Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі


Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты



бет22/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты
Тіл-белгілі құрылымы,жүйесі және қызметі бар,біртұтас құрылым.Яғни тілге құрылымдық (структура),жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән,нақтылы мазмұны болады.Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық.Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік.
Құрылым деп,әдетте,бүгінгі нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастардың тілін,қаңқасын немесе сұлбасын айтады.
Ол бүтіннің бір тектес элементтерінің ара қатынасын және бірлігінен тұрады.Элементтер яғни тілдік бірліктер мыналар: 1)дыбыс (фонема),2)морфема,3)сөз,4)сөз тіркесі,5)сөйлем және 6)мәтін.
Дыбыстар (фонемалар)-есту мүшелері арқылы қабылданатын,бір морфеманы екінші морфемадан,бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п,с,т,д,м,н дыбыстары пән, сән,тән, мән,нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр.
Морфема-дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік элемент.Морфеманың түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы,бала+лық,ағаш+тың бұтағ+ы) деген түрлері бар.Бұлардың,яғни жұрнақтар мен жалғаулардың әрқайсысының білдіретін мағыналары болады.Мысалы,сөз тудырушы мағына,сөз түрлендіруші мағына (яғни сөздердің байланысын,бір-біріне қатынасын білдіретін мағына) т.б. Морфема бір,екі немесе одан да көп фонемадан құралуы мүмкін. Мысалы: бар+са+м,бар+са+ң,бар+а+ды.
Сөздер заттар мен құбылыстарды,сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды,солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бқл қызметін-номинативті (атау болу) қызмет деп атайды.
Сөйлем ойды,байымдауды білдіреді,бір нәрсені хабарлау қызметін атқарады.Сөз номинативтік қызмет атқарса,сөйлем коммуникативтік (пікір алысу,сөйлесу) қызмет атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін сөйлемдер арқылы іске асырады.
Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір қабатының (деңгейінің-уровень),мысалы фонетикалық,морфологиялық,лексикалық,синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз құрылымы,өз жүйесі болады.Әр құрылым мен жүйенің,мәселен,фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол жүйенің мүшелері ретіде қызмет етеді.
Олай болса жүйе дегеніміз не? Жүйе дегеніміз- өзара байланысты біртектес элементтердің реті,заңды бірлігі. Ол заттық негіз (материя,субстанция),құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен,олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады.Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.Яғни жүйе- рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас құбылыс (бірлік).Жүйе материя мен құрылымның бірігуі,қосылуы түрінде өмірсүреді және белгілі бір қызмет атқарады.
Сондай-ақ,жүйе дегенді - өзіне тән айрықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деп те айтуға болады. Тіл құрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынаста,өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін құрайды.
Тілдің жүйелік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық,лексикалық,грамматикалық) көрінеді.Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында "дауысты дыбыстардың жүйесі", "дауыссыз дыбыстардың жүйесі" деген тақырыптар бар.Ол,әрине,тегін емес.Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ащық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және біріне қарама-қарсы қойылып топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі.
Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса,екінші белгісі бойынша олар біртектес болып келеді. Мысалы: ы мен і дыбыстары тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы дыбыстар (ы-жуан, і-жіңішке),ал еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік).Осы тәрізді жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы, Б мен П дыбыстары дауыс қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-ұяң), ал жасалу орны жағынан -біртектес дыбыстар (Екеуі де ерін дауыссыздары)
Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші бір элементтің болуын аңғартады. Мысалы, септелудің жүйесі кемінде екі септепдің,жіктелудің жүйесі кемінде екі жақтың (1-жақ,2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден болса, онда олар жүйе құрай алмаға болар еді.
Әрбір сөз өзінше өзгеріп,өзінше түрленбейді.Олардың өзгеруі мен түрленуінің белгілі бір жүйесі,белгілі бір заңдары,формалары болады.Ондай жүйелер мен заңдар және формалар бір сөзді ғана емес,белгілі бір топқа енетін сөздердің күллісін қамтиды.Мысалы,зат есімдердің септелуін алалық.Тек зат есімдер ғана септеледі және белгілі бір үлгі бойынша ғана септеледі.Бұлар зат есімнің барлығына тән.Осындай болғандықтан ғана біз септелу жүйесі туралы сөз ете аламыз.Егер зат есімдердің әрқайсысы өзінше септелсе,онда сөздердің септелуін де біліп алу, оқып үйрену де мүмкін болмас еді.
Құрылымдық,жүйелілік қасиет тілдің синтаксистік саласыан да айқын көрінеді.Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер (формалар) арқылы іске асады.Тіл-тілде сөздердің тіркесуінің матасу,меңгеру,қабысу,жанасу деп аталатынтәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес,тіркесуші сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды.Сөйтіп,сөздердің байланысу тәсідерінің жүйесін құрайды.
