Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет17/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Eкінші типтегі белгілерге мәтін ішіндегі сөздің тырнақшаға уәжсіз алынуы кіреді. Мысалы, белгілі бір шығарма, т.б. атауыболмаса да, окказионал колданысты уақытша осы мағынада қолданамыз дегенді білдіру үшін сөздің тырнақшаға алынып берілуін ауызша тілге кодтай алмаймыз. Сондай-ак бұл қатарға жакша ішінде берілетін сөз, сөз тіркесі, ұғым, ой жатады. Жакшага алынған сөзді сөйлеуде не редукция жасай кетеді, не баскаша түсіндіреді. Ауызша тілге кодталынбайтын қатарга,сондай-ак, сөйлем ішіндегі нысанға алынған объектінін баскакаріппен берілуі де жатады. Мәтіндегі сызықшаның кейбір функциясы ауызша тіл кұрылымына сәйкеспейді. Мысалы, Ол -адаммен адам арасындағы ізгілікке байланысты деген сөйлемдегі сызықша ол сөзінің сілтеу есімдігі емес екенін білдіріп тұр.Сондай-ак мәтіннің синтаксистік босаралығынан бастап, морфемалык босаралығына дейін ауызша тіл үшін маңызы жок, яғни сездердін бірге/бөлек/дефис арқылы жазылуы тек жазба тіл категориясы. Және сөйлемнің, жалқы есімнің бас әріппен бастап жазылуын да ауызша тілде білдіре алмаймыз. Мәтінде сонымен катар жоғарыда айтылып өткендей, жоғарыдағыны қайталасақ, төменде тағы айтармыз, олар төмендегідей; алдыңғысы соңғысына қарағанда қиындау, біріншісі екіншісінен басқаша деген таза графикалық мәтін кеңістігін мензеп тұратын қыстырынды конструкциялар болады.
Жазба тіл табиғатынан монологтік сипатта болды. Алғашқы суретжазудың өзі адамның ойын, сезімін, эмоциясын, пайымдауын, тұжырымын бөгде біреудің катысынсыз-ақ бейтарап түрде сыртқа шығарудан туды. Ойдың көзге көрінетін денотаттанбаларга айналуы, оны жөндеуге, жазылған сөйлемге қайта оралуға, ойды баскаша жазуға мумкіндік берді. Сөйтіп, адам өз ойын жазу арқылы көркемдеп, жүйелеп, нақтылап, жеткізу тәсілін тапты. Жазу аркылы адам өз ойына өзі билік жүргізе алатын болды. Сондыктан жазу көбіне монологтік сипатта болады. Монологтың бүгінгі таңда түрлері өте көп.Олар ауызша сөйлеу түрінде көрінсе де, негізі мәтін аркылы кұрастырылады. Бірнеше стильдік өңдеуден өтеді, стандарт кұрылымдарға салыналы.Сонда әдеби тілдің негізінде жазба тіл жататын болып шығады. Әрине, барлык жазба тіл әдеби тіл болады, алайда барлык әдеби тіл жазба тіл бола бермейді. Кез келген адамның қолынан монолог кұру, ойын жүйелі, әсерлі етіп баяндау келе бермейді. Өйткені ол жазу аркылы ойын сыртка шығару қабілетінің жоктығына тіреледі. Жазба тіл әлеуметтік жағынан әртүрлі, психологиялық жағынан өзара сәйкеспейтін бөтен тілдік ортаға бағытталады. Сондыктан жазба тіл барынша дәстүрлі сөйлеу нормаларына, бәріне түсінікті әдеби тілге кұрылады.
Біз бүгінгі таң тұрғысынан әдеби тіл деп жазба тілдің негізінде пайда болған, осыған орай жазба тілді де, ауызша тілді де меңгерген адамның санасында болатын жүйелі, ұйымдасқан, стандарт тілдік кұрылымды атаймыз.
Жазба тіл-саналы әрекетке негізделген күрделі психологиялық процесс. Сауат ашудың алғашкы сатысында бала сөздерді буын бөліп үйренеді. Буын аяғындағы дыбыстардың созылмалы немесе шұғыл екеніне қарап, және олардың айтылуы мен естілуін салыстырып, жеке дыбысталуын шығарып салады. Сосын графикалык таңбалардың карапайымынан күрделісіне карай жазып, колын жаттыктырады, кескіндемелерге көзін үйретеді.Ақырында әр дыбыстың таңбасын салып, әріп таниды. Сөйтіп, сөйлеу мүшелерінен шықкан формасы жок дыбыстардын барлығы бір-бір таңба -әріпке ие болып, санадағы дыбыс фонемалар деноттанады. Санамызда әр фонеманың бейнесі, образы орналастырылады, графема пайда болады. Сонымен,бастауыш сыныптағы бала дыбыстын графикалық кескінімен"әуре болып", баска мәселелерге көңіл бөлмейді (мысалы, сөз мағынасы, орфография мәселелері). Жазудың адам жадына программаланып койылуы, былайша айтқанда, жазудың автоматтануы окушылардың жасөспірім шағына келгенде жүзеге асады. Бұл айтылғандар, негізінен, жазудың фонетикалык денгейді таңбалаған графикалық, орфографиялық жүйесіне қатысты. Ал жазудың өзге деңгейлерін (морфология, лексика, синтаксис) менгеруi бірінші деңгейді жетік меңгерген соң(былайша айтқанда, тілі шыққан соң) барып жүреді.
Бізде жазба тіл мен ауызша тілді бір жүйе деп ұғыну бертінгедейін калмағандықтан, әрі тіл тарихын тек жазба деректер негізінде жүргізгендіктен әдеби тілдің морфологиялык көрсеткіштері немесе жазуда белгіленген формалар түбір, аффиксі болып табылады. Одан ауытқыған формалар нормаға қайшы, әдеби тіл нормасына келмейтін болып есептеледі. Белгілі бір форманын басқа грамматикалык мағынаны беріп кетуі де бейнормалық деп танылады.
Ауызша тіл мен жазудың морфологиялық деңгейін бір деп түсініп алуымызға, негізінен, түбірді морфологиялык, қосымшаны фонетикалық принциппен жазған ХX ғ. аяғындағы жазу принципіміз себеп болды. Әйтпегенде орта түркі әдеби тілінде көптіктің бір түрі, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктің т.б. жалғаулардың бір-бір инварианты танбаланып, варианттары ауызша тілдің морфологиялык денгейін көрсетер еді. Ол түркі халыктарының ортақ графикамен тіл табысып, әркайсысы өз тілінде окып алу мүмкіндігін кенейткен еді. Ал түркі халықтарының жеке жазу графикасы жасалғанда морфологиялық формалардың дені таңбаланатын болды да, сөйтіп, жалпы мағынадағы морфемалардың ортақтығы екі тіл туралы ұғымды жоққа шығара бастады.
Жазба тілде мәтінге қайта оралып, жөндеу мүмкіндігі бар. Ол сөз қайталауды ойдың екі түрлі түсінік алып кету қаупін болдырмайды, ойды оның ішкі сөйлеудегі мазмұнындай етіп береді. Жазба тілде логикальқ құрылым ауызша тілден өзгеше синтаксистік кұрылым арқылы жаңа жүйе құрайды.
Жазба тілдегі ой ауызша тілге карағанда соңғы, айқын, накты, шешуші болуы мүмкін. Бұнымен ол ойлауга жакындайды. Сөйлеу ойлауға қарағанда баяуырақ, жазу сөйлеуге қарағанда баяуырак. Бірақ осы кідіріс неғұрлым үлкен болса, оның дұрыстығы да соғұрлым жоғары екен. Мысалы, біз ойымызға келген пікірді кідіртпестен бірден шығара қойсақ, оның қате болу ыктималдығы жоғары. Сол сиякты осы процесті жазуға түсіріп,оны оқып, қайта қабылдап, пайымдап, қорыту арқылы сыртқа шықсақ, ол пікірдің ақиқат, айқын болу мүмкіндігі жоғары. Өйткені жазу процесінде адресат-жазарманның өзі болса адресент- кағазға түскен мәтін болады да, алдымен жазарман мен мәтін арасында коммуникация орнайды. Осы екі "коммуникант" арасындагы түсіністік мәтіннің дүрыс, жазба тіл нормасына сай кұрылуына бастайды. Сонда мына процесс жүзеге асады
(2-сурет):

оқырман

мәтін

Жазарман

Стильдік жазба тіл нормасына


жөндеу салу

2-сурет. Жазарман-окырман қатынасы


Осыған орай, жазу жүйесінің ерекшелігін көрсететін оқу және жазу процесін түсіндірудің маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет