Білім беру бағдарламасы 022-2023 оқу жылының көктемгі семестрі курс, қазақ бөлімі


Бала сөзінің дамуын зертеген Выгосткий оны 3-ке бөлді



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата06.10.2023
өлшемі375,53 Kb.
#113115
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бала сөзінің дамуын зертеген Выгосткий оны 3-ке бөлді 
әлеуметтік сөз, 
эгоцентрикалык сөз, ішкі сөз 
Баланың әлеуметтік сөйлеуінен бөлініп эгоцентрлік сөйлеуінің негізінде баланың 
ішкі сөйлеу тілі пайда болады, бұл оның ойлауының негізі болып табылады, әрі көркем, 
әрі логикалық ойлау десек те болады.
Тіл - сөйлеу құралы. Оны халықтың жүздеген ұрпақтары құрайды және үнемі 
байытылып отырылады. Тіл дегеніміз - адамның ақыл-ой әрекетінің және қарым-
қатынасының құралы, адамның өзіндік санасын білдіру тәсілі, ұрпақтан ұрпаққа ақпарат 
беру және сақтау құралы ретінде қызмет ететін кез-келген физикалық сипаттағы белгілер 
жүйесі.
Сөздік белгінің касиеті біздің теориялык іс-әрекетімізді шарттандырады, сөздің 
мәнінен айырмасы сол ол жеке мағына (личностный смысл) дегенді көрсетеді, жеке 
мағына адамның іс-әрекет жүйесінде орын алған объектінің адамның жеке санасындағы 
көрінісі. Мән (яғни значение) сөздің әлеуметтік маңызды белгілерін біріктірсе, онда 
жеке мағына сол мазмұнды басынан өткізген субъективті әсерлену. 
С.Л. Рубинштейннің тұлға сөздік (речевой) іс-әрекеттің субъектісі дейді. Сондай іс-
әрекеттердің бірі ол карым-катынас , ал карым-катынас сөйлеу аркылы жүзеге асады, яғни 
сөйлеу дегеніміз тілді индивидуалды колдану актісі, карым-катынас процесінде тіл 
аркылы ойларды, сезімдерді, ерікті білдіру процесі деп С.Л. Рубинштейн өте жаксы 
аныктама береді.
1.2 Енді Сөйлеудің түрлері және функцияларын талдаймыз 
Психологияда сөйлеудің екі формасы ажыратылады: сырткы және ішкі сөйлеу. Сырткы
сөйлеу речь ауызша (ол монолог, диалог) және жазбаша сөйлеу, сонымен катар қимылмен 
сөйлеу (речь жестов) және дыбыстық сөйлеу болады, ішкі сөз баска адаммен карым 
катынас жасауға бағытталмайды, осы дыбыссыз сөйлеу ойлау процесі ретінде өтеді,
оның екі түрі бар: ішкі сөз және ішкі айтылым 
внутреннее проговаривание.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет