Білім алушының өзіндік жұмысы. Аңыз



бет2/3
Дата04.11.2022
өлшемі29,8 Kb.
#47363
1   2   3
Байланысты:
Акимбаева Нурсауле халық сөж1

Ақсақ Темір туралы аңыз.
Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сырдария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып, өз қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан. Сақыпжамалдың туған сіңлісі Теккене жеті айлық тірі жатқан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен. Шешесінің ішіне пышақ салған кезде кішкентай баланың оң аяғына зақым келіп, ақсақ болып туған. Әлгі он алты жасар әлі беті ашылмаған бейкүнә қыздың емшегінен сүт шыққан, баланы өсірген. Ақсақ Темір өмір бақи шешем, анам Теккене деп кеткен.

Бұл аңыз, тарихи аңыз түріне жатады. Себебі, Әмір Темірдің атақты қолбасшы болғаны бәрімізге аян.
Әмір Темір 1336 жыл -1405 жылдар аралығында өмір сүрген тарихи тұлға. Сол тұста өмір сүрген Сырдария билеушісі болған Тоқалақта белгілі тарихи тұлға.
Негізгі идеясы: Сырдария билеушісі Тоқалақтың Сақыпжамалды өлтіруі. Сақыпжамалдың ішіндегі жеті айлық баласының тірі қалып, Сақыпжамалдың сіңілісі Теккененің қолында Әмір Темірдің аман қалуы.

ШАЙТАНКӨЛ
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады. Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы бол­май шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тар­тып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен. Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

«Шайтанкөл» топонимикалық аңыз түріне жатады. Себебі, Жер-су атауларына байланысты аңыз. Яғни, бұл аңызда Шайтанкөл деп не үшін аталып кеткендігі жайлы айтылған. Қазірде Шайтанкөл–Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 км жердеБұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан екен.


Негізі идеясы: Сұлушаш деген қыздың өмірі. Жастардың махаббат үшін күресі, махаббат үшін құрбан болуы. Екі жастың махаббаты құрбан болған жерді Шайтанкөл деп атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет