Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет18/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

1-сурет. 4.0 Индустриясы
(Дереккөзі: Saturno, M., Pertel, V. M., Deschamps, F., & Loures, E. D. F. (2017, March). 
Proposal of an Automation Solutions Architecture for Industry 4.0.
In 24
th
 International Conference on Production Research)
Индустрия 4.0 – Технологиялық негіздері
Когнитивті 
есептеулер
Бұлтты 
есептеулер
Үлкен 
деректер / 
талдамалар
Заттар 
интернеті
Машинааралық 
өзара 
әрекеттесу
Мобильді 
технологиялар
3D-басып 
шығару
Жетілдірілген робототехника
Киберқауіпсіздік
Технология
Радиожиілікті 
сәйкестендіру 
әдісін 
қолданатын 
технологиялар


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
29
лардың – қарапайым жұмысшылардың жұмысынан айырылу қаупі 
бар деп санайды
17
. Толық автоматтандыру әлеуеті қазіргі кездегі 
мамандықтардың тек 5%-ында ғана бар, бірақ ішінара автомат-
тандыру жұмыс түрлерінің жартысынан көбін қамтиды. Жасан-
ды интеллект қазірдің өзінде әлдеқайда күрделі операцияларды 
орындауға және шешім қабылдауға қабілетті. Мұндай жағдайлар 
ақ жағалыларға да – менеджерлерге, шенеуніктерге, зияткерлік 
еңбек қызметкерлеріне де қауіп төндіріп отыр. К. Шваб өзінің кіта-
бында мұндай мәшинелер компаниялардың директорлар кеңесінің 
құрамында пайда болған кезде төртінші өнеркәсіптік төңкерістің 
бетбұрыс кезеңдерінің бірі орын алатынын жазады. McKinsey-дің 
бағалауы бойынша, «2030 жылға қарай технологияның қарыштап 
дамуына байланысты 75 миллионнан 375 миллионға дейін адам, 
яғни әлемдегі жұмыс күшінің жалпы санының 3-14%-ы жұмыссыз 
қалады немесе мамандығын ауыстыруға мәжбүр болады»
18
.
«Джинни» Рометти, IBM компаниясы Директорлар кеңесінің 
төрайымы Вирджиния Мари болашақтағы жұмысшыларды жұмыс 
дағдыларын өзінің іргелі білімімен үйлестіретін «жаңа жағалылар» 
деп атайды.
«Құзыреттердің форсайты 2030» зерттеулері бойынша 2030 
жылға дейін экономиканың 19 саласында 186 жаңа мамандық 
пайда болады және 57-сі жойылады. Зейнеткер мамандықтарға 
есепші, кітапханашы, мұрағатшы, диспетчер және журналист жа-
тады. Робот техниканы жобалаушыларға, сити-фермерлер, цифр-
лық лингвистер және жеке қайырымдылық бағдарламаларының 
модераторларына арналған жаңа жұмыстар пайда болады
19
.
Бірақ сақталып қалатын мамандықтар айтарлықтай түрде өз-
гереді. Мысалы статист мамандары Big Data маманы ретінде жұ-
мыс істесе, ал бұрғылаушы бұрғылау роботтарының операторы 
деп аталатын болады.
17
Mckinsey&Company. (2017). A Future that Works: Automation, Employment, and Productivity. 
Executive Summary. McKinsey Global Institute. https://www.mckinsey.com/~/media/McKinsey/
Featured%20Insights/Digital%20Disruption/Harnessing%20automation%20for%20a%20
future%20that%20works/MGI-A-future-that-works_Executive-summary.pdf
18
Корытина, Е. (2018). Общество 3.0 и индустрия 4.0. Как будут меняться мир, образование 
и профессии. Ведомости &.
https://www.vedomosti.ru/partner/articles/2018/09/06/780170-obschestvo-30
19
Сколково. (2015). Атлас новых профессий. 
http://www.skolkovo.ru/public/media/documents/research/sedec/SKOLKOVO_SEDeC_Atlas_2.0.pdf 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
30
WEF болжамдары бойынша 2026 жылға қарай көптеген ма-
мандық өзектілігін жоғалтады. Сондықтан жойылып кету қаупі 
бар жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер жаңа жағдайларға бей-
імделіп, жаңа дағдыларды игеріп, жұмыспен қамту саласындағы 
өзгерістерге ілесіп отыру үшін қайтадан жаңа мамандық алуы 
(reskilling) керек. Дәл осы қайтадан жаңа мамандық алу (reskilling) 
жағдайы жұмыстан босатылған жұмысшылардың 95%-дан астамы-
на жұмыс орындарын өмірге бейімді, өзектілігін жоймайтын және 
бұрынғыдан да жоғары жалақы төлейтіндей мамандыққа өзгер-
туіне септігін тигізеді. 70% жағдайда кеңседегі әкімшілік-басқару 
қызметкерлерінен – білім беру секторындағы, өндірістік сектор-
дан – құрылыстағы – жұмыстардың жаңа «тобына» ауысуы жүзеге 
асырылады. Кәсіби қайта даярлаудан бас тартқан (16%) жойылу 
қаупі бар жұмыстарда істейтін адамдар 2026 жылға қарай мансап-
тық тұрғыда тұйыққа тірелуі мүмкін (The World Economic Forum, 
2019)
20
.
Осы үрдістің технологиялық жұмыссыздық сияқты салдарымен 
күресу үшін білімді басқара білуді дамыту қажет. Индустриалды 
экономикада дипломды бір рет алу жеткілікті болды және сол ди-
плом өмір бойына жарамды еді. Ал қазіргі уақытта білім қарқынды 
түрде дамып келеді, үздіксіз білім алу керектігі байқалады. Мақсат 
– туындаған мәселелерді шеше алатын және үнемі жұмыста алда 
(озық) жүретін құзыреттілігі жоғары адамдарды қамтамасыз ету. 
Бірақ технологиялық өзгерістердің өзара байланысты екі сипат-
тамасынан қиындық туындайды: 1) жаңа технологиялар тез өзге-
реді және 2) олар көбінесе стандартталмаған. Көптеген жағдайда 
жаңа технологиялардың алуан түрлі нұсқалары кездеседі; біреуін-
де алынған дағдылар екіншісіне қолдануға жарамауы мүмкін. Қа-
жетті дағдылар үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан жұмысшылар 
тұрақты түрде оқушыға айналуы қажет.
Көптеген компаниялар қазірдің өзінде жаңа типтегі жұмысшы-
лардың қажеттілігін сезінуде және олардың жетіспеушілігін атап 
өтуде. Мұндай компанияларға бойынан шынайы еңбек нарығына 
20
World Economic Forum. Сenter for New Economy and Society Insight Report. (2019). Towards a 
Reskilling Revolution: Industry-led Action for the Future of Work. 
http://www3.weforum.org/docs/WEF_Towards_a_Reskilling_Revolution.pdf 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
31
тән емес шығармашылық пен креативті дағдылардың жиынтығы 
табылатын жұмысшылар қажет.
Дағдылардың орын алған жетіспеушілігі (тапшылығы) абсо-
лютті түрде де, салыстырмалы түрде де болуы мүмкін. 
Абсолютті тапшылық тиісінше еңбек нарығында кездеспей-
тін біліктілігі бар адамдарға қатысты болады. Ол жаңа немесе 
енді дамып келе жатқан мамандықтарды, лайықты біліктілігі бар 
адамдардың жетіспеушілігін немесе жаңа талаптарды қанағаттан-
дыру үшін бағдарламаларға қатысып жатқан адамдар санының 
жеткіліксіз болуын қамтуы мүмкін.
Салыстырмалы тапшылық еңбек нарығында бар біліктілікке 
сәйкес келетіндей біліктілігі бар, дегенмен белгілі бір географи-
ялық орынның шегінен тыс жерде тұратын, жоғары жұмыс тәжіри-
бесі бар болуы міндетті емес адамдарға қатысты.
Қажетті дағдылардың жетіспеушілігі мәселесін іштей және сы-
рттай оқыту бағдарламалары арқылы шешуге болады. Бұл ретте 
техникалық (бейінді) дағдыларды игеруге ерекше көңіл бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет