Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өткізу формасы: сұрақ-жауап
Бағалау критерийлері:
Қ.Жұбанов ұсынған әліпби туралы
Кірме сөздерді таңбалаудағы Қ.Жұбановтың ұсынысы
Әдебиет: 5,13,20,32,40
№14 семинар сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар(1940-1960жж.)
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1.Емле ережелерінің жобасы неше жыл көпшілік талқылауында болды?
2.Қандай ұсыныстар ерекше деп ойлайсыз?
3.Орыс емлесіне ұқсатып жазайық деген пікірлер қандай себептен шықты деп ойлайсыз?
Бүгінде қазақ жазуы біршама тұрақтанған, қалыптанған, реформаланған дегенде оның ауыр жүгі қазақ тіл білімінің аға буынына батқанын сеземіз.Тұрақты емлесі жоқ жазу айналасы отыз жылдың ішінде 3 дүркін ауыстырылды (1912,1929,1940).Бірінші рет емле ережелеріне реформа жасалды,алғашқы емле ережесі 1940ж. жобаланып, 1957жылы 5маусымда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен бекітілуге дейін бүкіл филолог мамандар мен мектеп мұғалімдерінің, оқытушылардың, қалың көпшіліктің талқысына түсті. Баспасөз беттерінде пікірталастар ұйымдастырылды, жиналыстар шақырылды. Негізгі ережені барынша қалыптастырып, оның практикада сақталуына күш салынды.
Алайда бүгінде, қазақ жазуы түбегейлі латын графикасына бет бұрып отырған кезеңде, соған дайындық кезеңінде, ереженің олқы тұстарын қайта қарап, жетілдірер кезінде өткенге көз жіберіп,емле тарихы "еленбей" кеткен тұстарды екшеу,"қапыда жіберіп алған" жерлерімізді қайта жаңғырту міндетіміз. Себебі профессор Р.Сыздық айтқандай: "Екі көштің екеуі де көп дайындықсыз жедел жүрді.Соңғысына тіпті өрт алғандай кірістік. Егер күні бүгінге дейін емле айналасындағы дауымыз таусылмай келе жатса, екі жазудың екеуінің де ережелері бір емес,екі-үш реттен өңделген болса, сол өңдеулерден қалып қойған тұстарын қазір де,байқап отырсақ, осылардың барлығы кезінде жаңа жазуларға түбегейлі дайындықсыз, ғылыми негіздерге сүйенген қағидаларға көп құлақ аспай кіріскеніміздің салдары, орыстың "авось" - ы сияқты, өзіміздің "көш жүре түзеледі"- ге салатын қазақы қимылымыздың салқыны ".
Сөйтіп, орыс графикасы негізіндегі қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясының жобасы СССР Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалының қазақ тілі секторы С.А.Аманжоловтың басшылығымен жасалды да, ғалым авторлығымен 1940 ж. латын графикасымен емле ережелері жарық көрді. Емле ережесінің талқылауға ұсынылған ресми нұсқасы 1953 ж. газет бетіне жарияланды. 1957 ж. үкіметтің арнайы қаулысымен қабылданғанға дейін аталған жоба қалың жұртшылықтың талқысына түсті. Пікірталастар әсіресе "Қазақстан мұғалімі", "Социалистік құрылыс" мерзімді баспасөздерінде үзбей басылып отырды. Мақалалар мен пікірталастардағы көзқарастарды саралай отырып, ережеден тыс қалуы уәжді мынадай ұсыныстар болғанын көреміз:
Бірінші, кірме сөздер емлесіне қатысты мына пікірлер орыс жазуының ықпалынан шығып отырған дейміз: орыс сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның ішінде әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау: секунда (секунд емес),цитата (цитат емес) т.б.; орыс тілі сөздеріне қазақ тілі қосымшаларын жалғауды ы,і әріптерінің дәнекерлігін орынсыз пайдаланбау:фондқа, шрифтке, банкке; бұрыннан дыбыстық жағынан игеріліп жазылған сөздерді, түпнұсқасына көшіріп жазу: ящик(жәшік емес),батист (бәтес емес),ботинки (бәтеңке емес),русь (орыс емес), суд, область; жіңішкелік белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік жалғауының III жағын қосқанда, ь- белгісін түсірмей жазу: рольі,котрольі; қосар дауыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір әріпті түсірмей жазу: классқа, конгресске; орыс тілінен енген сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан, жіңішке болса,жіңішке қосымша жалғау; һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу үшін х әрпін х арқылы жазу; миуа, қиуа сөздерін миюа,қиюа деп орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау; орыс сөзін русь деп алу (Ә.Ериһмеков); ойөріс,атүсті,атсалысты,аяқкиім,жемшөп т.б. сөздерді бірге жазу (Ә.Ермеков); орыс тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен жазу(А.Ысқақов).
Жеке дыбыс таңбаларынан пікірдің көбі и әрпінің емлесіне қатысты айтылған. 1956ж. Тіл және әдебиет институты әзірлеген орфографияның жаңа жобан талқылауға шақырылған жиналыста М.Балақаевтың қосарлы ый,ій таңбаларының орнына и әріпін жазуды ұсынған пікіріне С.Аманжолов қарсы шығып, "Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы " деп санаған.