Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Жалпы тіл біліміндегі үндесім заңының түсіндірілуі



бет28/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Жалпы тіл біліміндегі үндесім заңының түсіндірілуі .Мысалы, Бодуэн де Куртэне үндесімді сөздегі буындарды құрайтын цемент десе, К.Жубанов, С. Кенесбаев түбір ететін құбылыс деді. 1.Кенесбаев сөз бен сөздің, бір мен екінші сөз тобының шегін бөліп, жігін ажыратып тұрады деді, В.Н.Зиновьев сөзді фонетикалық бірлікте ұстайды десе, В.Гренбек, Х.Петерсен түркі тілдерінде ертеде екпін бас буында болған деседі, Ф.Е.Корш буынға түскен екпіннен дауысты дыбыс гармониясы жасалды дейді. В.А.Виноградов пен А.А.Реформатский тіл сингармонизмге бағынса, онда жалғамалы болғаны, орал-алтай тілдеріндегі екпін сөзді, сөздің парадигмалық тұрғыдағы үндестік заңы болады. Үндіеуропа тілдеріндегі екпін қызметін орал-алтай тілдеріндегі сингармонизм мен екпін бөлісіп тұрады деді. В.В.Радлов сингармонизм қызметін делимитативтік, яғни сөздің мағыналық бүтіндігін фонетикалық жағынан сипаттайды деп көрсетті. Және бұл заңдылықтың шығу төркінін сөз басындағы дауыстының екпініне байланыстырды. Ғалым қазақ тілінде екпіннің де рөлі бар екенін айтты. Н.А. Баскаков сингармонизмді түркі сөзінің бүтіндей ерекшелігі, А.Жүнісбек негізгі акустикалық доминант, түркі сөздерінің негізі деп анықтады. Трубецкой мен Яковлев сейлемдегі сөздердің шекарасын айқындайды деп шешті. Сонымен, сингармонизм парадигмадағы буүтіндікті, екпін синтагмадагы бүтіндікті белгілейді, сөз мағынасын фонема аныкқтайды, ал сөздін сөйлем ішіндегі дербестігі үндесім мен екпін арқылы анықталады. Екпін мен үндесім. Егер қазақ тіліндегі басты суперсег- В.А. Богородицкий, мен қосымшаның бірлігін камтамасыз сөз тобы осы ілімді жалғастырып, бірінші бірлігін синтагмалык тұрғыда белгілей ұ йымдастырушысы просодикалық, aртикуляция- ментті бірлік екпін емес, үндесім заңы болса, онда үндесім заны екпіннің сөзайырымдык кызметін атқара ала ма? Сөздің бірыңғай сингармотембрмен дыбысталуы синтагмадагы өзге бірліктерден айыра алмайтын сияқты. Мысалы: [жасыл жәйлау түкті кілем көк кілем, көк кілемде көпойнаймын көп күлем мандайымнан сыйпап өткен самалды казағымнын алақаны деп- білем] немесe (сенгеше қайдаболдың]. [елордасы астанадан сойлептұрмыз] деген сөздегі жуан немесе жінішкe үндесімдегі қатар келген екі сөздін жігін ажырататын және бейүндес буынды сөздерді жеке фонетикалык сөз ететін үндесім заңы болып тұр ма? [сенгеше] сөзіндегі үндес лексемалардын аражігін ажыратып тұрған әркайсысының өз екпіні. Сонда казак тілі просодикасындағы негізгі сипат проф. Э.Жүнісбек айтқан сөз магынасын танытатын, сөз ж. cайтын, бір бүтін етіп ұстап тұратын катыры болса, олардың сөйленістегі аражігін айкындап туратын екпін болады. Сонда екпін сингармонизмге қосалқы болады. Эксперименттік талдаулар қазақ тіліндегі екі буынды сөздің 1-буынындағы дауысты узақ болатынын, 1-буында дауысты ашык болса, 1-буындагы дауысты қысқа болатынын көрсеткен. Ендеше аяққы буындағы дауыс созылыңқылығы екпінді хабарлайды. Жалпы үндесім заңының дыбыстарды буын тіретін кұрсау кызметін атқаруы, сөзді бір бүтін етіп туратын сипаты туралы қағида Ә.Жүнісбек есімімен білімінде орнықты. Үндесім заңының алфавиттегі әріп cанын азайтуга, жазуда үнемділік заңын күшейтуге көмегі болатынын А.Байтұрсынулы, Ә.Жүнісбек әліпбилері дәлелдеді. Төте жазу қазақ графикасы тарихында бірден-бір фонематикалық жазу болды. "Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі ды- быстарды қаншалыкты дәл, жеткілікті бере алды сингармонизмде болса, ол не сөзге бірік- бүгінде қазаү тіл - сол арқылы анықтайды".
Yндесім заңдылығы қазіргі қазақ жазуында: 1) дауысты дыбыстардың жуан-жіңшке түрлеріне әріп арналумен; 2) <к <к < <г» фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне карай косымшалардың жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде һ, х әріттерінің маркерлігімен (жиhаз [жійћ"а'з], Ахмет [ах"м'ет"]) көрініс тапты. Ал бүкіл қазақ сөзінін 5% құрайтын (М.Жүсіпов) бейүндес буынды сөздердің(олар не кірме сез, не біріккен сез, не кірме жұрнакты сөз болуы мүмкін) дені ашык буын мен бітеу буынның (бітеy буын мен бтеy буыннын) қосындысынан және екінші буында қысаң дауыстылардың болуымен ерекшеленеді: құрмет, құдірет, қабілет, қасірет, қажет, қауесет, қадір, қазір. қаріп, қабір, қауіп, қанден, қадім, қапер, қатер, қорек, лагынет, қастерле, катыгез, комшат т.б. Мында бітеу буын жігінде екі дауыссыз арасына қысаң, сына, жіңішке дауысты дәнекерлегіш, өтпелі буын жасайды. Сөз үндесім заңдылығына кайшы жазылcа да, үндес айтылады. Кұрмет [к'урм'ет"), қабілет (к'эб"л'ет"1 т.с.c. Ал казір, қаріп, қауіn, қадір сөздерінде жіңішке кысаң, eзуліктің таңбалануы дәстүрлі жазу принципінен шыққан. Мүндағы і әрпі-<ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес, сез аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс.
7 дәріс тақырыбы: Көне түркі жазуы:әліпбиі мен графикасы .
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезі, түркі халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргі түркі тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын қазіргі тіл дамуының тұтынушысы бола отырып, аршу. Дүдәмал дыбыстық тілше кодтау, код таңбаларының мәнін көрсету, кодтың (әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты екенін ескерсек, көне түркі жазуына «барған» ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін көреміз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тілі білімінде бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Қайдаров, Ғ. Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерін жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы әріп таңбаларының мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен ішінара дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді. Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік, Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ерекшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариантымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү), дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонеманы (б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады. Осыған байланысты графикасында а-е (э-ә) фонемасын белгілейтін таңба неге сөз ішінде және сөз басында берілмеді, керісінше, <о-ө> фонемасы неліктен сөз басында және ортасында таңбаланды деген сауал төңірегінде ойланып көрелік. а графемасы басқа <ы> ,<о> ,<ө> , инварианттарының таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). Ал сөз соңында жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), кче (кече). Сонда таңбаланған дыбыс ашық езулік (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай топшылаған? Ол, біріншіден, біздің ойымызша, өзге үш дауысты фонеманың ескерткіштерде белгілену маркерлігімен өлшенеді. Өйткені дауыстысынан басқа , <о/ү>, <–> гиперфонемалары инициал позицияда да, І-буында да жүйелі таңбаланып отырса, (ыдқ (ыдуқ), өлглі (өлгелі), үчн (үчүн)), <ұ>,<у> фонемалары барлық позицияда беріледі. Сонда o/y, о/ү, ы/і
графемалары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктері оқылады, ал бұл әріптер болмаған жағдайда <а/e(э)> фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелігіне қарай не [а], не [е], [ә], [э] болып оқылады. Проф. А.Аманжолов көне түркі тілінде а графемасымен
, фонемасы ғана белгіленді десе, Ғ.Айдаров, С.Хасановалар <ә> фонемасы да таңбаланды дейді. Проф. Б.Сағындықұлы көне түркі тілдеріндегі алғашқы дауысты фонема ретінде а-ны атайды). Сонда жиі дыбысталатын фонеманың таңбасын үнемдеу арқылы жазу экономиясы жасалған дейміз. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алдынан түсірілген дауыстыны қателесіп қалпына келтіреміз дейтін қауіптің болмайтын себебі түркі тілінің дыбыстық ерекшелігін, лексикасын білуге байланысты. Айталық, брзун (барзун) – барсын, мңа (маңа) – маған, мн (мен) – мен сөздері “түсірілген” а, е әріптерінен басталмайтынын тілді тұтынушы да, жазуды дыбыстық тілге кодтаушы да білуі тиіс. Енді <ы/і> гиперфонемасының инициал және медиал позицияда таңбаланып, сөз ішінде ескерілмеуі жайлы. Гиперфонеманың сөз басында көрсетілуін жоғарыда < ( ) > e э фонемасының тұрмағанын білдіру үшін берілді дедік. В.Томсен < ы і > таңбасы салынса, болып оқылады, болмаса - ден өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген. Бұған қоса В.В.Радлов та бір буындыларында э (д) – дауыстысы ғана болғанын айтқан. Сонда бір буынды сөздердің ішіндегі дауыстының өзгеруін таңба салып ескертіп отырған. Жалпы, біраз ғалымдар (Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, С.Хасанова) < и ы − і > гиперфонемасының таңбасы болды деп топшыласа, С.Е.Малов, А.М.Щербак, М.Томанов, В.В.Радлов, М.Рясянен, А.Шеберг, И.Н.Кобещавидзе көне түркі жазуы мен тілдерінде , оппозициясы күмәнді, мұндай жіктелісті дәлелдейтін факті жоқ екенін, әсіресе тәуелдік жалғауының сөз үндесіміне қарамай, жіңішке дауыссыз таңбасымен (н’) берілгенін айтады: кғні, қғ’н, қз’н. Тіл үндестігінің бұзылуын ї-ның і-ге өтуімен байланыстырады. < и ы − і > дүдәмалдығының бір себебін түркі тілдері дамуының белгілі бір кезеңінде 1буыннан басқа буындағы дауыстылардың дербес фонологиялық жүйе құрай алмағанынан, сингармониялық паралелельдердің болуынан (алтан-алтуналтын, балта-балто-балту-балты), себебі көп буынды сөздердің екінші буынынан былай қарай дауыстылардың ерекше жүйесі (подсистема) болатынынан, ол жүйеде ашық-қысаңдығымен айрылатын бар-жоғы екі ғана фонема болып, олар аллофондарының көптігі арқылы қолданыс табатынынан іздеу керек. Негізінен әліпбидегі дауыссыздардың жуан-жіңішке таңбаларын шартты деп және осыған сай тіл үндесіміне күмәнмен қарау < і − ы и > фонемасына қатысты шыққан. Бұл жазудың емле ерекшеліктері туралы арнайы мақала жазған Г.Левин Орхон жазуында [s], [j] дыбыстармен [ϊ] іргелестігінде [s2 ], [j2 ] q жіңішке таңбалары жазылғанын айтады: … [j 2 ϊlgϊ], … [s2 ϊрϊt] Енисей, Шығыс Түркістан ескерткіштерінде керісінше [j] мен [ϊ] дыбыс тіркесімі таңбаланған. Сонда әсіресе сөз соңына қарай < і − ы и >- жіңішкеруін қалай түсіндіруге болады? Көне түркі жазуындағы дауыстылардың графемасына (инвариантына) телінген фонемалар өзара (негізінен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у, ө-ү, а-ә, е, э). Ал қазіргі
фонологиядағы а-е(ә), о-ө, ұ-ү, ы-і жұптары жуан-жіңішке оппозициясын құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, қысаң, еріндікке (ө-ү) бір графема, жуан еріндік, қысаңға (о-у) бір графема берілген жүйеде немесе керісінше мына жүйеде – жуан-жіңішке езулік, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулік қысаң (ы-і) – ауытқу бар. Проф. А.Аманжолов дауыстылар жүйесінің сақтала берме-гені жергілікті фонетиканы білдіре ме, әлде емле тұрақсыздығын бере ме деп, дl/il, jati//jiti параллельдерін көрсеткен. Сонда, біздің ойымызша, ы-и (і) сына дауыстысының ашық езуліктен (а-ә, е, э) толық ажырай қоймағанын, кейде онымен жұп құрайтынын көреміз. Оған қазіргі түркі тілдері тұрғысынан алсақ, түбірдегі жуан, жіңішке, ашық езулікке қосымша жалғағанда қысаң езуліктер сәйкесетіні дәлел. М.Томанов ұйғыр тіліндегі ә дыбысы бар сөзге аффикс жалғанғанда ә-е, көпбуынды сөздердің соңғы буы-нында и-ге айналатынын (бәл-белким, кәлимиң), е дауыстысы көне түркілік а дауыстысының көрінісі екенін, а фонемасы ә, е, и-ға сәйкескенін айтады. Енді көне түркі жазуындағы еріндік графемалардың (о-у, өү) таңбалануын және ерін үндестігінің берілуі туралы. Ескерткіштерде < o y > гиперфонемасы бір таңбамен, < Y o > бір таңбамен бірелген. Еріндік дауыстылардың графемасы жуан жіңішкелікпен айрылған. Сонда өд (уақыт), үч (үш), күн сөздерін [ү], [ө] дыбысы арқылы да оқуға болады. Зерттеулерде бұл графема қандай белгіге сүйеніп не болып оқылатыны айтылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады. Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы , фонемасының орнына жұмсалған да сөз басында және І буында ғана жазылған, ал , фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік, күнтүз (күндіз), ілгерү (ілгерү), йағру. Сонда І буындағы , фонемаларының кейінгі буын-ды еріндікке айналдыра алмауының, ал , фонемалары-нан кейінгі буында да , сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады? Жалпы, зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне түркі жазуында кейінгі буын-да -ға сәйкессе, – – ге, -ге сәйкесетінін көрсеткен, яғни еріндік сапасының күштілігі ө→ү→о→ұ қатынасында. В.Томсен: “это буквенная письменность, в кото-рой те или иные знаки для одного звука чередуются в зависимос-ти от того, какой знак за ним следует или стоит впереди” деген. И.Н.Кобешавидзе: “Рунический алфавит замечателен тем, что он в большой мере отражает систему дифференциальных при-знаков фонем, нежели самых фонетических единиц” дей оты-рып, морфонологиялық негізге құрылған деп анықтайды. Сонда -дан басқа еріндіктердің өзінен кейінгі дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын жүйелі түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуы диалектілік ерекшеліктерді де, фонетикалық алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма деген ойға қаламыз. 90-жылдардың ортасында В.Г.Гузев В.Томсеннің екіойлы болғанына қарап, көне түркі жазуын буын жазуы деген шешімге келген. Себебі графика
түркілердің төл жаңалығы болса, олар дауыстылар үндестігін беру керек еді, ал басқа елдің графикасынан алынды десек, -дің жуан-жіңішке варианты (комбинаторлық түрі) таңбаланып тұр дей отырып, дауыссыз таңбасы дауыстыдауыссыз тіркесін береді. Оған себеп к фонемасының [ак], [әк/ек], [ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейді. Және қосар әріптердің ант, алт, арт сөздерін беретінін айтты. Ғалымдар көне түркі жазуы әріп, не буын арқылы оқуға келмейтінін, сөзді тұтас “көре отырып”, мазмұны арқылы түркі үндесіміне салып оқу керектігін айтады. Және көп жағдайда дауыстыларды белгілеу хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық тілге кодтаушы екі жақтың аялық білімі бір деңгейде, ситуация туралы екі жақ та хабардар болуына байланысты болған. Әрі адресат түркі диалектісінің көптігінен дауыстылардың жергілікті ерекшелікке байланысты түрленімін осы тәсілмен шешкен дейміз. Осы орайда академик Ә.Қайдардың мына сөзі еске түседі: “Сол кездегі мемлекет құрамында болған тайпалардың (түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес, соғды, тоғұз-оғұз, оноқ) тілі өзгермей, бір орында тұрмауы, әр кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткіштер тілін жалпы, алып қарасақ, ол әлі бір тұтас болып, қалыптаса қоймаған түркі ұлыстары мен тайпа бірлестіктерінің өзара айырмашылығы бар тіл еді, жергілікті ерекшеліктер сақталған тіл еді, аударған ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді”. Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тілдерінің фонетикалық және фонологиялық белгілерін анықтап алуға мүмкіндік береді. Орхон Енисей, Талас ескерткіштері дауысты таңбаларының графемасында ғана әріп варианты көп болған, ал ы, о, ө графемалары бір таңбалы болып келеді. Бұдан негізгі инвариант дауыстының (а) вариант, вариациялары (э, е, ә, әе, і) басқа дауыстыларға қарағанда артық болғанын графика арқылы да көруге болады деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы әсіресе қ, к фонемаларының жуан-жіңішке, еріндік-езулік реңктерін таңбалаған: [қ], [қ○ ], [к], [к○ ]. Бұндай графика әсіресе Енисей, Талас ескерткіштеріне тән болып келеді. Сонымен, көне түркі жазуы тіл үндестігіне табан тіреген, 156 157 тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген (Крамски, М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімі – осы арқылы шыққан екіншілік заң дейміз. Алғашқы әліпби түзушілер санасында дауыссыз дыбыс қазіргі түсініктен өзгеше, ерін, езу, тіл мүшелеріне сай тембрлік әуен қоса ассоциацияла-нып отырған дыбыс типі болғанын айтқымыз келеді. Тілдің даму барысында жуан-жіңішке, езулікеріндік әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына қабылдана бастайды. Сына да-уысты таңбсы әсіресе дауыссыз бен үнділер арасына салынған. Қыстырынды дауыстылардың бүкіл руникалық жазбаларға тән екенін айтады Э.А.Макаев. Алғашында дауыссыздың тем-бріне ғана үйлескен, фонемалық жүктемесі жоқ дыбыс кейін дифференциацияланған. Оған Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың Орхон жазуында тұрақты бейнеле-нуі дәлел. Дауыстылардың графикалық бейнесі арқылы түркі
тілдеріндегі инвариант дауыстыны да, сына дауысты және одан өрбіген дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға бо-лады. Енді консонанттар жүйесінің графемалары және графика-сы туралы қысқаша тоқталып өтеміз. Жазуда , , , , , , , , , 10 дауыссызы 20-дан астам әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-тен артық әрпі бар дыбыстар , , , , фоне-малары болып табылады. мен -нің жуан еріндік және жіңішке еріндік таңбасы бар, б, д графемалары кейде [t’], [n’] дыбыстарын да таңбалайды. Ал , , , , , дыбыстарының бірмәнді таңбамен берілуін ғалымдар олардың кеш пайда болған туынды дыбыс болуымен байланыстырады. Құрамында осы дыбыстар бар сөздердің жуан-жіңішкелігі айырылуы мүмкін емес, мысалы, мңа деген [маңа], [меңе] болып оқыла алады. Ал кей сөздерде іргелес дыбыс таңбасы арқылы е ( э, э) у ажыратып алуға болады, мысалым а н ,м . Жалпы о бірмәнді деген [м], [ш] дыбыстарының 6-ға дейін әріпвариациясы болған. Дыбыстың төл, туынды, кірме екенін оның сөз шенінде кездесу, жуан-жіңішке дауыстымен тіркесе алу қабілеті арқылы анықтасақ, ч, ш графемаларының да бірмәнді болуы ойландырады. Олай болса, сөз болып отырған дыбыстар неге сингармографемалық жұп құрамаған деген сауалдың басын ашық қалдырамыз. Консононттарға қатысты тағы бір айта кететін нәрсе – , , инварианттарының жіңішке таңбалары үндесім заңдылығынан уәжсіз ауытқитыны. Мысалы, [с’бығ] – сәбығ, [c’мды] – сімады, [улус’] – уліс, [тыс’ы] – атысі, [шс’ ыз] – ашсіз, [йорс’ар] – иорысәр, [сбын’] – сабін, [ғын’] – ағін т.б. Бұл , фонемаларының инварианты тіл алды болып айтылатынынан хабар берсе керек. Қазіргі дыбыстық жүйемізде де , фонемаларының орыс тіліндегі , фонема-сынан айырмасы – өзінен кейінгі дауыстыны жіңішкертетіні. Бүгінгі қазақ тілінде сөз аяғында айтылмайтын [б], [д], [ғ] дыбыстары көне түркі жазуында таңбаланған. Жалпы, көне түркі жазуы , , , , , , , , , , , , , , , , , 18 фонемасының (ч)- дан басқасы қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде бар және бір-бір графемаға сәйкес келеді. [ни] дыбысын беретін жіңішке мұрын жолды әріп қазіргі түркі тілдерінде жоқ. Ал нт, нч, лт дыбыс тіркесін беретін графемалар тілдің көне дәуіріндегі ере-кшелікті, яғни еліктеуіштер соңында жиі кездесетін дыбыс тір-кесін бір таңбамен берген дейміз. Жалпы, вокализмдер жүйесінің таңбалану ерекешелігі жазудың о бастағы мнемоникалық тәсілге иек сүйейтінінен шыққан. Ұғымды таңбалауды жетілдіру редукция арқылы жүреді, ал редукция таңбаның ішкі мазмұны мен сыртқы тұрпатын құрайды. Сонда алғаш суреті салынған үлкен мәтін (сурет жазу) артық ақпараттарды түсіріп, керекті заттың аты мен санын еске сақтау үшін шартты бір таңбаларды қалдырады (идеографиялық жазу), кейін ребустық жазу шығады (логограмма). Жазудың белгілі бір адресантқа ғана бағытталғаны ондағы көмекші сөздер мен сөйлемдердің таңбаланбауына әкеледі. Сөйтіп, жазу бағытталған адресанттың аялық біліміне, оқиғамен хабардарлығына сүйеніп, мнемоникалық тәсілді қолданады. Онда грамматикалық форма-лар ғана редукцияланбай, әріп болмаса да, дыбысты қалпына келтіріп оқитын әдіс қолданылады. Тілді жақсы білетін адресант ондағы фонемаларды “реконструкциялап” дыбыс варианттары-на кодтайды. Жазба тілдің абстракті таңбасы – графема мазмұн межесін инвариант, вариант
немесе ∅ – нөлдік әріп арқылы таңбалай алатынын, ал оны ауызша тілдің абстракті бейнесі фонеманың мазмұн межесі (дыбыс) мен тұрпат межесі (графе158 159 ма) арқылы қалпына келтіреді. Сонда көне түркі жазуындағы ашық, қысаң езуліктердің таңбаланбауын жазу экономиясын жетік білген, таңба теориясын меңгерген, жазу прагматикасын ойлаған халықтың мәдени құндылығы деп танимыз. Болашақта зерттеуді күтетін мынадай проблемалар мен сұрақтар бар екенін көрсете кетеміз. 1. Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінің жеке-жеке графикалық ерекшеліктерін, ондағы графемалардың мәнін және мәтін емлесін айқындау; 2. қ, ғ, к, г графемаларының жуан еріндік, жіңішке еріндік таңбаларының жүйесін іздеу; 3. Орхон ескерткіштеріндегі дауыстылардың Енисей, Шығыс Түркістан жазбаларына қарағанда редукцияланбайтын себебін іздеу; 4. < и ы − і > гиперфонемасы жіңішкеруінің фонологиялық, морфонологиялық негіздерін айқындау; 5. < е( а э)э > гиперфонемасы әріптерінің басқа дауыстыларға қарағанда көптігі себебін анықтау; 6. Көне түркі жазуының қысқа мерзімде оқылуының алғышарттарын анықтау
8 дәріс тақырыбы: Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет