Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



Pdf көрінісі
бет55/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Бағалаудың курс бойынша оқу нәтижелерімен (және, негізінде, бағдар-
лама бойынша оқу нәтижелерімен және түлектің атрибуттарымен) 
сәйкес келуін қамтамасыз етуге арналған матрицалар жасаңыз.
НУ бағалау стратегиясы бағалаудың нақты, сенімді, ашық, инклю-
зивті, әділ және шынайы болуы керектігін, сонымен қатар қалыптасты-
рушы және жиынтық кері байланыс бағалау мен оқыту үрдістерінің 
ажырамас бөлігі болуын талап етеді.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
107
Студенттерді зияткерлік әлеуетін дамыту және көрсету мүмкіндігімен 
қамтамасыз ету НУ-дағы бағалаудың негізгі мақсаты болып табылады. Баға-
лау, сонымен қатар студенттерге өзінің оқу үлгерімі туралы ойлануға және өтіп 
жатқан бағдарламасы мен оның құрамындағы курстар бойынша нәтижелерге 
қол жеткізудегі жетістіктерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың негізгі 
бөлігі ретінде қарастырылады. 
НУ-дың бағалау қағидалары: 
Бағалау нақты болады, яғни ол студенттің оқу нәтижелеріне қол жет-
кізгенін анықтауға бағытталады;
Бағалау сенімді болады, яғни оның сенімділігін айқындау үшін сапа-
сын бақылау рәсімдерімен бірге ол нақты әрі қайталанатын болады;
Бағалау ашық болады, яғни бағалау туралы ақпарат толық және қол-
жетімді болады;
• Бағалау инклюзивті және әділ болады, яғни ол БАРЛЫҚ білім алушы-
ларға өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді;
• Бағалау шынайы болады (бұл мүмкін және орынды болатын кезде), 
яғни ол студенттің болашақ кәсіби қызметінің әлеуетті шарттарын 
көрсетеді;
Қалыптастырушы да, жиынтық та кері байланыс бағалау мен оқыту 
үдерістерінің ажырамас бөлігі болады.
Бағалау сонымен қатар студенттер арасында айырмашылықтарды айқын-
дауы тиіс, ол бағалауды үлестіруде көрініс береді. Институционалдық зерттеу-
лер мен аналитика осы үрдіске қолдау білдіру үшін мәліметтер береді және де-
ректерге негізделген шешімдер қабылдау үшін дәлелдер келтіреді. Бұл тәжірибе 
білім беру үдерісінің сапасын жақсартады.
Несие сәйкестендірілген бағалау оқытудан күтілетін нәтижелерге тиісті 
деңгейде қол жеткізілгенін көрсеткен кезде беріледі. Сапаны қамтамасыз ететін 
тетіктер бар (6-тарауды қараңыз), ол оқу нәтижелеріне университеттің бел-
гіленген академиялық стандарттарына сәйкес дәлдікпен және тиісінше қатаң-
дықпен қол жеткізілгенін көрсетеді.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
108
JISC (2010)
76
жоғары және кәсіптік білім беру саласындағы 
коммерциялық емес ұйым бағалауды төрт педагогикалық ұстаным 
тұрғысынан қарастырады (ассоциативті, конструктивтік, әлеумет-
тік-конструктивтік және жағдаяттық оқыту) және студенттердің 
оқу тәжірибесін жақсарту үшін кері байланыс арқылы бағалаудың 
әртүрлі тәсілдерін қолдануды ұсынады (6-кесте):
76
JISC (2010). Effective Assessment in a Digital Age. A Guide to Technology-Enhanced Assessment and 
Fedback. Available online: 
https://www.webarchive.org.uk/wayback/archive/20140613220103/http://www.jisc.ac.uk/media/
documents/programmes/elearning/digiassass_eada.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет