Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Yндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар



бет27/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Yндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар. Қазақ тілінің дыбыстық қоры акцентті-фонологиялык (К.Жұбанов) теория мен сингармонологиялық (А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы) теория негізінде жарыса аныкталғанмен, А.Байтұрсынұлының үндесім заңына табан тіреген төте жазуынан фонемаға (дыбысқа) негізделген латын, одан кейін орыс графикасына көшуіміз тіліміздің басты заңын-үндесім заңын екінші дәрежелі қосалқы құбылыс қатарына тастады. Қазақ тіліндегi екпін құбылысының күмәнділігі проф. Ә.Жүнісбектін бұл құбылысқа басқа қырынан қарауына әкелді.
Профессор Ә.Жүнісбектің үндесім заңын славян, роман, герман тілдеріндегі екпін қызметі мен вьетнам, корей, жапон, қытай тілдеріндегі тон қызметімен денгейлес келетін сөздің дыбыстық негізін куұраушы, бір бутін етуші құбылыс деп статусын анықтағаннан бері қазақ тіліндегі сөз екініне сактықпен каралатын болды. Өйткені екпіннің барлық қызметін сингармо- низм заңы атқарады. Ал тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік фонема емес, сингармема болып табылады.Сөйтіп , фонеманың конститутивті, яғни сөзтанымдық қызметін сингармема атқарады. Сөзді бір бүтін етіп "цементтеп" отырған екпін емес, сингармонизм құбылысы болды. Ол-сөздегі дауыстылар мен дауыссыздардың тең дәрежеде өзара үндесіп, үйлесіп келуі. Сөйтіп, О.Жүнісбек К.Кеменгерұлының сингармонизмді дауыстылар мен дауыссыздар үндесімі деген пікірін қалыпқа келтipiп, ғылыми түрде негіздеді.
Проф. Ә.Жүнісбек еңбектерінде үндесім заңы былай анықталады. ".Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы дауысты дыбыстарды да, дауыссыз дыбыстарды да бірдей қамтитын болғандықтан қай сингармониялық варианттың негізгі екенін aйту қиын". "Сингармонизм дауыстылардың тембрін өзгертпейді, қайта сақтап отырады, сөзде қанша дауысты болса да, ауытку болмайды". "Қазақ сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндеcім типімен де ажыратылады". Сондықтан қазақ тілінде екпін жок, оның қызметін үндесім заңы аткарады, тілде тек ырғактық екпін бар деді зертеуші. Қазақ тіліндегі сингармониялык талдаy тілін буын тіл екенін көрсетті, ал буын төрт түрлі тембрді кұрайды дейді.
Fалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес. буын деп, К.Жұбановтың қазақ тілі буыншыл тіл деген пікірін жаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін кұрайды деді.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бірлік, фонема емес, сингармема, яғни сингармоварианттар болды. Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай буын төрт түрлі бірыңғай жінішке, не бірынғай жуан еріндік, не жуан, не бірыңғай жіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым өзге ғалымдардың енбегінде колдау таба бастады. Бірақ М.Жүсіпұлының қорын анықтаудың үшінші кезеңі сингармофонологиялык бағыт (өкілдері А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұханбедұлы, М.Жүсіпұлы) болды да, олар екпіннің қызметін мүлде жоққа шығармады, тек өз ойымен айтқанда қазақ тілінің дыбыстық оны сингармонизмге карағанда әлсіз сипатта екенін анықтады. Жуан дауыссыздар дыбыстық құрамның негізін кұрайды, өйткені олар жеке тұрып дыбысталады деді. Ал үндесім құбылысын дауысты дыбыс таңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. М.Жусіпов қазақ сөзінің кіші бірлігін сингармодыбыстип деп атады.
Fалымның зерттеуі бойынша, қазақ сөздерінің жуан сингармотембрін 42%, жіңішке тембрін 29%, бейүндес буындарды 5%, бейүндес буынды кірме сөздерді 1,4 %, кірме лексиканы 16,1% кұрайды. А.Байтұрсынұлы казак тілі дыбыстарынын негізгі үндесім заңын тіл үндесімі деп таныды. Fалым зерттеуінде ерін үндестігі қосалқы, жанама құбылыс қатарында. Проф.Ә.Жунісбек сингармонизмді үндесім заңы, ассимиляцияны үйлесім заңы деп атай отырып, қазақ тілі үшін тіл үндестігінде ерін ундестігі де же- текші рөл аткарады деді. Проф. М.Жүсіпов лабиалды ундесімді дербес кұбылыс емес, тек сингармонизм екі аспектісінің біреу, қазақ тілі консонантизм жуйесінің бір сингармотипінде төрттен көп сингармодыбыс болады. Тек күшті позицияда ғана төрт түрлі міндетті деп аныктады. Сингармонизмнің езі сөзайырымдық қызмет атқармайды деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет