Тұлғаның бағыттылығы
|
-тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын, нақты бір жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы, т.б. оның мүдделерімен, бейімдерімен, мұраттарымен сипатталады, бұлар арқылы адамның дүние танымы білінеді.
|
75
|
Тұлға дүниетанымы
|
-тұлғаның, әлеуметтік топтың, қоғамның құндылықтары мен мұраттары жүйесінде көрініс тапқан табиғат, қоғам, адам туралы тұтас көзқарас.
|
76
|
Тұлғаның дүниеге өз-өзіне қатынасын қалыптастыру
|
Тұлғаның дүниеге өз-өзіне қатынасын қалыптастыру адамның қоршаған ортаға; қоғамға, адамдарға өзіндік анық сипаттама беруге, өзінің жеке интеллектуалдық-танымдық, экономикалық-еріктік; коммуникативтік-тәртіптілік ерекшеліктерін саналы қабылдауға, қоғамда өз орнын таба білуге бағытталған тәрбие мақсатын қамтиды.
|
77
|
Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу
|
Бұл ішкі дүние байлығы мен моральдық жағынан таза, денесі шыныққан,өзінің психологиялық, адамгершілік қасиеттерін шыңдай білетін, өмірде кездесетін мәселелерді, қиындықтарды жеңе білетін адамды тәрбиелеу.
|
78
|
Әлеуметтік білікті (компонентті) тұлғаны тәрбиелеу
|
-бұл тек қана өзінің өзге адамдармен қарым-қатынас үйлесімділігін дұрыс танушы ғана емес, сонымен қатар лоармен келісімді, дау-жанжалсыз қарым-қатына жасай білуі, араласуы;
-қоғамдағы түсініспеушіліктің алдын-ала білетін тұлғаны тәрбиелеуді қамтиды.
|
79
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |