Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
68
1. Сіздің ойыңызша қоғам жастар бойына сіңіреді деп күтіп оты-
рған құндылықтар мен қазіргі студент буынның көзқарасы ара-
сында қайшылықтар бар ма? Ересектер мен Жастар қауымда-
стығының құндылықтары қандай ұстанымдар бойынша сәйкес
келеді, қайсысымен шешілмеген қайшылықтары бар? Дерек-
тер мен дәлелдер келтіріңіз.
2. Тарауда келтірілген негізгі дағдылар мен құзыреттердің ішінде
қайсысы білім беру бағдарламаларының МЖМБС-нда/Универ-
ситеттің стратегиялық құжаттарында көрсетілген?
3. Қандай жалпылама және негізгі құзыреттер жеке пәндер
арқылы/барлық пәндер арқылы оқытуды және сабақтан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру арқылы/университеттің жалпы
экожүйесі арқылы дамытылады?
4. Өзіңіздің білім беру мекемеңізді бітірген түлектің бойындағы
ерекшеліктеріне (атрибуттарына) талдау жасаңыз. Олар ака-
демиялық және ғылыми әлемдік қоғамдастықтың негізгі құ-
зыреттер жиынтығына деген қазіргі көзқарастарымен қанша-
лықты үйлеседі?
5. Қосымша білім беру жобаларының, нақты пән, білім беру
бағдарламасының мазмұны арқылы құндылықтарды, білім-дағ-
дыларды және негізгі құзыреттерді құрылымдық үйлестіру сы-
збасын ұсыныңыз.
6. Сіздің оқу орныңыздың түлектерінің атрибуттарын шетелдік
серіктес жоғары оқу орындарының немесе басқа да ЖОО-ның,
мысалы түрлі жаһандық рейтингтердің үздік 100-дігіне кіретін
түрлі университеттердің атрибуттарымен салыстырыңыз. Ұқ-
састықтар мен айырмашылықтарының белгілері қандай? Олар
туралы қандай өзгерістер ұсынар едіңіз?
7. Студенттердің құндылықтарын, дағдылары мен құзыреттерін
тең дәрежеде қалыптастыру мақсатында оқу үрдісін жүзеге
асыру арқылы білім мен тәрбиенің біртұтастығын қалай қамта-
масыз етуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: