Идыбысыки дегенде бір әріппен, қи дегенде екі әріппен(қый) жазылды.Барлық позицияда да и әріпінің қабылдануына сол жылдары оқу - педагогика баспасының редакторы болып қызмет еткен Р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды дейді, газет тілшілері. Сөйтіп, біресе ый(қыйын) , біресе и(иық,ғылми) , енді бірде екі варианты да қатар қолданылып жүрген(қағида//қағыйда) және жіңішке буында и-мен, жуан буында ый-мен берілген и әрпінің емлесі бр ізге түсіріле бастайды. Десек те ,иы ,иі-ге біткен сөздерге көсемшенің й жұрнағы қосылғанда, йый орнына бір ғана и таңбасын жазу: ұйиды, байиды- ұиды, баиды,и-д қосар таңбасымен қалдыру сияқты екі жақты пікірлер болды.
Ы,І әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кездеседі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында таңбаланғанда сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау: жапрақ, топрақ,шаңрақ,қоңрау. Ал ә,ұ,ү әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер тек бірінші буында ғана жазылады дегеннен соң сірә, күнә,бұлбұл сөздерін ескертуге шығармай (Т.Жанұзақов,Т.Сұлтанғалиев,Б.Нұрғазина) , а-түрінде заңдастыру; а-ә, ұ-ы әріптерінің орфограммасы күдікті болса, қосымша жалғап анықтау ұсынылды:Күләшқа, шәйға,жайластыр: Ащы,кеще,тұщы сөздері екі ш-мен беру ұсынған; я,ю әрпін миуа,қиуа,аиуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікірлерде бар (Мұсабекова Ф. Сейәтмұратов Б.).
Сондай-ақ, х келетін сөздердің барлығын сөздіктер мен ережелерде арнайы көрсетуді (құрмет-хұрмет,бұқара-бұхара сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (С. Сарыбаев); және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды ұсынатын, һ әрпін әліппиден шығару жағын қолдайтын пікірлерде болды. Ал қазір, қайтып, қадір сияқты бейүндес сөздерді бірыңғай жуан жазу (Б.Нұрғазина); к-г, қ-ғ, п-б ұяңдау процесін кірме сөздерде де пайдалану: принцип-принцибі, альманах-альманағы, цех-цеғ (Б.Мүжекеев) сияқты пікірлер көңіл аударарлық.