Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Бағалау кезіндегі академиялық адалдық



Pdf көрінісі
бет69/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

4.5 Бағалау кезіндегі академиялық адалдық
Академиялық адалдық университетте білім алу мен академи-
ялық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқытушылар мен 
студенттер адалдық, сенім, әділдік, құрмет пен жауапкершіліктің 
негізгі құндылықтары арқылы қоғамдастық пен оқыту мәдени-
етін қалыптастырады. Бұған дәйексөздер мен сілтемелерде қолда-
нылған дереккөздерді таныстыру, алдыңғы жұмыс қолданылғаны 
туралы хабарлама, нақты және шынайы деректерді ұсыну, этика-
лық және басқа да нормаларды сақтау, академиялық қызмет үшін 
қажетті барлық қабылданған стандарттарды сақтауы қамтиды.
Университеттің адалдыққа деген көзқарасының іргелі құрамдас 
бөлігі студенттердің академиялық адалдықты бұзуын, оның ішінде 
плагиат немесе сөз байласуларын ескеруі болып табылады. Осы 
тәртіп бұзушылықтардың салдары студенттердің алған білімдерін, 
түсініктері мен дағдыларын дәлелдеуге қалай бағалау жасалғаны-
на және қолданылғанына қайта бағалау жасалады.
Университеттердің академиялық адалдық құндылықтарын 
сіңіруінің және студенттердің жақсы академиялық тәжірибе (ақпа-
раттық сауаттылық, академиялық жазу және сыни тұрғыдан ойлау 
сияқты) алу үшін қажетті дағдыларды дамытудың бірқатар мүм-
кіндіктеріне кепілдік беруінің институционалдық тәсілдерін әзір-
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Қалыптастырушы кері байланыстың мүмкіндіктері әр курсқа қосылға-
нына және мұндай кері байланыс нақты, тұрақты болатынына және 
оқуды жақсартуға бағытталғанына көз жеткізіңіз. 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
127
леуі өте маңызды. Академиялық қателіктерге байланысты бірқатар 
факторлар, оның ішінде студенттерді ынталандыру, жеке тәжірибе 
және мәнмәтіндік факторлар да бар. Академиялық адалдық мәсе-
лелерін шешу үшін университеттер студенттердің жетістіктеріне 
жасалатын қысымнан бастап оқу жоспарының жалпы дизайнына 
дейінгі факторлар ауқымын ескеруі тиіс.
Жалпы, университеттер студенттерге әрі қарай оқуға дайында-
луға көмектесетін тәрбие шаралары мен тәртіптік жазаларды тең-
герімде ұстауы керек. Сонымен қатар университеттер академиялық 
адалдықты бұзуға ең төменгі төзімділік көрсету керек. Тәрбие тұрғы-
сынан алғанда, академиялық адалдық құндылықтары бағалау әдістерін 
жетілдіру, студенттерге оқуын дамытуға қолдау көрсету, ең үздік білім 
беру тәжірибесіне сәйкес келетін оқытушылар мен студенттерге ар-
налған саясат пен басқарушы нұсқаулықтарды енгізу және оқытушы-
ларды тарту мен кәсіби даму стратегияларын ілгері жылжыту секілді 
төрт басты аспектінің негізінде дағдыландырылуы мүмкін.
Бағалау дизайны әсіресе академиялық адалдыққа байланысты 
мәселелер үшін маңызды. Бағалаудың ұқыпты дизайны плагиат 
пен академиялық адалдықтың басқа да тәртіп бұзушылықтарының 
орын алуын барынша азайтуға көмектеседі. Академиялық адал-
дықты бұзу мүмкіндігін барынша азайтатын бағалау әдістерінің 
мысалына ауызша бағалау тапсырмалары, тұсаукесер, жазбаша 
таныстырылымдар (жеке немесе топтық), сұхбат немесе ауызша 
емтихандар тәрізді сауалнамалар және семинарлардағы пікірта-
ластар сияқты сыныптағы «тірі» бағалау түрлері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет