Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері. Жазу жүйесінің күрделілігі неден басталады, ауызша тіл мен жазба тіл арасы қандай деген сауалдар төңірегінде ойлану үшін алдымен ауызша тілдің өзіне тән ерекшелігін саралау керек. Ауызша тілдің өзіне тән ерекшелігін саралау қажет. Ауызша тілдің өзіне тән ерекшелігі айқындалса, жазба тілдің белгілері екшеледі. Сөйлеу тілін зерттеу тілдік жүйені жүзеге асыру мүмкіндіктері мен перспективасын білуге қызықты деректер бере алады, ол арқылы тіл мен сөйлеу арасын анықтауға болады.
Ауызша тіл дегеніміз ішкі сөйлеуді дыбыстау мүшелері арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын, тілдік жүйе немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы.
Ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айтылатын сөзді сол мезетте сол қалпында қайталау мүмкіндігі жоқ тіл.
Ауызша тілде ең алдымен, сөз экономикасы болады. Ол: коммуниканттардың паралингвистикалық, экстралтнгвистикалық, суперсегментті тәсілдер қорына: интонация, жест, тон, темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға ие болуынан;
- конституция коммуникациясыныңтолық мүшесі болуынан, қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан;
- осыған байланысты сөздердің семантикалық байланысының күштілігі, морфологиялық формасыз, шылауларсыз байланыса беруінен;
- аналитизм, инверсияның күштілігінен;
- коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын мазмұнның болуынан шығады.
Мысалы, үй іші жағдайындағы екі әйелдің әңгімесінен “Бір айдай жатып, жұмысқа бармай,қашып барса,бәрін осыған жауып, оңбағандар,содан мойнына бәрін ілген,алғанын да,алмағанын да, содан қойшы әйтеуір, мен білем,таза екенін,бір құдайдың,өзі біледі,маған айтты бәрін жыр қылып, сол құртып кетті,баланың күйдіріп ап,қайта құдай сақтап,бұны шақыртып, жақсы болған жерден шақыртып,бір уақытта Тукаш келді,айтып берді Данияр.Әлі күнге дұрыс тұра алмайды ешқашан”деген мәтін жазылып алынды. Бұл сөйлемдердің мағынасын адресат (екінші әйел) түсініп, қоштап, бірге айтысып отырады, өйткені екі коммуникант арасында білім аясы ортақ. Диалог қысқа, жүйесіз, тілдік элементтерге тапшы болса да, ІІ-коммуникант сөйленіс мазмұнын түсініп, имплицитті ойларды эксплициттеп қабылдап отырады. Бұл қысқа құрылымда мынадай ой болған: Баланы күйдіріп ап, қайта құдай сақтап, жақсы болған жерден шақыртып дегенге «Әйелі кішкентай баласын күйдіріп алыр, басқа жерде жұмыс істеп жүрген(жап-жақсы болған жерден) күйеуін шақыртып алады.Құдай сақтап, баласы тез жазылып кетеді.Жұмыстан рұқсатпен, заңды түрде кетпей, мойнындағы жауапкершілікті сезінбей, Д.сол кеткеннен жұмысқа бармай қояды. Бір айдан кейін іздеу салған соң, жұмыс орнына барса, Д-ның жауапсыз кеткенін пайдаланып, олар барлық шығынды Д-ның мойнына жазып қойған. Д. Болған оқиғаны шешесі мен бір құдайдың өзінен басқа ешкім білмейді.Міне,со келеңсіз оқиғадан бері Д.-ны еш қай жер жұмысқа алмай келеді».
Егер жоғарыдағы сөйленіс элементтері соңғы-толымды баяндау тәсілімен ауыстырылса, ауызекі коммуникация мақсатына жетпес еді. Адресатқа алдыңғы мәтіндегідей әсер етпес еді. Екі коммуниканттың білім аясының ортақтығы вербалды тәсілдің үнемделуіне әкелген, сөйленістің жүйесіз, семантикалық байланыс ауызша коммуникацияны мақсатына жеткізген деп ойлаймыз.
Сондай-ақ “талай қазы-қарта... тәтті еді”. “ Мұғалім емеспін... қалай мен”деген ауызекі тілден таспаға жазылып алынған сөйлемдерде “талай қазы-қарта(жеп едік), (керемет) тәтті еді.” “Мұғалім емеспін, қалай мен (тәрбие беруім керек?)”деген толымды сөйлем үнемдеген.
Сонымен бірге 75-тен асқан қарт адамның мына монологтік сипаттағы сөзі таспаға жазылып алынып еді: “Санияздың ішінде қыпшақ боламыз.Е-е-е, қыпшақ енді сол, қыпшақтан тараған, Мәуітбай, Құрымбай, Келесбай, е-е-е, одан кейінгі атамыз біздің, Күдері, Күдеріден тарайд, Күдеріден, міне, Әміре деген туад, Әміреден кейін Молдабай туад, Молдабайдан кейін Дәулетжан, Дәулетжаннан кейін Қайнолда, Баймолда деген бес ұл,бір қыз болған, Уәзипа деген. Осының бәрі Күдеріден туады. А-а-а-а, Күдеріден кейін, міне,Күдеріден ана Әміре туады, Әміреден Дәулетжан, Қайнолда, Баймолда, Молдабай, ә-ә-ә, Уәзипа қыз Күдеріден туады ғой.Енді Әміреден, міне Мәкей туад, Бимолда туад, Марфуға туад.Мен Молдабайдан туам, Молдабайдың баласымын.Менің баладарым, міне Қиқар, Күзай, Бақытгүл деген қыз, оның баладары бар. Баладарым, келенім бар, Алтынай деген, Жеңісқан деген . Ол кезде жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт, Мәкей де барған,Марфуға да барған. Бимолда да барған ана жаққа. Ол жақта мен оқуда болдым, оқу жасында жүрдім. Көбінеки егінде болдық.
Біздің мына Қаражал деген мына, Маңырақтың арғы жағында Ыңғайлы бар ғой, Ырғайлының ар жағында Қаражал деген қыстауымыз болған. Талдыбастау деген жер екен. Сол қыстауымыз болған. Сол кезде көп... жоқ, аздап-аздап ана, сонан кейін мал бағамыз. Ол кезде олар қайда а-а-а, Бақалыда болды ғой деймін. Малмен жақсы болған. Мәтіндегі аналитизм, сөз қайталау, хезитация (ол кезде жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт;Мәкей де барған, Марфуға да барған.Бимол да барған. Қыпшақ енді сол,қыпшақтан тараған.Одан кейінгі атамыз біздің, Күдері, Күдеріден тарайд,Күдеріден міне, Әміре деген туад) мәтін құрау үстінде табылған қолданыстар (малменен жақсы болу,оқу жасы, кедейшілік мына, Маңырақтың арғы жағында Ыңғайлы бар ғой, Ыңғайлының ар жағында Қаражал қыстау болған. Кудеріден, міне, Әміре деген туад), сөзді редукциялау (сол кезде көп... жоқ, аздап-аздап нан...) ауызша тіл ерекшеліктеріне жатады.
Ауызша тілдің көбіне екі жакты болатыны, яғни коммуниканттардын бір-бірін көріп отыруы, мобильділік, кайта реакция жасау мүмкіндігі оның құрылымына әсер етеді. Сондыктан бір сарынды баяндау болмайды, сөз тіркестері каpапайым, коммуникантқа әсер етуші функциясы динамикалык түрде ашык болады, автокоментатор, сөз кайталау, хезитация жиі пайдаланылады. Бір сөйлемде бірнеше рет қайталанған бір сөз интонациясы, тембрі әртүрлі болатындыктан оны тындаушы әртүрлі семантикалык бірлік ретінде кабылдайды. Мысалға, жазба тіл мен ауызша тілді бірдей менгерген тіл маманының радиодан жазылып алынған мына диалогіне назар аударайык: "Жарнама деген жаңа айтпахшы, өтегүрмөуігөп мәселе боп отұр. - Сонұмембірге мынау тақтайшалар бар, маңдайшалар бар. дукөндердің жанындағы атаулар бар, осындайда да біз мемлекеттік тілдің нормасым бұзұб жатқан жағдайлар өтегөп гездесет. Мен өзім де бірнеше рет осындай гателіктер гездескен гезде сол мекемеге турагіріп барып айтқаңгездерім дe болт. А, мынау, Темирязев кешесінің бойында бір дүкөнге жазып ғойған екен "Шужиктар" деп жазып қойыпты. Ы...ы гөрдүңіз"Фото кужат ба?. ондай да гездесет.— Ос' сияқты тагы деп жазыпқойган жерлер болдү. Соларга mікелей гіріn aйтсам "Сеңгімсің? " дейт. Ия..... (2) Сонда гараңыз? меніңше ойлайм, әрбір газақтың азаматы осындай гателіктерді, шын осы мына мәнінде өзі горin mүрган гателіктер болса барып, меніңше ай-тугерек сияқты.
Tілшінін диалогі өз аудиториясына түсінікті өтті. Мәтін ішіндегі жуйесіздікті интонациялық кор, адресанттың білім аясы,кыстырынды кұрылымдар жымдастырып отырды. Диалогтегі сонымембірге, осындайда біз, өзім де, жазып қойыпты, жазып қойған екен, меніңше ойлайм, осы мына әрбір шын мәнінде өзі, содаңгейін сол, осы тіл, осы гөшеде, осы қазақ тілі, ол егер мысал үшін, сіздерге, сізге, осы мынау, мына, осы, осы кісілер, емін-еркін сиякты т.б. кыстырынды конструкциялар мәтін құрылымымен логикалык, грамматикалық жағынан байланыспаса да, ойдың ауызша тіл аудиториясына акцент жасалып жетуіне көмектесіп тұр. Қыстырынды констукциялар ауызша сөздің барлығында қолданыла береді. Оны бейтарап түрде таспаға түсірілген ауызшатіл мәтіндерінен кездестіруге болады: жанағы, несімен, себебі,оның себебі бар дейтініміз, кәдімгі мына, тастайт та, табат,немене әлгі, коллективке, мен ойлап отырмын, әлгі екі баланы,неменелеріне, бірдецке қылып, сонда ойлаймын, ойлап отырмыз, бір мүгалым, өлді гой деймін жарықтық, әлгі не деуші еді. Олар әңгімені карапайымдандыру үшін синтаксистік тұргыда жүйесіз, көбіне морфологиялык формаларсыз, семантикалык жағынан гана байланысатын сөйленісті түсінікті ету үшн, окиғаға субъективті көзкарасын араластыру үшін колданылады.Ал жазба тілде қыстырынды конструкциялар сөйлемнің бойына сыйдырылып кетеді, болмаса редукцияланады. Хат, қолхат формаларында болмаса, бейресми жазу түрлерінде колданылмайды, немесе сөйлем соңына беріледі.Екінші, ауызша тіл ойлауға карағанда баяу болғанымен, жазба тілге қарағанда тез. Сондыктан ішкі сөйлеу кодына келген ой сол калпында сыртқа шығады. Сырткы тіл ойды өзіне кодтап үлгере алмайтындықтан ауызша тіл синтаксистік кұрылымға қарағанда логикалық құрылымға көбірек бағынады, себебі ауызша тілде коммуниканттың өз еркілігі, өз меншігіндегі сөйлеу мәнері, коммуникативтік актке дайындыксыз кірісіп кетуі бар.Ауызша тілде жаңа сөздер, грамматикалык формалардың жана жұмсалымы көп болады.
Біз жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша тілдің ерекшеліктерін санамаладық. Себебі казак тіл білімі денгейлеріндегі зерттеуге алынған нысандар жазба тіл материалы болып келді. Мысалы, фонетика бірліктері ретінде әріп, тасымал, ілгерінді, кейінді ыкпал сияқты жазуда белгіленген морфонологиялык кұбылыстар (мысалы: ақ-ағар, жарық-жарығы), үндесім заңының бұзылуына кітап, мұғалім сияқты жазу дәстүріне енген кірме сөздер алынды. Сол сияқты қазақ тіліндегі көптік жалғаудың алты түрін (-лар, -лер, -дар, -дер,-тар, -тер) көрсетсек (казіргі окулықтардың бәрінде осылай), жазба тілтұрғысынан ғана сөз етіп отырғанымыз. Ал сөйленістегі -лөр, -дөр, -төр (уйлөр, көлдөр, шөптөр) варианты ескерілмейді. Болмаса септік жалгауларынын -нын, -нің, -дың, -дің, тың,-тiн, -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -еварианты-жазудағы формалар. Осы сиякты барлык грамматикалык формаларды айыруға болады. Бұған сай түбір морфемалардың да ауыхиша варианттары шығатыны белгілі. ауызша сөйлеудің үздіксіздігі іргелес морфемалардың позициялық өзгерісі сөйлеудегі бір денгейдегі айтылымын әртүрлі етеді.
Ал жазба форма дискретті. Тіл денгейлерініи осы скі саласы фонетика мен морфология аркылы, жазуды тіл өмір сүруінің бір формасы деп тануға болады. Осыған орай казіргі көркем әдебиет стилінде классик ақын-жазушылардын сөз саптауына,мәтін кұрауына сәйкес келетін сөйлемдерді кездестіру киын екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын тілдеріндеrі детектив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі.