Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Білім беру бағдарламаларын ұйымдастырудағы



Pdf көрінісі
бет16/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Білім беру бағдарламаларын ұйымдастырудағы 
реформалар
(1) 
Оқу бағдарламаларын қайта құрылымдау басым жүргізілетін 
үрдіс болып табылады, бірақ ол аралас мақсаттарды да көздейді:
Жоғары білім беруге ниеттестік деңгейін арттыруға мүмкін-
дік беретін көп деңгейлі оқу бағдарламалары енгізіледі. Олар ұсы-
нылатын оқу курстарының санын азайтуға, оқытудың әртүрлі әді-
стерін (атап айтқанда, модульдік) көбейтуге арналған. Сонымен 
қатар оқытуды неғұрлым қолайлы (икемді) етуге (мысалы толық 
емес жұмыс күні әдісімен оқыту) және білім беруді «виртуалдан-
дырудың» белгілі бір дәрежесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім 
беру мен оқытудың басқа да жаңа түрлеріне бейімделген.
(2)
Сапаны қамтамасыз ету – бұл ұсынылған білім беру 
бағдарламаларының көбеюіне (аккредиттеуге) қарамастан, бел-
гілі бір стандарттағы жоғары білімнің кепілі. Жоғары білім берудің 
үрдістері (бағалау) мен бәсекелестік ұстанымдар (белгілі бір қалы-
пқа келтіру) бағаланады.
(3) 
Интернационалдандыру стратегиялары дәрежелердің/
сертификаттардың үйлесімділігіне, білім берудегі жетістіктерді 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
26
(ECTS) көрсете алу мүмкіндігіне, сондай-ақ институттардың да, 
түлектердің де халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілеттілігін 
қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламасын интернационал-
дандыруға бағытталған.
Дәстүрлі білім беру тарихының аясына енбейтін білім беру 
үрдісіндегі 
(4)
үздіксіз білім беру кезінде жоғары білім беруден, 
сондай-ақ бейресми оқытудан тыс қол жетерліктей білім беру 
жетістіктерінен тұратын презентациялар мен сертификаттаудың 
жаңа жүйелері қажет. Университтер негізгі білім беру бағдарла-
масына қосымша оңтайлы үздіксіз білім беруді қарастыруы керек.
Жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы қарқынына 
сай жасалған талдау мынадай қиындықтарды анықтауға мүмкіндік 
береді:
Академиялық сапа мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі арасын-
дағы байланыс әлі де анықтауды қажет етеді. Сол себепті мұндай 
жұмысқа орналасу, академиялық емес талаптар және метатехни-
калық құзыреттердің нені білдіретінін айқындау өте маңызды.
Жұмысқа орналасу мүмкіндігі оқу курсына тәжірибенің жеке-
леген бөліктерінің кіріктірілуімен төмендемеуі тиіс. Керісінше бұл 
университеттің білім беруін және оқытушылар мен студенттердің 
кешенді іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатысуын бірік-
тіретін жүйелі түрдегі оқытуды қамтиды.
Көпфункционалды дағдылар (немесе негізгі дағдылар) қазірдің 
өзінде ішінара жоғары білім арқылы беріледі. Білім беру үрдістері 
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерімен нығайтылуы керек. Оқы-
ту мен қалыптасқан дағдылардың неғұрлым нақтырақ анықталуы 
қажет.
Зерттеу мен білім беру арасындағы бағалауда әлі де кездесетін 
иерархияны жеңу қажет. Профессор-оқытушылар құрамының абы-
рой-беделі логикасында оқыту мен зерттеудің мәртебесі теңдей 
дәрежеде болуы тиіс.
Ұйымдастырушылық тұрғысынан университеттер жаңа мақ-
сатты топтар үшін ашық болуы керек. Бұл, біріншіден, жоғары 
білімге, білім беру бағдарламаларына, диплом және сертификат-
тарға қол жетімділіктің оңтайлылығы мен жіктеліміне байланы-
сты. Дәстүрлі емес студенттердің жоғары білім алу үрдісіне қа-
тысуын арттыру үшін, отбасылық өмірді университеттегі оқумен 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
27
немесе жұмыспен, жоғары білім алумен үйлестіру үшін бұрынғы-
дан гөрі жақсы мүмкіндік беретін мықтырақ интеграция қажеттігі 
туындайды.
Үздіксіз оқыту дегеніміз – өмірде жаңадан пайда болған, аздап 
біртектес режимдердің нәтижесі болып табылатын жеке оқыту жол-
дарына қатысты ұғым. Сонымен қатар жоғары білім жеке тұлғаға 
әртүрлі оқыту жолдарын ұсынуы керек. Ол үшін ресми және бей-
ресми білім беру жетістіктерін айқындау тәсілдерін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет