Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
127
леуі өте маңызды. Академиялық қателіктерге байланысты бірқатар
факторлар, оның ішінде студенттерді ынталандыру, жеке тәжірибе
және мәнмәтіндік факторлар да бар. Академиялық адалдық мәсе-
лелерін шешу үшін университеттер студенттердің жетістіктеріне
жасалатын қысымнан бастап оқу жоспарының жалпы дизайнына
дейінгі факторлар ауқымын ескеруі тиіс.
Жалпы, университеттер студенттерге әрі қарай оқуға дайында-
луға көмектесетін тәрбие шаралары мен тәртіптік жазаларды тең-
герімде ұстауы керек. Сонымен қатар университеттер академиялық
адалдықты бұзуға ең төменгі төзімділік көрсету керек. Тәрбие тұрғы-
сынан алғанда, академиялық адалдық құндылықтары бағалау әдістерін
жетілдіру, студенттерге оқуын дамытуға қолдау көрсету, ең үздік білім
беру тәжірибесіне сәйкес келетін оқытушылар мен студенттерге ар-
налған саясат пен басқарушы нұсқаулықтарды енгізу және оқытушы-
ларды тарту мен кәсіби даму стратегияларын ілгері жылжыту секілді
төрт басты аспектінің негізінде дағдыландырылуы мүмкін.
Бағалау дизайны әсіресе академиялық адалдыққа байланысты
мәселелер үшін маңызды. Бағалаудың ұқыпты дизайны плагиат
пен академиялық адалдықтың басқа да тәртіп бұзушылықтарының
орын алуын барынша азайтуға көмектеседі. Академиялық адал-
дықты бұзу мүмкіндігін барынша азайтатын бағалау әдістерінің
мысалына ауызша бағалау тапсырмалары, тұсаукесер, жазбаша
таныстырылымдар (жеке немесе топтық), сұхбат немесе ауызша
емтихандар тәрізді сауалнамалар және семинарлардағы пікірта-
ластар сияқты сыныптағы «тірі» бағалау түрлері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: