54
– оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын
дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру;
– мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды
ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту;
– проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды
шешу стратегиясының мысалдарын көрсету;
– бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;
– зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға
артықшылық беру;
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;
– жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру
қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып дамытады.
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін
өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету,
проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын
ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және
ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға
болады. Оқытушылардың пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең
жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Оқытушылар
пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық
әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру
стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және
нәтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әр оқытушы
төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:
жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың
мақсаты мен ресімделуіне;
білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық
тәсілдерді біледі және түсінеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім мазмұн мен
жүйелілікті,білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті
педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: