№15-16 практикалық сабақ тақырыбы: Дүниетану сабағында қолданатын әдістер жиынтығын жасау
Сабақтың мақсаты; Әдістер жайлы түсінік қалыптастыру, жаңа әдістерді меңгерту. Жинақтаған материалдарын практикада қолдана білу
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар; Әдіс дегеніміз не?
Әдістерді сабақта қалай қолданамыз?
Әдістер жинағын жасаңыз
Әдістемелік нұсқаулықтар;Сабақ кезінде қолданылатын әдістің не екенін біледі. Әдістің түрлерімен танысады. Сабақ тақырыбына қарай әдістерді қолдана біледі. Өздері сабақта пайдалана білуі үшін оқулықта талдаған бөлім тақырыптарына қарай әдістер жинағын жасайды.
Өткізу формасы; «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша оқытушы өткен семинардан қандай білім алғанын біледі.
Бағалау критерийлері;
90-100
Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.