Тілдің әр түрлі қабаттары (деңгейлері) және олардың элементтері өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады.Мысалы, терезе деген сөзді алалық. Ол т, е, р, е, з, е деген дыбыстардың тіркесінен жасалған,бұл оның фонетикалық жағы;аталған сөз- зат есім,атау септігінде тұр,жекеше,бұл оның грамматикалық мағынасы;ол сөздің "үйге жарық түсіретін әйнегі бар жақтау" деген мағынасы тағы бар,бұл оның лексика-семантикалық жағы.Демек,әрбір сөзде тілдің фонетикалық,лексикалық,грамматикалық жақтары (аспектілері) ұштасып келеді.
Септік категориясы-негізінен алғанда,морфологиялық категория.Дегенмен,оның синтаксистіқ жағын мойындамау дұрыс болмаған болар еді.Септіктер сөздерді бір-бірімен байланыстырып,синтаксистік қызмет атқарады.
Тіл-әртүрлі элкменттердің кездейсоқ жиынтыңы емес,бөлшектері бір-біріне тәуелді,өзара тығыз байланысты,шартты қатынаста тұратын бүртұтас жүйе (система).Оның бір бүтін күрделі тұлға екенін алғаш айтқан ғалым- В.Гумбольдт.Бірақ бұл мәселенің мықтап қолға алынуы,оны зерттеуді тіл білімінің басты міндеті деп санау Ф.де.Соссюр еңбектерінен басталады.
Ф.де.Соссюрдің ойынша,әрбір тіл-бөлек-бөлек жүйелер.Ол жүйелер өзара тығыз байланыста тұратын әр түрлі элементтерден құралады.Жүйе элементтерінің мәні оларды бір-біріне ұқсастыру,я қарама-қарсы қоя қарау арқылы айқындалады.
Тілдік құрылым,тілдік жүйе деген терминдер өзара тығыз байланысты.Бірақ олар тепе-тең емес;бір-бірінен өзгешеліктері бар.
Жоғарыда айттық, жүйе болу үшін бес түрлі шарт қажет:
Бірінші,бір заттан ешқандай жүйе тумайды.Жүйе болу үшін,бірнеше зат болуы керек.Екінші, ол көп заттың бір тектес болуы шарт.Үшінші,кез келген бір тектес көп зат жүйелі бола бермейді.Ол үшін олар белгілі бір тәртіпке келтірілген болуы керек. (Мәселен,жіктік,септік жалғауларының реті т.б.).Төртінші,тәртіпке келтірілген заттардың элементтері өзара байланысты,шартты қатынаста болуы қажет.Бесінші,ол элементтер бүгінге тәуелді болуы шарт. Міне, осы сияқты "керектер" мен "шарттар" түгел болса ғана жүйелілікті іздеуге болады.
Енді тілдік жүйе дегенге анықтама беріп көрелік.
Тілдік жүйе дегеніміз-таңбалар жүйесі,элементтер қатынастарының жүйесі.
Лингвистикалық әдебиеттерде тілді кейде "жүйелер жүйесі" деп те атайды.Оның себебі тіл бір бүтін жүйе бола тұра,өз ішінде әртүрлі ірі жүйелерге,ірі жүйелер әр түрлі ұсақ жүйелерге бөлініп кетеді.Ондай ірі жүйелердің қатарына әдетте тілдің фонетикалық,лексикалық,грамматикалық жүйелерін жатқызады.Мысалы,фонетикада:жауысты дыбыстар жүйесі,дауссыз дыбыстар жүйесі; дауысты дыбыстарда:жуан дауымтылар жүйесі,жіңішке дауыстылар жүйесі т.б.
Ірі және ұсақ жүйелерге морфемалар да жіктеліне алады.Мысалы,морфема өз ішінде түбір морфема,қосымша морфема деген топтарға бөлінсе,қосымша морфема өз ішінде сөз туғызушы, сөз түрлендіруші морфема деп аталатын,алдыңғылардан гөрі ұсақ топтарға бөлінеді.Ол-ол ма,сөз түрлендіруші қосымшалардың өзін септік,көптік,жіктік,тәуелдік жалғаулар деп,олар бұрынғыдан да гөрі ұсақ топтарға,айталық септік жалғаулары:атау септік,ілік септік,барыс септік,табыс септік,жатыс септік,шығыс септік,көмесктес септік болып жіктеліне алады.Сөйтіп,бұлар тілдің бір тұтас морфемалық жүйесін құрайды.
Дәл осылар сияқты ірі,ұсақ топтарға лексикалық және синтаксистік қабаттар да бөліне алады.
Естеріңізге сала кетейін, ірі жүйеге ( бір тұтас тілдік жүйеге) мүше болатындар- әртектес элементтер.Бұлар бір-бірімен тек иерархиялық қатынаста тұратын әртектес элементтердің жиынтығы деген анықтама беруге болады.Ал олардық құрамына енетін ұсақ жүйелердің құраушы бөлшектері біртектес болады және бір-бірімен синтагмалық,парадигмалық қатынаста тұрады. Бұларға "өзара синтагмалық,парадигмалық қатынаста тұратын біртектес элементтердің жиынтығы" деген анықтама сай келеді.
Олай болса,жүйе бар деу үшін нені өлшем етіп алуымыз керек?
Біраз ғалымдар"бір-бірімен салыстыруға,біріне-бірін қарсы қоя қарауға болатын өзара байланыста шартты қатынаста тұратын бір тектес элементтер жердің бәрінде де жүйе бар"дегенді айтады.Шындығында да,өз алдына бір топ деп бөлу үшін өзара теңестіруге,бір-біріне қарсы қоя қарауға болатын біртектес,бірнеше элементтердің болуы шарт.Мысалы.етістіктің өткен шағының өз алдына бір топ болып бөлінуі-онда осы шақ пен келер шақтың болуынан.Сол сияұты,жалаң сөйлем тобы жайылма сөйлем болмаса, немесе етістіктің болымдылық формасы (мағына) болмаса, сондай-ақ орыс тіліндегі совершенный вид,несовершенный вид болмаса-танылмаған да,бөлінбеген де болар еді. Асылы, Ф.де.Соссюр "Тілде ұқсастықтар мен айырмашылықтардан басқа еш нәрсе жоқ" дегенде,осы сияқты ерекшеліктерді еске алған болуы керек.Белгілі бір тілдік элементтер тобын бір жүйе деп санау үшін, олардан синтагмалық,парадигмалық,иерархиялық қатынастардың болуын ең негізгі өлшем етіп алуым керек екен.Сонда тіліміздің дыбыстық,морфемалық,сөздік,сөйлемдік жүйелері өз ішінде және бір-бірімен синтагматикалық,парадигматикалық және иерархиялық қатынасқа келулері арқылы біртұтас тілдік жүйе құрайды.Дыбыстар жүйесінсіз морфемалардың,морфемалардың жүйесінсіз сөздердің болмайтыны мияқты,сөз тіркестері жүйесінсіз сөйлем де болмайды,Яғни олардың бірінің өмірі,мән-мағынасы біріне тәуелді,өзара шартты қатынаста,байланыста болады.
Сонымен,тілдің әрбір қабаты және тілдің өзі өз алдына біртұтас жүйе екен.Жүйе деп- тілдік элементтердің белгілі бір тәртіппен орналасқан,бір-бірімен тығыз байланыста,шартты қарым-қатынаста тұратын элементтердің бірлігін айтамыз.
Енді тілдік жүйе (система) мен құрылымныі (структура) арақатынасына,айырмашылығана келелік.Бұл екеуі бір нәрсе емес,оларды бір-бірінен бөліп қарау керек.Бірақ бұлардың өзара тығыз байланыстығын,кейбір жағдайларда тіпті бірін-бірі толықтыра,айқындай түсетіндігін айтпай кетуге болмайды. Екеуі де тілдік элементтер қарым-қатынасы мен байланыстарының жиынтығы.Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: жүйе -тілдік элементтердің және олардың қатынастары мен байланыстарының жиынтығына,бірлігіне қатысты ұғым.Құрылымсыз жүйе болмайды.Жүйе бар жердің бәрінде де құрылым бар.
Құрылым жүйенің негізгі компоненті,оның ажырамас,мәнді қасиеті.Өйткені құрылым дегенміз-жүйе элементтерінің ішкі тіні, бір-бірімен байланысы,қарым-қатынасы,Бір-бірімен байланыста,қатынаста тұратын жүйе элементтері жоқ жерде құрылым да жоқ.Жүйенің қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарай оның құрылыма да әртүрлі болады.Мысалы,тілдің дыбыстық немесе морфологиялық жүйелердің құрылымы мен бұлардың (фонетика,лексика,грамматика)бірлігінен тұратытын тұтас тілдік жүйе құрылымы арасында елеулі айырмашылықтар бар:Айталық,алдыңғыларға қарағанда соңғының (тілдік жүйенің) құрылымы мейлінше күрделі әрі көлемді.
Сонымен, тілге құрылымдық,жүйелілік сипат тән екен.Түлдік жүйе дегеніміз-тілдік элементтер мен құрылымдардың ретті жиынтығы.Құрылым-жүйедегі тілдік элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы.Бұл жердегі негізгі әңгіме тілдік жүйелердің құрылымы туралы болуы керек.Яғни тілдік құрылым-тілдік жүйенің құрамдас бөлігі.
Ендеше,тілдік құрылым,тілдік жүйе деп-бір-бірімен байланысып тұрған,тәртіпке түскен,біртектес және әртектес тілдік элементтер мен олардың өзара қатынастарының,байланыстарының жиынтығын айтамыз.

13 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет