Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет49/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Курстың (пәннің) мазмұны
Курстың мазмұнына талдау осы пән бойынша алынған қоры-
тынды бақылау көрсеткіштерімен (мысалы QAA жоғары білім беру 
сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Британия агенттігінің индика-
торлары), Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары 
тұрғысынан күтілетін нәтижелермен, сала/жұмыс беруші және/
немесе аккредиттеу агенттіктерінің белгілі бір талаптарымен (мы-
салы инженерлік бағдарламалар үшін ABET
69
бенчмаркинг және 
сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Курстың мазмұ-
нына, әсіресе зерттеу мәліметтеріне негізделген курстарға қатысты 
оқытушылардың көзқарастары да қатты әсер етуі мүмкін. Соңғы 
жылдары Еуропалық Тюнинг академиясы (Tuning Academy
70
) не-
месе АҚШ-тағы Жоғары білім тюнингі (Tuning American Higher 
69
https://www.abet.org/
70
http://tuningacademy.org/


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
94
Education
71
) сияқты жобалар білім беру бағдарламаларының 
мазмұны бойынша консенсусқа қол жеткізуге ұмтылуда.
Курсты әзірлеу барысында ескерілетін өзге де маңызды фак-
торлар мен тәсілдерге мыналар жатады:
• бағдарламаның бірізділігін және бағдарлама бойынша 
оқытудың барлық нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз 
ету үшін курс әзірлеушілері арасында ынтымақтастықтың 
болуы;
• осы пәнге тиесілі білім беру мазмұнын таңдап, оның 
құрылымын жасау тәсілдерін қарастыру (бұл ретте олардың 
инновациялық болуы міндетті емес екенін атап өткен жөн);
• білім беру мазмұнын таңдау, оны қабылданған нәрсе ретін-
де қабылдамау;
• білім берудің негізгі мазмұны (курс бойынша оқыту нәти-
желеріне қол жеткізу үшін) мен қосымша мазмұны арасын-
дағы айырмашылық, яғни оқыту нәтижелері мәнмәтінінде 
«үйренгенім жақсы болды» дегеннің бәрі;
• білім беру мазмұнын мұқият іріктеу. Бұл студенттердің 
оқуға деген көзқарасына әсер етуі мүмкін;
• студенттерді ынталандыратын және оқу нәтижелеріне қол 
жеткізуге көмектесетін білім беру мазмұнын таңдау (бұл 
тұрғыда алдыңғы курстар туралы студенттердің пікірлері 
пайдалы болуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет