Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


-сурет. Құрылымдық келісім компоненттерінің арасындағы байланыстар



Pdf көрінісі
бет36/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

3-сурет. Құрылымдық келісім компоненттерінің арасындағы байланыстар


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
74
Әзірлеушілер бірлескен оқытуды дамыту және студенттердің 
өздігінен еркін әрекет етуін ынталандыру мәселелеріне тиісті дең-
гейде назар аударуы керек. Студенттердің сабақтан тыс уақытта 
не істейтіні туралы ойлану керек, өйткені қазіргі бағыт студент-
тердің жұмыс жүктемесіне негізделген. Студенттердің сабақтан 
тыс тапсырмаларға бөлуі тиіс уақыт кезеңдері есептеліп, хабарла-
нып отыруы тиіс. Басқа сипаттамаларға мыналар жатады: пассивті 
емес, белсенді оқытуға назар аудару; сыни тұрғыдан ойлауға баса 
назар аудару; студент тарапынан жоғары жауапкершілік пен есеп 
беру, сондай-ақ оқыту және үйрету үдерісіне рефлексивті көзқарас.
Халықаралық бенчмаркинг
Бағдарламалар мен курстарды әзірлеу үдерісінің бір бөлігі 
ретінде белгіленген білім беру стандарттары халықаралық стан-
дарттарға сай келеді және сапа кепілдігімен қамтамасыз етілген. 
Мысалы белгілі бір салыстырмалы көрсеткіштердің сипаттамасына 
(мысалы Болон үдерісінің Дублин дескрипторлары
56
немесе Бри-
тандық сапалы жоғары білім беруді қамтамасыз ету агенттігінің
57
(UK QAA) бақылаушы пәндік көрсеткіштерінің сипаттамасына), Еу-
ропалық біліктілік жүйесіне
58
(EQF), аккредитация агенттіктерінің 
талаптарына (мысалы AACSB университеттік бизнес-мектептерін 
дамыту қауымдастығының стандарттарына
59
) сәйкес келеді. Тиісті 
пән аясындағы жоғары деңгейлі университеттердегі халықаралық 
бағдарламалармен немесе білім сапасын сырттай бағалау арқылы 
салыстыру.
Технологияны қолдану арқылы білім беру мен оқытуды 
жақсарту
Онлайн немесе аралас бағдарламаларды әзірлеу барысын-
да немесе оқыту технологиялары пайдаланылатын дәстүрлі білім 
56
http://ecahe.eu/w/index.php/Dublin_Descriptors
57
https://www.qaa.ac.uk/quality-code/subject-benchmark-statements
58
https://www.cedefop.europa.eu/en/events-and-projects/projects/european-qualifications-framework-eqf
59
https://www.aacsb.edu/accreditation/standards


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
75
беру үрдісін жақсарту үдерісінде бағдарламаны жасаушылар қан-
дай технологияларды қандай мақсатта және қалай қолданатын-
дығын мұқият қарастыруы керек. Технологияларды мотивацияны 
арттыру, айрықша немесе жалпы дағдыларды жетілдіру, білім беру 
мен оқытудың жаңа түрлерін жеңілдету, сонымен қатар оқу ма-
териалдарына қолжетімділікті арттыру үшін пайдалануға болады. 
Осы тарауды жазу кезінде бұл қажеттілік қазіргі күнге дейін жалға-
сып келе жатқан Covid-19 дағдарысына байланысты күшейе түсті!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет