№17-18 практикалық сабақ тақырыбы: Сабақ жоспарын құрып үйрену
Сабақтың мақсаты; студенттерге күнделікті сабақтарының жоспарларын құрып үйрету
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар; Жаңартылған білім мазмұны жайлы не білесіз?
Сабақ жоспары дегеніміз не?
Сабақтың құрылымы
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру
Әдістемелік нұсқаулықтар;Студенттер жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспарын құрып үйренеді. Сабақтың құрылымын ретін білетін болады. Бағдарламаға сәйкем бөлімшелердің тақырыптарын ескере отырып сабақ жоспарын құрады.
Өткізу формасы; «Фишбоун» әдісі (постерде) (Жапондық профессор Исикава бойынша) Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
Бағалау критерийлері;
90-100
Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.