VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған қазақ қолжазбалары
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ басына дейін қолданды. Бұл жазудың қазақ даласына екі түрі пайдаланылды: қадим және жәдид.
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалықараб әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (же), (ге), (че), (пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ңе), (ве), 1-і ауған жазуынан (иа-мәжһул, е) алынды.
Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз 6 дауысты) 28 әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жазылады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3 таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгілеріне қарап топтастырылды: фатхамен <а>. <ә> (е), кесрамен<ы>.<і>. <е>; даммамен<о>. <ө>. <ұ>. <ү>.
Бірақ қадим жүйесінің басты ерекшелігіне дауысты дыбыстардың таңбаланбауы жатады. Мысалы: нече (нче), йане – (йне), мұнда (мнда), қырғыз (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың астына не үстіне қосымша белгі болып қойылады.
Араб графикасындағы <е> фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екі әріппен де беріледі. Сонда <а>. <ә>, <е> фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылады.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзіндік таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында <е> фонемасы міндетті түрде/иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>-лермен бірге /һа/ арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Ао сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктерді позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыстардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді.
Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді.
Араб жазуында мәтін не буын арқылы емес, сөзді тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына келтіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды.
Сөйтіп, дауыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты. Жазу бір буынды сөздердің мағынасын ажыратуда қиындық тудырды. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сияқты түбірлер бірдей жазылды.
Жалпы, араб графикалы жазуда араб жазуының дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда бұл жазу өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден өзгеще, оған параллель жатқан жүйе болды.
Н.Уәли айтқандай, халықтық тілден едәуір айырмашылығы бар кітәби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе болды.
Ал дауыссыздар жүесін белгілейтін әріп таңбалары -20. Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздерді таңбалады: х,ф,ч,: хазірет, хабар, хош
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, фонемасының сөз басында парсылық /пе/- мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бірде /ба/ бірде /пе/-мен берілу жүйесі қатаң. Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады.
Жалпы, араб әліпбиінің түпнұсқасында болмаған <п> дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған дейміз.
Араб әліпбиінде <г> фонемасының да таңбасы болмағандықтан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Сол себепті басқа тілден енген сөздердегі <г>-к әрпімен таңбаланып отырған дейді проф. Б.Әбілқасымов:акроном, дәркер, емке, крек.