Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет14/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері.

  2. Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері

Біз жалпы тілді ауызша тіл және жазба тіл оппозициясында топтастырамыз.Оның мынадай себебі бар: 1) қазіргі адам санасында ойдың сыртқы тілге кодталуының екі түрі болады: графема арқылы сөздің графикалық портреті және фонема арқылы сөздің дыбыстық реңкі, 2) адам санасында тіл екі түрлі болып сақталады: ауызша және жазбаша, жазу монополиясының күшеюі тілдік санада екі түрлі ойлау жүйесін қалыптастырып отыр.
Кез келген сөзді естіген сауатты адамның сөздің фонетикалық бейнесімен қатар, графикалық портреті елес береді. Бұл-әдеби стиль түрін меңгермеген кез келген сауаты бар адам санасында болатын код түрі. Б.Куртенэ тек сөйлей ғана білетін адам мен сөйлей де жаза да білетін адамның санасында айырмашылық барын айтқан.Стиль түрлерінің ешқайсысымен машықтанбаған, сауатты адамның санасында, сонымен екі түрлі елес өмір сүреді. Бұның біріншісін-ауызша тілді адам кішкентай кезінен отбасы, үй ішінде,ауыл, аула айналысы қоғамдық орындарда (көлік,дүкен,асхана т.б) меңгеріп, ал теледидар, радио, мәдени орындардағы сөйленістерден бейтарап әдеби сөйлеуді естіп өседі. Ал мектепке барып, сауатын ашқаннан жазба тілді алдымен ауызша тілдің деңгейінде(сөз тірлесін, сөйлем түрлерін құрап) қабылдайды. Жазуды пайдаланып, біреуге білдіретін ойын хат, қолхат арқылы шығарады. Немесе іштегі ойын сөйлем мәтін (шығарма, әңгіме)құрау арқылы білдіреді. 2-сыныптан басталатын жазба тілдің жүйесін меңгерудің осындай сатылары адам санасында, жоғарыда айтылғандай, жазба тілдің елесін қалыптастырады.
7-8 сыныпқа келгенге дейінгі бала белгілі авторлардың көркем шығармаларын оқып, мазмұндап, ойды көркемдеп жеткізетін құралдарды қалай пайдалануды зердесін тоқып, санасына елес түрінде сіңіргеннен кейін енді өзі осы елесті пайдаланып, белгілі бір мотиві бар ойын сыртқы көркемдеп жеткізу дәрежесіне жетеді ( шығарма түрінде). Сондықтан 6-7-8 сыныпта еркін тақырыптағы шығармашылықтың жоғары деңгейі көрінеді. Оқушылар сезіміне әсер еткен кез келген құбылысты көркемдеп, әсірелеп жеткізу төселе бастайды( көркем әдебиет стилі).Жас кезеңінде балалардың көркемдік сезімінен ояту негізгі мақсат саналады. 9-11сынып бағдарламасы шығарманың авторы, кейіпкері, оқиғасының өту дәуіріне талдау жасауға ауысады. Бала енді сезіміне әсер еткен мотивті әсірелеп жеткізуді емес, оның себебін іздеуге шығады. Сөйтіп, шығармасында салқындылық, саналы ой көріне бастайды(публицистикалық стиль). Бала мектепті осы үрдісте аяқтайды да, кейін ЖОО-нда дәріс, семинар, есебінен өз мамандығының терминологиясымен танысып,жеке салаға маманданады(ғылыми стиль).Ал жұмысқа орналасқанда қызмет бабындағы ресми сөйлеу, ресми ісқағаздар стилін меңгереді.
Бұл айтылғандардан, біздіңше, тілді таптастыратын мынадай жүйесін табуға болады: тіл ауызша және жазба тіл арқылы көрінеді.Ауызша тіл ауызекі сөйлеу тілі (отбасы, аула, т.б). бейтарап әдеби тіл(БАҚ тілі, шешендік сөз, дәәріс жиналыс)ресми тіліне (мектеп бағдарламасы,ғылыми конференция, жиналыс сөзі т.б)бөлінеді.Жазба тіл жазба ауызекі тіл (хат,қолхат,интернет тілі) және жазба әдеби тілге (көркем әдебиет, публицистикалық, ғылыми, ресми ісқағаздар стилі) ажырайды.
Сонда кез келген сауаты бар алғашқы үш сатыны меңгереді, санасында айту-есту, жазу-көру елесі тұрақты болады. Тілдің шығуының өзі бір нәрседен әсер алу және оны сыртқа шығару мотивінен пайда болғандықтан, кез келген адам табиғатына көркем әдебиет стилінде өзі жаза алмаса да, сол стильде жазылған мәтінді қабылдап, түсіне алады, яғни оның көркемдеп жеткізу және ойлау елесі толық болады. Публицистикалық стиль туралы да осыны айтамыз.
Ал ғылыми мен ресми ісқағаз стилін кез келген адам түсіне де, пайдалана да алмауы мүмкін. Өйткені ол ұғым, түсінік пайымдау мен (ғылыми стиль), әлеуметтік, қоғамдық, саяси жағдаятпен (ресми ісқағаздары) байланысты.
Сонымен тілді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба әдеби тілге қарай (әсірісе ғылыми, ресми ісқағаздары) қиындай түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады. Ауызша тіл мен жазба тіл арасында бейтарап әдеби тілдің болуы алдыңғысынан соңғысына көшуді жеңілдетеді, яғни ауызша сөйлеу тілі мен әдеби тілді жазу арқылы қағазға түсіріп үйренген адам, бірте-бірте жазу жүйесіне де ене бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет