Адамды мәдениетке баулу
|
-адамды эстетикалық және рухани жағынан жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуды тәрбиелеу.
|
80
|
Азаматтық тұлғаны тәрбиелеу
|
-адам бойында жоғары патриоттық сезімді және әлеуметтік мәнді қасиеттерді қалыптастыру, өзінің ұлттық , елінің нағыз патриотты күрескер, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрестер.
|
81
|
Дербес тұлғаны тәрбиелеу
|
Адамның өзін-өзі жағымды жағынан өзгеруін, жетілдіруін қалыптастыруы.
|
82
|
Тұлғаның өзіндік сапасын дамыту
|
өзін-өзі билеуге, танытуға көмектесуін дамыту-бұл, біріншіден, өзінің индивидуалдық және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін үздіксіз жетілдіруді саналы ұғыну; екіншіден, қол жеткен жетістіктерде тоқтап қалмай, одан әрі даму формаларын таба білуі.
|
83
|
Шығармашыл тұлға тәрбиелеу
|
Шығармашыл тұлғаға қажетті – адамның меңгерген білім көлемінен де, өзіне қажетті білімді ала білу бейімділігі және оны өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
|
84
|
Практика
|
-қоғамның дамуын қамтамасыз ететін адамдар әрекеті. Адамдар өмірінің негізін құрайтын материалдықөндірістің объективтік процесі;
-адамдардың табиғатты және қоғамды қайта құруға бағытталған, қоғамдық, материалдық мақсатты қызметі.
|
85
|
Процесс
|
Даму сатыларының дәйекті түрде өзгеруі; белгілі бір нәтижеге жету үшін жасалатын қимылдардың жиынтығы.
|
86
|
Система
|
Жүйе, systema – құрамды бөлшектерден тұратын тұтастық;
Жүйе бөлшектері мен элементтері үйлесімді құрылған, тұтастықты білдіретін ғылыми ұғым;
-белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста және қарым-қатынаста тұрған элементтердің басымдылығы.
|
87
|
Теория
|
-зерттеймін, ізденемін;
-практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.
|
88
|
Эврика
|
-адамның ойына жаңа идея келгенде «таптым, таптым» деген қуаныш сезімін білдіретін сөз.
|
89
|
|