Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



Pdf көрінісі
бет57/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   135
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Бағалау стратегияларын әзірлеу барысында оқуды бағалау мен оқыту 
үшін бағалау және оқыту сапасы арасында тепе-теңдіктің бар екеніне 
көз жеткізіңіз.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
110
Бағалау мен кері байланыстың өмірлік циклі
Бағалау мен кері байланыстың өмірлік циклі – бағалауға және 
кері байланысқа қатысы бар академиялық үрдістер туралы жалпы 
түсінік беретін академиялық үлгі (8-сурет). Бұл үлгі педагогикалық 
тұрғыдан бейтарап болуы керек деп жобаланады, яғни ол белгілі бір 
педагогикалық тәсілді немесе теорияны таңдаудан гөрі сұрақтар қо-
юға және ойлауды дамытуға көбірек көңіл бөледі.
Үлгіні формативті бағалауға да, жиынтық бағалауға да, сон-
дай-ақ кез келген оқу деңгейіне де, мейлі ол академиялық дәреже 
алуға арналған үш жылдық оқу немесе бір күндік қысқа курс болса 
да қолдануға болады. Үлгі материалдардың сандық форматта ұсы-
нылғанына немесе ақпараттық жүйелермен берілгеніне қарамастан, 
бағалау мен кері байланыстың барлық тәжірибесін қамтиды.
Үлгі пікірталас өткізуге ыңғайлы формат болып табылады және 
оны көптеген мақсаттарда қолдануға болады, мысалы:
• жекелеген мүдделі тараптарға бағалау мен кері байланысты 
әлдеқайда тереңірек түсінуге көмектесу;
• оқу жоспарын әзірлеу кезінде академиялық шешімдер қа-
былдауға шақыру;
• үздіксіз жетілдіріп отыру үшін тексеруді бастау.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
111
8-сурет. Бағалау мен кері байланыстың өмірлік циклі, 
Манчестер Метраполитэн
78 
университетінің бейімделген нұсқасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет