Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет19/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Қазақстандық кейс
«Қазақмырыш» компаниясының атқарушы директоры Андрей Лаза-
ревтің айтуынша, жеке бизнес өзіне қажетті, өзекті мамандықтар бойынша 
мамандар дайындауға мүдделі. Оның көрсетуінше, қазір «Қазақмырышта» 
20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жоғары білімі бар мамандардың үлесі 
шамамен 25%-ды құрайды, яғни жұмыс орнында жоғары білімі бар жұмыс-
шылар өте көп. Алайда олардың барлығы алдағы уақытта қызметі бойынша 
өсетініне сене алмайды: мәселе «нарық үшін өзекті емес» білімінде.
Нәтижесінде компания өзінің оқыту орталығын ашуға шешім қабылда-
ды, онда барлық қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарынан өтуі тиіс. 
Бұдан басқа колледждермен және университеттермен бірлескен оқу бағдар-
ламалары бойынша әріптестік жұмыстар жүргізілуде, онда тәжірибеге баса 
назар аударылған. Оқыту барысына «Қазақмырыш» компаниясында жұмыс 
істейтін инженерлер де қатысады.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
32
McKinsey зерттеушілері «Skill Shift: автоматтандыру және жұ-
мыс күшінің болашағы» атты зерттеулерінде АҚШ пен Еуропаның 
бес елін (Франция, Германия, Италия, Испания және Ұлыбритания) 
мысалға ала отырып, адамдардың қандай 25 негізгі жұмыс дағдыла-
рының болашақта сұранысқа ие болатынын бағалады
21
. Е. Корыти-
на атап өткендей, «бес секторға баса назар аударылды: банк ісі және 
сақтандыру, энергетика және тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, 
өндіріс орындары және бөлшек сауда. Сарапшылар қызметкердің 
белгілі бір икемділікті қанша уақыт пайдаланатынын анықтады 
және технологиялық дағдыларға (оның ішінде бағдарламалауға) 
сұраныс бәрінен де көп болады, 55%-ға артады деген қорытындыға 
келді: қазір бұл дағдылар жұмыс уақытының 11%-ында қолданы-
лады, ал 2030 жылы бұл 17%-ға жетеді. Топпен бірге жұмыс істеу, 
басқаларды басқару, келіссөздер жүргізу және жанашырлық көрсету 
секілді мәшинеге тән емес әлеуметтік және эмоционалды дағдылар 
көбірек бағаланатын болады. Оларды пайдалану орташа есеппен 
алғанда жұмыс уақытының 22%-ын құрайды (24%-ға өседі)»
22
.
21
Bughin, J. Hazan, E., Lund, S., Dahlström, P., Wiesinger, A., & Subramaniam, A. Skill Shift: 
Automation and the Future of the Workforce. McKinsey&Company. 
https://www.mckinsey.com/featured-insights/future-of-work/skill-shift-automation-and-the-
future-of-the-workforce#
22
Корытина, Е. Общество 3.0 и индустрия 4.0. Как будут меняться мир, образование и про-
фессии. Ведомости &.
https://www.vedomosti.ru/partner/articles/2018/09/06/780170-obschestvo-30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет