Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Университеттердің қызметінде орын алатын мынадай



Pdf көрінісі
бет15/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   135
Университеттердің қызметінде орын алатын мынадай 
жаһандық өзгерістерді атап өтуге болады:
1) кеңейту: жоғары білікті мамандардың үлесі артып келеді. 
Жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, жалпы алғанда адамзат 
баласының білім алуға ниеттілігінің артуы және қоғамды академи-
яландыру жоғары білімнің кеңеюіне ықпал ететін мамандық саны-
ның өсуіне әкеледі;
2) саралау: пән бойынша ғылыми дайындықты қамтамасыз 
етумен қатар, білім беру бағдарламаларының сараланған әлеумет-
тік талаптарға жауап беруі және жоғары білім әлі ұсына қоймаған 
техникалық дағдыларды көрсете алуы керек. Сонымен қатар жоға-
ры оқу орындары негізгі бағыттың аясынан тыс курстық бағдар-
ламаларды әзірлей отырып, саралау факторларына жауап беруі 
қажет;
3) барынша икемділік: дәстүрлі кәсіби үлгілердің жоғалуы 
мен дараланудың артуы оқыту әдістерін көбейтуді қажет етеді. 
Жеке оқыту бағдарламалары арқылы оқытуға рұқсат берілуі керек; 
студенттер өзін-өзі ұйымдастырып, өз біліктіліктерін жетілдіру дағ-
дыларын игеруі тиіс;
4) сапаға бағдарлану: кеңейту, саралау және барынша 
икемділік жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсіл-
дерін де ұсынады. Жоғары білім беру қызметтерінің саяси-әлеу-


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
24
меттік тұрғыдан мойындалуын түрлендіру қажеттілігі, білім беру 
бағдарламаларын әзірлеуге қатысып, бақылауға қызығушылық 
білдірген тараптардың күткен болжалдары, сондай-ақ оқу-тәрбие 
үрдістерінің тиімділігін бағалау сапаны қамтамасыз етудің жаңа 
әдістерінің, сапа құжаттамаларының және жүргізілетін бағалау-
дың пайда болуына әкеледі.
5) стандарттау: Болон үдерісі себепкер болған модульдік және 
көп деңгейлі оқу бағдарламаларын қазіргі жалпыеуропалық үлгіде 
енгізуде жоғарыда аталған өзгерістер орын алуда.
Ағымдағы реформалар білім беру бағдарламаларының мазмұ-
нына, сондай-ақ ұйымдастырылуына қатысы тұрғысынан осы 
жаһандық оқиғаларға бағытталған.
Мазмұны жағынан алғанда, негізгі құзыреттерді немесе көпте-
ген қызметте қолданылатын дағдыларды беруге және қалыптасты-
руға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар пәндік ноу-хауға қосым-
ша ретінде игерілуі тиіс құзыреттерді қамтиды. Ол сонымен қатар 
студенттерге әртүрлі жұмыс жағдайлары мен мәдениеттердің, сон-
дай-ақ жұмысқа қатысты дағдарыс жағдайларының талаптарын 
орындауға мүмкіндік бере алуы қажет.
Жоғары оқу орындары үшін білім беруге қойылатын жаңа та-
лаптар тұрғысынан дамудың мынадай бағыттарын бөліп көрсетуге 
болады:
а)
 жұмысқа орналастыру мүмкіндігі жоғары білім мен тәжіри-
бе арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етуден тұрады, өйт-
кені тек техникалық тұрғыдан ғана негізделген жоғары білім кәсі-
би тәжірибенің қажеттілік талаптарымен санаспайтын болады;
ә)
 интернационалдандыру стратегиялары халықаралық ұтқы-
рлықты арттыруға және мәдениетаралық дағдыларды ұсынуға ар-
налған;
б)
 үздіксіз оқыту дегеніміз – жұмысқа орналасқан адамдардың 
өз бетінше ала алатын және ол үшін университеттер сұранысқа 
бағытталған біліктілік бағдарламаларын ұсынатындай, біліктілік-
ті одан әрі арттыру. Үздіксіз білім беру ұғымы жасына, мәртебесі-
не немесе жынысына қарамастан жоғары білімге ұмтылып, оны 
кеңейту болып табылады;
в)
 өмір бойы оқып-үйрену. Компаниялар мен бизнес иелері ең 
бірінші кезекте жұмысшыларын жұмыс істеп жүрген уақытында 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
25
үздіксіз оқытуға баса көңіл аударып, оларға қажетті дағдылар-
ды игеруге мүмкіндік беруі керек. Бұл үрдіс өнімділікті артты-
ру үшін адамдар мен мәшинелер арасындағы үйлесімділікке қол 
жеткізуге себепші болады. Сондай-ақ компаниялар мен бизнес 
иелері студенттерге кәсіптік оқыту, сондай-ақ кәсіби және басқа 
да оқыту түрлері үшін техникалық оқу стипендиясын тағайындай 
отырып, оқу мәдениетін қалыптастырып нығайтуы қажет. Келе-
шекте диплом университет ұсынатын жалғыз біліктілік дәреже-
сі (белгісі) болып қалмайды. Әлем өзгеруін жалғастырған сайын 
адамдар қызметте жоғарылау барысында өз шеберліктерін то-
лықтырып отыруы тиіс. Оқыту ешқашан тоқтамайды. Универ-
ситеттер дәрежелер мен неғұрлым қысқа курстарды үйлестіруге 
қарай қадам жасауы қажет. Олар сонымен қатар түрлі саладағы 
серіктестерімен саланың өзгеруіне қарай, соған лайықты бола-
тын және жұмыс күшінің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез 
жауап бере алатын біліктілік құру үшін жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет