Сана мен тіл. Жалпы психологи санада пайда болған ұғым алдымен адам мина келіп түскен сигналдарды қабылдау арқыы түйсіктен басталып, елес, түсінік, ой, ұғымға ұласатынын көрсетеді. Сонда мұндағы ой адам санасы мен тіліне қарағанда кең ауқымды қамттитынын білдіреді. Ойлау сезімдік, абтрактілік формаға көбірек бейім болса, сана оның мазмұндық жағын алады. Бұл тұрғыда ойлау сөйлеуге, сана тілге жақын. Сана тіл арқылы жасалып, тілді қолдана отырып дамиды. Ойлау мен сөйлеу жеке, сана мен тіл жалпы болатыны сондықтан. Әркім өзінше ойлап, өзінше сөйлеуі мүмкін, бірақ мұның бәрі жалпы тиіл, жалпы сананы құрайды. Сана-инвариант, ойлау-вариант болатыны сияқты, тіл-инвариант, сөйлеу-вариант болады. Сана-бүкіл этностиытың, әлеуметтің ғачсырлар бойы жасаған ой еңбегінің нәтижесі. Сол сананы жеке адам ойына көшіру тіл арқылы жүзеге асады.
Ой мен жазу. Сонымен, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау арасындағы осындай пайымдауларды қорыта келіп, біз енді жазу жүйесінің доминанттылығымен байланысты адам ойы ауызша тілді делдалдамай-ақ, бірден жазба тілге айнала алатынына көз жеткізе бастаймыз. Әрине, мотив арқылы туған ойдың ішкі сөйлеуде предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, одан әрі айтылымның логикалық құрылымының түзілуі және сыртқы тілдің синтаксистік құрылымына айналуында ауызша тілдің қызметі жоқ емес. Өйткені жазба мәтін алдымен ауызша айтылып, сосын қағазға түсіру әдісі көбірек қолданылады. Немесе бірнеше рет қайталанып, айтылып жүрген ой ғана өзінің ақиқаттығына жеткенде жазуға түсуі мүмкін. Мысалы, ауызша түсіндіріліп келген оқымыстының дәрісі соңында барып, дәрістер жинағына, не оқу құралына айналатын кезі сирек емес. Бірақ Б.де Куртенэ айтқандай, сауаты жоқ адамның басында бұл елеспен қатар сөздердің графикалық кескіні мен оптикалық бейнесі қатар орналасып, соңғысы күштірек болады. Қазіргі адамның санасы сөз мағынасын оны қалай естілетініне қарамастан, графикалық портретін елестетіп барып түсінеді. Өйткені ондай әлеуметтің көбі тыңдағанға қарағанда көбірек оқиды, сөйлегеннен гөрі көбірек жазады. Әрине, бұл өз ойын жазба жүйе арқылы шығаратын тіл тұтынушылар туралы екені белгілі.
В.А.Истриннің жазба мәтін графикалық құрылымы негізінде ауызша тілге қарағанда өзге мағыналық реңк алып кетеді дегені де, біздің ойымша, осымен байланысты. Ғалым жазба мәтінді оқу жазу-сана байланысын көрсетеді. Іштей оқуда, оқырманның сөздік қоры сөз мағынасы мен оның графикалық бейнесін ассоциациялауға жеткілікті жағдайда жазу-ой түрінде болады, жазу мен ойдың тура байланысы жазудың жетілген, жоғары сатысында пайда болады деген. В.А.Истрин цифрлар әр тілде әртүрлі аталады, бірақ мағына біреу, сонда бұл таңба сөзбен емес, ұғыммен яғни ойлаумен тікелей байланысты болды. Мысалы, адам санасындағы ұғым дыбысталмай-ақ, жазуға айналатын кездер болады. Айталық, ғылыми техникалық таңбалар, формулалар, сөздің фонетикалық, кинесикалық бейнелері болмайтын кейбір оқылуларының болуы «ұғым-термин-жазу таңбасы» сатыларының жиі қайталанып келіп, «ұғым-жазу таңбасына» айналуынан шығады» дейді. Ой-жазу процесін түсіндіру қиындығы бұл кезеңдердің санасыз, автоматты түрде өтуіне, әрі ойдың таңбалық сипаты жоқтығына байланысты.
Ой-жазу процесін жазу-ой қатысында көрсетуге болады. Өйткені жазу-таңба, оның тұрпаты бар. Сонымен, көз жазба мәтінді көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық портреттермен ассоциация жасайды. Сөздің адам санасында бейленген графикалық портреттері, синтаксистік, пунктуациялық белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріп алынады және астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем мәні екшеледі. Өйткені жазба мәтіннің жөнделу, редакциялану мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен басқа үстіңгі мәтіндік құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, жасырын қалады. Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға көшірудің мәні бар.
Жазу-ой процесін мәтіннің графикалық «өмірінен» бастап көрсетуге болады. Өйткені көз қармап көру үшін графикалық кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы маңызды. Көз мәтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық мән мәтінде алып оқиды. Сөздің графикалық кеңістіктегі орны ( азатжол, парақ басы, соңы), мазмұны (бас әріп, кіші әріп), дыбыстық мағынасы (әріп түрлері), мәні (қарайтылған, асты сызылған, жазба әріптер, үзілмелі жазылған), тыныс белгілер арқылы мәтін мазмұны сол графикалық портретімен қоса адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу жазба тілдегі синтаксистік құрылымды ауызша тілдің синтаксистік құрылымына айналдыруды қажетсінбей-ақ, санасында орналасқан сауатты адамның елесіне сәйкес, жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп, предикатты қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің мазмұнын ойға көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында алдымен, әрине, ауызша тілдің грамматикалық құрылымына көшіріледі. Жазба тілаудиториясының көмескілігі, вербалды емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы жазба мәтіннің грамматикалық құрылымын жаңа сатыға көтереді. Бұл кейде ішкі сөйлеу мазмұнына дәл шықса, кейд тереңдеп, мотивті айқындайды.
Сонымен, жазу-ой қатынасын былай көрсетуге болады:
Жазба мәтін
↓
Графикалық контекст
↓
Графикалық портрет
↓
Үстіңгі синтаксистік құрылымды қабылдау
↓
Ішкі сөйлеу
↓
Түсінік, ойлау
Сонда, біздің ойымызша, пиктографиялық жазу мен қазіргі дыбыстық жазу түрлерінің негізінде жетілген жазба тілдерде әріпті фонема арқылы дыбысқа айналдыратын сипат болмайды.
Сурет жазуда салынған таңбаларды оқу үшін белгілі тілді білу шарт болмады. Салынған таңбаны генетикалық жағынан байланысы жоқ тілдер оқи алмаса да, мәдени, экономикалық, әлеуметтік жағдайы ортақ халықтар, туыс тілді ұлыстар бір-бірінің тілін түсінбесе де оқитын болды деп ойлаймыз. Өйткені сурет жазуда ой-жазу, жазу-ой қатынасы болды. Ал буынжазу, дыбысжазуда белгілі тілдің дыбыстық сегменттерін таңбалап, әр тілдің өз жазуын жасады. Дыбыстық тілдің қалыптану кезеңдерінде ой- ауызша тіл- жазу қатынасы болады.
Ал ендігі сауаттану деңгеці жоғарылаған, оқудың автоматтанған дәуірінде ой жазу, жазу- ой қатынасында болатын сияқты. Сонда ойлау <ішкі сөйлеу< сыртқы тіл <дыбыстық тіл < графикалық тіл сатылары арқылы жазба тілге айналады.
Сыртқы тіл мен дыбыстық актісінің арасындағы сіл кідіріс ойдың жүйелі шығуына көмектеседі. Сондықтан санада жетілген ойдың материалдану жолдары да қиын болмайды. Бұл ауызша тіл мен жазба тіларасына да байланысты. Үнемі ауызша тілде реалданып жүрген ой бір мезгілде жазба тілмәтініне айналады.
Зерттеушілер арасында жазуды ауызша тілге қатыссыз ойды бірден жарыққа шығаратын құрал ретінде танитындар бар (А.С.Чикобава).
Бүгінгі әдебиетте жазу арқылы ойлану басым. Морфологиялық синтаксистің билігі күшті болған жазба тілде қазір логикалық синтаксис басым, сөйлем құрауда ассоциациның билігі бар, тура мағынадан гөрі астыртын мағынадағы сөздерді көп қолданатын психологиялық синтаксис күшейіп келеді. Автор индивидуалды кодификация жасайды, оның кодын әр оқушы өзінше ашады, өзінше түсінеді. Сондықтан қазіргі ақын-жазушылар шығарма-ларының тілі XVIII ғ. ақын-жазушыларының тіліне ұқсамайды, сондай- ақ өткен ғасыр оқырмандарына да түсініксіз болар еді.
Жазба тілдегі мұндай процеске ақпарат тарату жағынан поштаға қарағанда 700 есе жылдам (300 есе арзан) гипермедиа- интернет жүйесінің жылдамдығы да әсер етпей отырған жоқ. Өйткені бүгінде интернет тілі әдеби, ауызекі, жазба тілге конкурент болып келеді.
Ғалымдар XX ғ. аяғы стильаралық айырмашылықтардың азаюымен, әдеби тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің көбеюімен ерекшеленеді дейді. Бұның бәрі іштен шыққан ойдың ішкі тілдік сүзекіден өтпей, яғни астыңғы құрылымының үстіңгі құрылымға көшірілмей (немесе керісінше), жазба мәтінге айналуынан шығады. Бұдан бүгінгі жазба тілареалдарында жазудың екі түрлі бағытта қолданыс тауып отырғанын байқаймыз: 1) жазба тілді өз нормасы мен жүйесінде жұмсау; 2) жазба тілмен ауызша тіл аражігін жымдастыра жұмсау, шегін айырмау, жазба-ауызекі тіл жасау, яғни жазба тілде ауызекі тіл элементтерін жиі қолдану.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе бүгінгі күн адамдарының санасында жазу-ойлау қатынасы бар деген ойға келеміз.
№3 дәріс тақырыбы: Жазба тіл және оның ауызша тілден ерекшеліктері