Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет58/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Тапсырманың сипаттамасы
Берілген кезеңде тапсырма түрі, әдетте, бағалау шкаласы тура-
лы түсінікпен бірге беріледі. Мысалы 3000 сөзден тұратын және кур-
стың жалпы балынан алынған мәні пайызбен көрсетілген есеп. Баға-
лауды дамыту үрдісінің осы кезеңінде оқытушылар студенттердің әр 
курс немесе өздері қабылдаған оқытудың басқа бөлігі үшін қалаған 
оқу нәтижелеріне қол жеткізгендігін жариялай алатынын көрсету-
ге тырысады. Оқу нәтижесіне қол жеткізілгенін көрсетудің көпте-
ген жолдары болуы мүмкін, сондықтан аталған кезеңде жасампаз 
(шығармашыл) және жаңашыл болу маңызды. 7-кестеде курс бой-
ынша оқыту нәтижелерімен бағалауды үйлестіруге арналған НУ-
дың қарапайым матрицасы көрсетілді.
78
https://www.celt.mmu.ac.uk/assessment/lifecycle/1_specifying.php
Тапсырманың 
сипаттамасы
Бағалау 
және кері 
байланыс
Студенттерге 
қолдау көрсету
Бағаны жариялау 
және кері 
байланысты 
қамтамасыз ету
Бағалау мен кері 
байланыстың 
өмірлік циклі 
Бағаны 
тіркеу 
Тапсырманы 
өткізу 
Тапсырманы 
орындау жөніндегі 
нұсқаулықты 
қамтамасыз ету
Рефлекстеу 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
112
НУ-дағы бағдарлама сипаттамасының бағалау матрицасы
Бағалау курста өткен сабақтың нәтижелеріне сәйкес келетініне көз жеткізу 
үшін әзірлеушілерден курс сипаттамасы үлгісінде матрицаларды толтыру талап 
етіледі. Оларға жоспарланған оқыту нәтижелері бойынша білім алушылардың 
үлгерімін өлшеу үшін пайдаланылатын бағалау тәсілдерінің сипаттамасын беру 
және күтілетін оқыту нәтижелеріне сәйкес бағалау тәсілдерінің кестесін жасау 
ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет