалімдердің жұмыс барысында әдістемелік көмек болады деп
ойлаймын.
Оқу мотивациясы жөнінде ғалымдар: В.Ф. Моргун, Л.И. Божович, А.К.
Маркова, Т.В. Куксунова, П.М. Якобсон, Ф.М. Рахматуллина, Р.С. Вайсман,
М.И. Махмұтова ғылыми жұмыстар жүргізді. Дегенмен, бұл мәселе әлі күнге
дейін өзекті.
Мотивация, оқу мотивациясы жөнінде жалпы түсінік.
Мотивация
отандық және шет ел психологиясындағы іргелі
проблемалардың бірі болып
табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы
адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін
талдаумен байланысты. Адамды іс- әрекетке не итермелейді, оның түрткісі
қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес
түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы түрде түрткі – бұл адамды осы
түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші,
ынталандырушы, анықтаушы.
Мотивация проблемасының күрделілігі мен көп аспектілігі оның мәнін,
табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан
зерттеу әдістерінің
көп болуымен шартталады. Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік
іс-әрекетінің, оның мінез-құлқының күрделі, көп деңгейлі реттеушісі ретінде
қарастырылады. Осы реттеудің жоғарғы деңгейі саналы-еріктік деңгей болып
табылады. М.И. Алексеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі
тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие
[3].
Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне,
оқудағы іс-әрекетке енетін
мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа түр сияқты
оқу мотивациясы да осы іс-әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен
анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-әрекеті жүзеге асатын
білім беру ұйымдарымен анықталады; екіншіден білім беру процесін
ұйымдастырумен; үшіншіден, оқушының субъективтік ерекшеліктерімен;
8
төртіншіден, педагогтың
субъективтік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның
оқушы ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен.
Оқу мотивациясы, оның басқа түрлері сияқты жүйелі болып табылады. Ол
бағыттылығымен, тұрақтылығымен және өзгермелілігімен сипатталады.
Мысалы, Л.И. Божович және оның әріптестерінің жұмыстарында оқу іс- әрекетін
зерттеу материалдары негізінде келесі жайт атап көрсетілген: оқу мотивациясы
түрткілер бағыныштылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы іс-
әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер
немесе қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуына
ұмтылумен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін [4].
Оқу мотивациясы үнемі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа
қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан
мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген
жағымды қатынастың өсуі
немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық
аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында
жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы.
Осыған сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні
анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл
құрылымын есепке алу да қажет. «Мотивациялық аяның бағыныстылық
құрылымы тұлғаның
бағыттылығын анықтайды, ал тұлға бағыттылығы өз
мазмұны мен құрылысы бойынша қай түрткілер үстем болса, соған байланысты
түрлі сипатқа ие».
Достарыңызбен бөлісу: